Елордалық оқушылар «Зерде» республикалық конкурсында бірінші орын алды

Басты бет / Білім, ғылым, мәдениет / Елордалық оқушылар «Зерде» республикалық конкурсында бірінші орын алды

«Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығында 1-7 сынып оқушыларының арасында ХІ «Зерде» республикалық конкурсы өтті, деп хабарлайды елорданың ресми сайты.

Елордалық 40 оқушы 8 секция бойынша өз жобаларын қорғады. Балалар тағы да жалпы командалық есепте бірінші орын алып «Үздік команда» атанды.

Конкурс нәтижесінде, 19 астаналық оқушы алтын, 13-і күміс, жетеуі қола алды.

Конкурс қазақ тілі және әдебиеті, орыс тілі және әдебиеті, математика-информатика, физика-техника, медицина, психология, тарих, өлкетану, этномәдениеттану; биология, химия; валеология, экология пәндерінен өтті.

Айта кетейік, «Астана дарыны» өңірлік ғылыми-практикалық орталығы оқушылардың интеллектуалдық-шығармашылық әлеуетін және зерттеу қызметін дамыту, әлемді, ғылымды тануға деген қызығушылығын ояту мақсатында түрлі интеллектуалдық және ғылыми конкурстарды тұрақты түрде өткізеді.


Ұқсас тақырыптар

Астана білім зерде

WhatsApp Telegram

Пікір қалдырыңыз

Пікірлер (0)