Бар әлемге белгілі Пиза мұнарасы елдің орталығында орналасқан Пиза шағын қаласындағы Санта-Мария Ассунта соборының бір бөлігі. Осы бір әсем ғимараттар ансамблінің құрылысы 1063 жылы басталған. Собор өзінің қайталанбайтындығымен және сәулетімен ерекшеленеді. Оған қоңыраухана ретінде салынған Пиза мұнарасымен қатар кішкентай шіркеулер, шоқыну орны (баптистерия) және кешеннің негізгі құрылымы кіреді.
Пиза мұнарасының тарихы собордың өзін тұрғызғаннан кейін жүз он жыл өткен соң бастауын алды, себебі оның құрылысы 1173 жылы ғана басталған еді. Мұнараның биіктігі 55 метрге жетеді, ал түбіндегі ені 15,5 метрге созылған. Формасы бойынша ғимарат цилиндрге келеді және сегіз қабаты бар. Құрылымның орталық қабаттары византиялық сәулет стилінде салынған, алайда безендіруде араб белгілері де бар. Қорытындысында собордың құылымы қайталанбас атауға ие болды – роман-пизан стилі.
Барлық қабаттың беткі бөліктері колонналарға сүйелген аркалар тәрізді салынған. Мұнараның ішкі галереясы да бір-бірінің үстіне салынған аркаларға сүйеніп, көптеген фронтон құрайды.
Пиза мұнарасын Боннано Пизано жобалаған, дегенмен, оның құрылысы екі жүз жылға созылғандықтан, ол өзі ойлаған ғимаратты көре алмай кетті. Мұнараға заманауи көрініс сыйлаған диаметрі сәл кіші қоңырау ілетін күмбезді мұнара болды. Егер анықтап қарап көрсек, жоғарғы жағындағы қоңырау ілетін күмбездің мұнараның жалпы көлбеу бұрышынан өзгеше екенін байқауға болады. Осылайша, құрылысшылар мұнараның құлап кетуінің алдын алған.
Ресми нұсқа мәліметіне сенсек, мұнараның қисаюы жобалау қателігінен болған. Іргетасы өте кіші болған, оның топырағының жұмсақ болуынан құрылымның оң жағы отырып қалған. Мұның қате екені анықталып, мұнара қисая бастағанда, оның құрылысы жүз жылға тоқтатылады. Дегенмен осы уақыт өткеннен кейін құрылыс қайта басталады.
Ғимараттың құлап кетпеуіне тұрақты бақылау қойылады, алайда тек ХХ ғасырдың басында оның көлбеу бұрышының 1 миллиметрге артатыны анықталған. Салынғалы бері Пиза мұнарасы бастапқы бұрышынан бес метрге дейін қисайған! Оны қайта қалпына келтіру немесе ең болмағанда оның «құлауының» жылдамдығын азайту турасындағы әрекеттер ғасырлар бойы жалғасып келеді. Бұл мақсатта түрлі әдістер қолданылды: іргетасы берік бола түсті, солтүстік жағына тең салмақ қойылды, алайда айтарлықтай нәтижеге қол жеткізу қиын болды. Тек ХХ ғасырдың соңы мен ХХІ ғасырдың басында ғалымдар мен құрылысшыар ғимараттың қозғалысын тұрақты етіп, тіпті тіктендіре алды.
Қазіргі уақытта адамдар Пиза мұнарасына толқып қарайды, ал оған қарсы жүре бергенде қорқынышы үдемей тұра алмайды. Бұл мұнараға шығып алғысы келетін батыл жүректілер де табылады. Бірақ өмір бойына естелік алғысы келсе мұндай көзсіз батырлыққа әркім де баратындай.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі