Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы
М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжінің
Педагогика және психология пәндерінің оқытушысы
Кабимолдина Айгуль Кайрбековна
«Ғылымда ілгері ұмтылғанмен, адамгершілігі ақсап жатса, ондай адамның алға басуынан гөрі, кері кетуі тезірек», - деп грек елінің ұлы ғалым Аристотель айтқандай жасөспірімдерге білімді меңгерту ғана емес, оның рухани-адамгершілігін дамытып, ішкі жан-дүниесіне әсер арқылы жас ұрпақтың өзін-өзі дамуына көрсетуде мұғалімге қойылатын талаптың маңыздылығын анық байқауға болады.
Қазіргі білім берудің маңызды міндеттері келешек ұрпақтың білімді меңгере отырып, рухани-адамгершілік құндылықтарын танып-біліп, ішкі жан-дүниесіне әсер ету арқылы жастардың өзін-өзі дамытуына жол көрсету.
Өмірдің мағынасы – ол адамның санасындағы ең маңызды құндылық. Өзгелермен қарым-қатынас барысында қайталанбас тұлға ретінде қалыптасу, басқалармен дұрыс қарым-қатынас жасай білу – баға жетпес байлық. Осы байлыққа ие болған адам қоғамда өз орнын тауып, үйлесімді өмір сүре алады. Ең маңыздысы - адам өмірі, жан дүниесі, денсаулығы, ортасы, мақсаты мен мүмкіндіктері сияқты өмір құндылықтарын зерделейді.
Қоғамның рухани және әлеуметтік дамуына үлес қосатын, жоғары адамдық құндылықтарға бағдарланған, шынайы мамандықты таңдай білетін және интеллектуалды тұлғаны тәрбиелеу – студент жастардың мамандыққа дайындық маңызы болмақ.
Рухани-адамгершілік құндылықтарды бірыңғай үрдісте дамыту - болашақ маман, бүгінгі студент сауатты, толыққанды білімге құштар, бәсекеге қабілетті тұлға болып қалыптасуына бар мүмкіндікті жасау мақсатын көздейді.
Еліміздегі қазіргі жастардың ұстанымына байланысты келешектегі идеясы өзекті қағидалары – рухани-адамгершілік құндылықтар қажеттілігі мен қатар өмірге және еңбекке деген қабілеттімен жан-жақтылыққа және жеке тұлғаның көшбасшылық қасиеттерін қалыптастыруға қажеттілігінен туындайтын жалпы азаматтық құндылықтарды болмақ. Жастардың қоғамға деген қызығушылығының үйлесімділігі тәрбие үрдісінің бірізділігі мен біртұтас сабақтастығын болжайтын кәсібиліктің және әлеуметтіліктің бірлігі. Алайда студенттердің мүмкіндіктері мен жеке басының ерекшеліктерін ескеру отырып, тәрбиені әлеуметтік қоғам өмірімен байланыстырудың ұтымды түрлері мен әдістерін тандау қажет.
Әлеуметтілік кемелденуде студенттердің кәсіби өсу жолымен қатар үнемі өзін-өзі жетілдіруге ұмтылуды қарастыратын даму аспектілерін табуға негізделген. Қазіргі кәсіби маман өзін-өзі тәрбиелеп, оқыған кәсіби тәжірибесін бағалап жүзеге асыра білу керек. Кәсібилікті жеке тұлғаның қажеттіліктерімен байланыстыра отырып, ол арнайы жасалатын жағдайларда жүзеге асады. Таңдап алынған мамандыққа қызығушылық, онымен айналысу, оған берілу, бір бағытта жұмыс істейтін адамдармен қоғамдық пайдалы жұмыс, барлық істе көшбасшы болу осының барлығы студенттің әлеуметтену кезеңі. Студенттің кәсіби деңгейін арнайы ұйымдастырылған шығармашылық жұмыстың үстінде талқылаған дұрыс. Кәсіби құндылықтарға негізделетін тәрбие үрдісіі кәсіби бағытпен ынтымақтастық, ұжымдық, қызығушылық, әлеуметтік маңызды жұмыстармен, қарым-қатынастармен біріктірілген ерекше, әр түрлі жастағы қоғам қалыптасады. Мұндай қоғамды қалыптастыру білім беруді ерекше мәнді етіп қана қоймай, сонымен қатар қоғамның көркеюіне ықпал етеді.
Әрбір студент жастың тәрбиесі - өмірдің бөлінбес бір бөлшегі. Өкінішке орай кейбір студент жастар өз денсаулықтарына тым биік баға беруден, өзін кейбір жастардан ерекше бағалаудан көптеген ұстанымдарды қажетсінбейді.
Сондықтан олар өз өмірлерінің одан да жақсы қызықты, дендерінің сау болуы үшін, біріншіден, жеке басына байланысты тәртіп, екіншіден, ұсынылатын бағдарламалар осы мақсаттарға жетіп қана қоймай, олардың денсаулықтарын нығайтуға көмектесетіндей салауатты әдетті қалыптастыру бойынша жұмыстар ұйымдастыру қажет. Осы жетістіктерге тәрбие жүйесі шеңберінде өз қызмет аясына кез-келген студентті қатыстыруға қабілетті спорт клубтарын ұйымдастырған жағдайда дені саудың – жаны сау дәрежесіне жетеміз.
Болашақтың негізгі кілті – қоғамның барлық салауатты күшінің нығаюына сүйенетін мақсатты бағытталған, тиімді тәрбиелеу жүйесі. Бұл мақсатқа оқытушы мен студент арасында бірігіп жұмыс істеуге, түсінушілік пен қарама-қайшылық болмаған жағдайда жетуге болады. Гуманистік парадигмада «білім алуға зорлама, білімді ашу мен қолдана білуге үйрет. Балаларды бір-бірімен салыстырма, олардың әрқайсысы әртүрлі жақсы» делінген. Мұнда бірінші орында – студенттердің жоғары белсенділік танытуы, өзін-өзі басқаруы. Жастардың студенттік өзін-өзі басқаруға қатысуы олардың бойында дербес, белсенді, жауапкершілік, бастамашыл сынды қасиеттерді қалыптастыруға көмектеседі. Студент үшін өзін-өзі басқару – ол бос уақытын тиімді және үнемді пайдалану, кәсіби өсу жолын арттыру әдісі, құқығын және мүддесін қорғаудағы, студенттердің ғылыми және басқа да бастамаларын қолдау мен дамытудағы көмек. Студенттердің өзін-өзі басқаруын дамыту үнемі әлеуметтік жауапты аймақты кеңейтуді, студенттер өмірінде кездесетін мәселелерді шешуге қатысады.
Қазақстан халқына елбасының 2011 жылғы жолдауындағы Тәуелсіздік жылдарында Қазақстан жолының – Бостандық, Бірлік, Тұрақтылық, Өркендеу секілді арқаулық құндылықтары қалыптастырылды. Сапалы білім беру Қазақстан индустрияландырылуының және инновациялық дамуының негізіне айналуы тиіс», деп басты міндет білім беру саласының міндеттерін негіздеді. «Ырыс ынтымаққа жолығады, Дәулет бірлікпен толығады», - деген мақалды ұран ете отырып, өркендеген елдің жарқын өмірдің кепілі ынтымақтық пен бірліктегі үлесінің дамуын көздейді.
Қазіргі уақыттағы студент жастардың рухани-адамгершілік құндылығының тапшылығы, жалпы адамдық құндылықтарды білім жүйесі арқылы оқытуға бағытталған бағдарлама құруға негізгі себепкер болып отыр.Қоғамдағы рухани-адамгершілік білім беру арқылы әр адам өзіне туа біткен мүмкіншіліктерін толық жүзеге асыра алады.
Рухани-адамгершілік құндылықтар - өзін тану мен тұлғалық, интеллектуалдық ерекшеліктері және қасиеттері, басқа адамдармен қарым-қатынас, өз бойынан белгілі бір қасиеттері қабылдау үрдісі. Барлық қажеттіліктер бір-бірімен тығыз байланысты және бір-бірін толықтырып отырады. Мұндай қажеттіліктің қанағаттандырылуы өзіндік дамуымен байланысты. Өзіңді білу үшін және өзін-өзі тану қажеттілікті күшейту үшін, көбірек қарым-қатынас жасау керек, ал қарым-қатынасқа түсу үшін өзіңді жақсы білу қажет, ал бұл жетістіктегі қажеттіліктердің қанағаттануымен жүзеге асады. Өзін-өзі тану өзіндік сана құрылым компонент ретінде әрекет етеді. Өзін-өзі тану аймағына сана, адамның сыртқы және ішкі дүниесіндегі әрекет, тұлғаның позитивті сәйкестілігінің қалыптасуы, оның өзін-өзі тануына қолайлы жағдайлар тудырып, өзін-өзі жетілдіру мен өзін-өзі жүзеге асыруына ықпал етеді.
