Бұл бетте «Ақбөпе /2-нұсқа/» атты Қазақ ауыз әдебиеті жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Бес кепені жағалай бес үй отыр,
Ақбөпе жоқ ішінде несіне отыр.
Мал бергені барады алып кетіп,
Кедейшілік қолымды кесіп отыр.
Ақа, Ақбөпе, мұны тыңда.
Айтып жүрген баяғы шының кәне,
Тыңдап жүрген баяғы жырың қане.
Ақбөпенің дертінен шыдай алмай,
Сауытбектің зарланып салған әні.
Ақау, Ақбөпе-ау, оу, оу, оу.
Бес кепенің ауылым сыртында отыр,
Үйреніскен баяғы жұртымда отыр.
Мал бергені барады алып кетіп,
Кедейшілік діңкемді құртып отыр.
Ақа, Ақбөпе, мұны тыңды.
- Азамат Төре(авторлық ой)
- Азамат Төре
- Рабиндранат Тагор
- Абдраманов Арсланбек
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі