Көкіректе толған шер, көңіл қаяу...
- 3
- 2
Көкіректе толған шер, көңіл қаяу,
Ермейсің деп елім жау, досым баяу.
Сүйер кісім, сүйенер жақыным жоқ,
Бір өзіңе сыйындым, бір құдай-ау!
Бұл бетте «Кәрілік, шал деген – бір, ат қылғандай» атты Шәкәрім Құдайбердіұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Көкіректе толған шер, көңіл қаяу,
Ермейсің деп елім жау, досым баяу.
Сүйер кісім, сүйенер жақыным жоқ,
Бір өзіңе сыйындым, бір құдай-ау!
Мінін айтса, бұзылмас кімнің түсі,
Ойлағанға ап-анық тұр мұнысы
Сасқанынан сандырақ жал айтады,
Ыза болып сақылдап кетік тісі.
Көп сөз айтқан бұрынғы білімділер
Пайдалансын, ұқсын деп кейінгілер.
Сынға салып талғамай талапты жас,
Соның бәрін қатесіз жөн деп білер.
Ашылған көз тұра ма бiр зат көрмей,
Миға хабар бермей ме түсi өзгермей.
Әдейiлеп көрейiн демесең де,
Қарсы алдыңа қоя ма түк кез келмей?
Біреу сені мақтаса, қуанасың,
Жамандаса, жабырқап, суаласың.
Мақтаған кім, сөккен кім –онда ісің жоқ,
Бәрі – бір, сен де елерме дуанасың.
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі