ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Дариға Назарбаева орта білім беру мекемелерінде ішінара тексеру мен мемлекеттік аттестация өткізу мерзімін 2016/2017 оқу жылынан 2017/2018 жылға ауыстыру бойынша кеңес өткізді, деп хабарлады www.pm.kz.

Кеңес барысында білім және ғылым министрлігінің өкілдері қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес мемлекеттік бақылау шаралары оның тиімділігін толық қамтамасыз етпейтіндігі туралы ақпараттандырды. Осылайша, мектепке дейінгі ұйымдар мен мектептерге лицензияны тартып алу бойынша шаралар қабылданбайды, әкімшілік істер қозғалмайды, аттестациядан өтпеген бала бақшалар мен мектептер жабылмайды.
Сондай-ақ кеңеске қатысушылар министрліктің бастамасымен жүргізілген экономикалық зерттеулер нәтижесінде негізгі назар білім ұйымдарының өзбетінше бағалауына аударылатын мемлекеттік аттестациядан қызметті өлшемді бағалауға өту бойынша ұсыныстардың әзірленгенін атап өтті.
Қазіргі уақытта бағалаудың жаңа жүйесін жүргізу тәртібін реттейтін нормативтік-құқықтық құжаттар әзірленуде. Мектепке дейінгі ұйымдар мен мектептерді бағалау жүйесіндегі жаңа тәсілдемелер мемлекеттік аттестациялау тәжірибесінде кездесетін жемқорлық тәуекелдікті азайту жөніндегі шаралардың бірі болып табылады.
БҒМ өкілдерінің айтуынша, мемлекеттік бақылауда жаңа тәсілдемелер енгізу белгілі бір дайындық жұмысты талап етеді. Аталғандардың негізінде, өзгерістерге байланысты орта білім беру мекемелерінде ішінара тексеру мен мемлекеттік аттестация өткізу мерзімін келесі 2017/2018 оқу жылына ауыстыру ұсынылады.
Өз кезегінде Д. Назарбаева тиісті мемлекеттік органдарға аталған ұсыныстар бойынша нормативтік-құқықтық актілер әзірлеуді тапсырды.

Дурыс айтылған пікір
Мемлекеттік аттестациялауды мемлекеттік жазаға айналдырмасаңдар болды
МДҰ енгізілген жаңа бағдарлама плдағы жыллары өзгемей осы қалпында қалама
Дурыс кабылданган шешим. Рахмет Дарига Назирбаевага. Жемкорлыкка карсы ис шараларды кобейту керек.
Мектебімізді қараша айында мемлекеттік бақылау комитеті аттестациядан өткізу керек болатын. Енді келмей ме?
Қараша айында біздің мектепті мемлекеттік аттастациядан өткізу керек болатын. Ендеше тоқтатылды ма?
Дурыс болган екен мулдем токтату керек .
Мулдем токтатылса
тоқтатылганы дұрыс себебі тексерістер жеткілікті
оған ешкім қарап жатқан жоқ биылғы жылғы аттестация болып жатыр гой
аттестация дейді, бірақ қаншама мұғалімдер сол аттестациядан аурып ауруханаға түскен. соны не керегі бар. ақша да. денсаулыұта кетеді. басшылар қайда арайда өзі.
Аз ғана сөз қозғасам заман жайлы,
Көнілім ұстаздарға алаңдайды.
Тыным таппай күн-түні жүрсе дағы,
Ешкім оның еңбегін тән алмайды.
Алты күн жұмыс жасап жақындардың,
Асы мен тойына да бара алмайды.
Тиіп-қашып үйінде жүргеннен соң,
Мүше болып оған да саналмайды.
Жеңіске жеткізем деп ел баласын,
Өзінің балаларын баға алмайды.
Бастығының қабағын бағамын деп,
Байғұстар байына да жаға алмайды.
Миллиондаған баласы болса дағы,
Алтын алқа мойнына таға алмайды.
Мектепте де, үйде де ақ қағазға,
Үңіліп шайына да қана алмайды.
Газет пенен журналдар мұғалімсіз,
Шыны керек ешқашан таралмайды.
Басқа жерде жемқорлар толып жатыр,
Ұстаз ғана ешкімнен пара алмайды.
Басқалар мерекеде сыйақы алса,
Мұғалім оны дағы ала алмайды.
Қай жерде жиын болса сонда барып,
Аңқылдақтар күн сайын далаңдайды.
Сондықтан ешқашан да мына қоғам,
Ұстаздай адал маман таба алмайды!
Өте дұрыс жазылған.Мен келіскемін.Мұғалімдердің артық уақыттыары жоқ. Қағаз басты болып кетті.Сол бір тексеруден бас алмады.
Аталған ұсыныстар неге осы уақытқа дейін өз шешімін таппай келеді? Мектептерді аттестациялау әлі де жүргізілуде,яғни жемқорлық жалғасуда.
Ұстаздарға арналған өлең жолдары өте дұрыс боямасыз жазылған қашан мұғалімдер ешкімнен қорықпай жүреді екен. Ұстаздардың беделін көтеретін уақыт жетті