Қазақстанда оқушылар қосымша 29 күн демалыс алады - ҚР БҒМ

Басты бет / Білім, ғылым, мәдениет / Қазақстанда оқушылар қосымша 29 күн демалыс алады - ҚР БҒМ

Қазақстанда оқушылар қосымша 29 күн демалыс алады - ҚР БҒМ — Білім, ғылым, мәдениет тақырыбындағы материал. Мұнда тақырыпқа қатысты негізгі мазмұн, түсіндірмелер және пайдалы деректер берілген.

Бүгін Алматыда өткен «Ғылым мен бизнес» ғылыми форумында ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев 5 күндік оқыту жүйесі туралы түсіндіріп өтті.

Оның айтуынша, жаңа оқу бағдарламасындағы 5 күндік оқу оқыту жүйесі оқушыларға қосымша 1,5 ай демалыс береді.

«Біз балаларға қосымша 34 күн демалыс береміз. Бұл барлық сенбілерді қоса алғанда. Енді оқу мерзімін 1 маусымға дейін созып жатырмыз. Яғни, 5 күнді алғанда барлығы 29 күн (жазғы демалыстан бөлек) ата-аналар мен балалар демалады», - деді Е.Сағадиев.

Жаңа бағдарлама бойынша әр пән қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде өтеді. Бағдарлама Назарбаев зияткерлік мектебінде  апробациядан өтті.

Биыл  бірінші кластар, 2017 жылы 2,5,7 кластар көшеді. Барлығы жаңа оқыту жүйесі 350 мың оқытушы мен 3 млн баланы қамтиды.

«Біз заманауи бағарламаның игілігін көруге міндеттіміз. Биылдың өзінде 75 мың оқытушы жаңа бағдарламамен оқытылады», - деді министр.



WhatsApp Telegram

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас материалдар

Осы тақырыпқа қатысты басқа материалдар

Білім, ғылым, мәдениет бойынша басқа мақалалар Алматы бойынша мақалалар Білім бойынша мақалалар ҚР Білім және ғылым министрлігі бойынша мақалалар