Өзін-өзі жүзеге асыру категориялары адамды тереңнен танып білудің бағытын, мәңгіліктің жолын көрсетеді. Болашақтағы мүмкіндігі қазіргі кездегі қабілет пен өткен күндегі тәжірибемен қалыптаспақ. Жаңаның қалыптасуы кәсіби қызметтің дамуын, жаңа өскіндердің ашылуын, олардың өзінің өмірлік қызметтерінің болашақтағы бағыттарын бірыңғай үрдіске дайындығын талап етеді. Өзін-өзі жүзеге асыру мен инновациялық қызмет арасындағы байланыс өзін-өзі жүзеге асырудың мәнін береді. Инновациялық қызмет шынайылықтың мүмкіндігі ретінде өткен мен болашақтың мәнін аша отырып өзін-өзі жүзеге асырады. Осыдан келіп, «бүгіннің» «ертеңмен» арасындағы байланыс, «кешегіні» меңгеру арқылы жүзеге асқан уақытта өзін-өзі жүзеге асыру генетикалық тұрғыдан мақсат пен тұлғалық тәжірибенің бірлігі бола алады деп тұжырымдай аламыз.
Адамның мәндік күші: әлемді танып білуде, өзін өзгерте білуінде. Олай болатын болса, адамның адамдық белгілері, мән, болмыс, тұлға, білім - әркімнің көзі, сөзі жете бермейтін, тек өзіне қатысты ішкі құндылықтары. Адамның тұлға ретінде дамуы адамның тұлғалық тәжірибесінің, өзіндік дамуының, өзін-өзі жүзеге асыруының өнімі.
Студент жастардың кемелденуінде өз мүмкіндіктерін өмір талабына сәйкес бағдарлай білуі және өз мақсатын нақтылап, ойын бір тұрақты түйінге байланыстыра алу қабілеттілігі белсенділікпен белгілі бір мәнді көрсеткішке жеткізетіні сөзсіз. Оның ішінде өзін-өзі бағалау тұлғаның өзіне деген сенімін арттырып, рухани күш алады, өзінің айналасын қоршаған адамдармен қарым-қатынасын, өзіне сыни көзбен қарауын, талап қоя білуін, сәтсіздік пен жетістікке қалай қарайтындығына мүмкіндік береді. Сондай-ақ, тұлғаның өзінің іс-әрекетінің тиімділігіне және оның жеке тұлға ретінде дамуына әсер етеді. Студент жастардың өмірлік қуатының мәнін, мақсатын жүзеге асыратын, тәндік, жандық, рухани күш-қуатын сандық және сапалық өзгеріске түсіретін ішкі нысандық үрдіс ретінде тұлға белсенділігін арттыруда өзін-өзі жетілдіру қызметі де өз үлесін байқатады. Бұл үрдіс оқу-тәрбие жұмысын зерттеуде ерекше мәнге ие екендігін дәлелдей отырып психологиялық-педагогикалық мәселелердің бірі бола алады.
Студент жастардың өмірлік ұстанымдарды дамытуды алатын болсақ, оның өмірлік ұстанымының шындығын және дұрыстығын айқындау қоғам прогресінің дамуына сай келуімен өлшенеді. Студент жастардың тұлғалық дамуын анықтаудың ең басты белгісі оның өмір сүріп отырған қоғамдық тарихи-мәдени үрдістегі орнын белгілеу болып табылады. Оның тұлға ретінде қалыптасуы, ең алдымен, өмірмен өз орнын саналы түрде таба біліп, адаспауына байланысты. Студент жастардың өмірлік көзқарасын қалыптастырушы: жеке тұлға, отбасы, қоғам, саясат, идеология және т.б. оның өмір мен қызметі, болашақ мамандығына деген өмірлік ұстанымына әсер етеді. Студент жастардың өмірлік ұстанымдық әрекеті белсенді және баяу тұлғадаболады. Белсенді тұлға айналасындағы шындықты өзгертуге үнемі ұмтылады. Ал баяу тұлға қалыптасқан тәртіппен салтты және норманы сақтаумен шектеледі.
Қазіргі заманның өзгермелі жағдайларында кәсіби әрекетін табысты жүргізетін дербес тұлғаны қалыптастыруды қамтамасыз етуді міндет еткен «өзін-өзі тану» пәні өзіндік ерекшеліктерін ескере отырып, оқу үдерісін ұйымдастырудың инновациялық әдіс, тәсілдерімен биылғы оқу жылында енгізілген колледж студенттеріне өз ықпалын тигізуде. Студент жастардың өзін-өзі тану мен өмір бойы өздігінен білімін жетілдірудің қажеттілігін түсінуге, сезінуге көмектесу; өзінің кемелдену үрдісінен қанағаттанғандық сезіну; мәңгілік адами ақиқатты танып-білуге; өмірдегі өз орнын айқындауға ұмтылуы болды. Студент жастардың өзара қарым-қатынастың қуанышын түсініп, достықты, отбасын құрметтеп, студенттік немесе кәсіби ұжымда өзара түсіністікті, татулық пен келісімді бағалай білуге үйренеді. Жалпы адамзаттық құндылқтар туралы түсінігін тереңдете отырып адамгершілік нормаларын сақтау жауапкершілігінің тереңдігін сезінді. Студент жастардың қоршаған орта мен жалпы әлемге жол ашып, адамның әсемдікке, сұлулыққа қажеттілігін тәрбиелеп үйлестікте өмірдің шынай толық мәні мен шығармашылық қуанышын сезініп, түсінісуге көмектесті.
2010-2011 оқу жылының қыркүйек айынан бастап, Семей көп салалы колледжінің табалдырығын аттаған І-ІІ курс студенттерінде «өзін-өзі тану» пәні жүргізілді. Білім беру үрдісін жетілдіру арқылы оқушылардың кәсіби құзырлығын қалыптастыру мақсатында колледжімізде әр салада қызмет атқара алатын кәсіптік білім берілуде. «Өзін-өзі тану» пәні колледжде «Дене шынықтыру», «Бастауыш сынып мұғалімі», «Негізгі орта білім», «Іс-қағазын жүргізу және мұрағаттану» мамандықтарымен қатар, 9-сынып неізінен келген оқушыларға оң әсерін көрсетті. Колледжіміздің І-курс студенті Алпысбаев Еркебұлан «өзін-өзі тану» пәні жайлы былай дейді: «...бойыңа қуат, ойыңа жылу беретін өзін-өзі танудан басталады.Содан кейін өзгені тани аласың. Алла барлық адамға бірдей бақ берген, бірақ оны аялау әр адамның өз қолында. Халқымыздың нақыл сөздері, мақал-мәтелдері, шешендік сөздерінің рухани құндылықтары мол. Өзіңе-өзің панасың, өзіңді өзің ғана қолдана аласың. Өзіңнің бақытты болуың, болмауың өзіңе-өзің сенгендіктен болады. Әр адамның мінезі, ішкі жан дүниесі өзгеше оны түзетуге тура барлық адамды бірдей етіп, бір нәрсені бірдей ойлайтындай етіп ешкім жасай алмайды. Ал, «өзін-өзі тану» пәнін оқыса бәріне бірдей айтқанымен, әр қайсысының санасына әрқилы ой салады. Жалғанда бір қуанып өтейінші дейтін адамдарда жеткілікті. Бәрін алып қарасақта мұны және де адамдардың дұрыс бағыттарын, өмірдің тайғақ та, тасырқау жолдарын түзетер бірақ нәрсе бар. Ол – жүзіңе нұр, жаныңа жылулық силайтын – имандылық. Имандылықтың адал жолында рухани-адамгершілік құндылықтарымызды жоғалтпасақ екен дер едім... Сәттілік.», - деп қазіргі жастарға рухани байлықты тілейді.
«Кісінің имандылығы кісі силауынан көрінеді. Адамның ақыл парасаты, мәдениеті мен тектілігі мінез-құлқынан байқалмақ», деп Мұхаммед Пайғамбар айтқандай адамгершілік негізі – мінез-құлық нормалары мен ережелерінен тұрады. Студент жастарға білім береміз, сұраймыз, дамытамыз, орындатамыз, ойлантамыз, нәтижесінде – адамгершілік – адам бойындағы кісілік, ізгілік имандылық ұғымдармен мәндес гуманистік құндылық екенін түсіндіреміз.
Балалар жас күнінде тым елгезек,
Әрнемеге жүгіріп қағар дедек.
Ол кезінде жан күшті, дене нашар,
Осыдан-ақ сөзімізді ұқсаң керек.
Көңіл әзір денені қуандырмақ,
Өзі де қызық қуып жүре тұрмақ.
Жан жұмысы жай ғой деп елемейді,
Кезі келген уақытта мойын бұрмақ.
Сөйте-сөйте денеге әбден тартып,
Мақтан күйлеп кетеді одан да артық.
Жан керегін ойлауға жалқауланып,
Ала алмайды өз бойын қайта тартып.
Мақтан үшін жан қалса ескерусіз,
Дұрыс-ақ қой дейсіз бе осынымыз?
Іздегенін таба алмай кетсе зарлап,
Жанның орны не болды байқадыңыз., - деп Шәкәрім атамыз айтқандай, рух бізді жас күнімізде билеп, ержеткенде билікті нәпсіге бермей, адами рухани құндылықтарымызды жоғалтпайық.
Пайдаланған әдебиеттер:
1. Қ.Р. президенті Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы. /Егеменді Қазақстан №29-30. 29.01.2011ж.
2. Нигметжанова Г.М. Тұлғаның өзін-өзі тану мәселесінің психологиялық ерекшелігі. /Вестник КАСУ №4-2005ж.
3. С. Аманжолов атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік университеті тәрбие жұмысының концепциясы.
4. Әбдіғапбарова Ұ.М., Нұркеева С.С. / «Өзін-өзі тану» колледж оқушыларына арналған оқулық. 2010ж.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
гаухар
қоғамдық ортадағы мәдениет пен тәртіп тауып берініздерші