Қызылорда облысының барлық мектептерінде смартфон қолдануға тыйым салынды, бұл ережелер оқушылар мен педагогтарға қатысты.
Қызылорда облысының прокуратурасынан хабарлағандай, оқушылар мен ұстаздарға смартфон қолдануға тыйым салу құқық бұзушылықтьың алдын алуға септігін тигізеді.
Бұл шараны жүзеге асыру үшін әкімдіктен 900 млн теңге қаржы бөлу жоспарланып отыр. Соның ішінде мектепке кірген бетте тапсырылған смартфондарды сақтайтын арнайы жабдық алу көзделген»,- деп жазылған прокуратура хабарламасында.
«Республикада алғаш рет Қызылорда облысындағы 299 мектепте смартфон қолдануға тыйым салынып,тек «қоңырау шалу/жауап беру/СМС» функциялары бар телефон ұстауға рұқсат. Бұл смартфон әрдайым интернетке қосулы болғандықтан білім беру процесіне бөгет жасауына байланысты», - дейді прокуратурада.
Аймақтық прокурорлардың мәліметі бойынша, «ВКонтакте» әлеуметтік желісіне мониторгинг жасау барысында Қызылорда облысының 106 баласы суицидке итермелейтін топтарға тіркелген болып шықты.
«Балаларды суицидке итермелейтін 13 интернет қауымдастық анықталды, оған Қызылорданың 26 мектебінен оқушылар тіркелген», - деп түсіндірді прокуратурада.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі