Мектепте смартфонға тыйым салу мәселесін ата-аналармен бірге талқылау керек. Бұл туралы бүгін Орталық коммуникациялар қызметіндегі баспасөз қызметінде Білім және ғылым вице-министрі Эльмира Суханбердиева мәлім етті.
«Смартфон мәселесінде әр мектеп мен ұйым өзіндік жеке шешім қабылдайды. Осы бағытта ата-аналармен бірлесіп талқылау жүргізу керек. Негізінде көп ата-аналар балаларының мектепке немесе үйге қалай жеткенін байқап отырғысы келеді. Соңғы буынды технологиялар бойынша тиісті хабарлама тарату да кейбір мектептерде жасақталмаған. Сондықтан бүгінде смартфонға тыйым саламыз деп айта алмаймыз», - деді ол.
Айта кетейік, осыған дейін смартфондар балалардың оқу үлгеріміне теріс әсер етуі мүмкін деген пікірлер айтылған болатын.
Бұдан бұрын хабарланғандай, ҚР Білім және ғылым министрлігінің Балалардың құқықтарын қорғау комитеті төрағасының орынбасары Мәншүк Әбдікәрім мектептерде смартфондарға тыйым салу тақырыбы ата-аналар жиналыстарында талқыланатынын атап өтті.
«Менің ойымша, Бас прокуратураның ұсынысы зерттелетін болады. Бүгінде біз үшін ең басты рөл қоғамдастықтың құзырында, сондықтан аталған мәселелер мектептерде ата-аналар жиналыстарында талқыланып, тиісті ұсыныстар зерделенеді. Бірыңғай пікір нәтижесінде нақты шаралар қабылданады», - деді ол.
М. Әбдікәрімнің пайымынша, сабақ барысында смартфондарды пайдалану дұрыс емес. «Алайда, бүгін пайдалану дұрыс емес деп айтқаннан кейін, ертеңнен бастап тыйым салынады дегенді білдірмейді. Бұл тақырып міндетті түрде оқушылар мен ата-аналардың, мектептің педагогикалық ұжымы арасында талқыға салынуы қажет», - деді ол.
Естеріңізге сала кетейік, мектептерде смартфондарға тыйым салу мәселесін өңірлердегі бірнеше прокурорлар, сондай-ақ Шымкент қаласының әкімі көтерген болатын. Осы ретте мектептерде смартфондар білім беру үдерісіне кері әсер етіп отырғандығы, сонымен қатар смартфондар арқылы интернет-кеңістікке қадағалаусыз қолжетімдік балалардың рухани дамуына теріс ықпал тигізіп жатқандығы айтылуда.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі