Өлең, жыр, ақындар

Сәбилерді сақтайық

СӘБИЛЕР ӨМІРІН САҚТАЙЫҚ!

Ұқсайды бар тыныштық жер бетінде,
Ұйқыдағы сәбидің келбетіне.

деп жырлаған –  Мұқағали  Мақатаев атамыз.

 

Сәбидің тыныш ұйқысын,әлемнің  тыныштығына  теңеген.Еліміз тыныш,жеріміз аман  болған күнде,сәбилеріміз ұйқысы тыныш болмақ.

Дегенмен де, тыныш елде өмір сүріп,сәбилеріміз өмірі сақталмай жатқаны өкінішті-ақ.

Сәбилеріне бір күн тыныш ұйқы сыйламай,өз  қолымен  өмірлерін қиып жатқан аналарымыздың  бары  көңіл құлазытады. Бір  сәт ғана ойға батып, «не үшін? » деген сұрақ мазалайды.

Амалсыздық ,  мүмкін  жауыздық -  сәби  өмірін қиюға себеп болған.

Кез келген ел өзінің келешегін өскелең ұрпағымен байланыстырады. Жас  ұрпақ жасамасыншы, жазаламасыншы,өз қателіктері үшін-қимасыншы,сақтасыншы сәбилерді күнәсіз. Сақтайықшы  халайық,  сәбилерді  сақтайық!


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз