
Соңғы жылдардағы зерттеулерде балық майының адам денсаулығына болымды әсерімен балыққа деген сұранысты арттыруда. Омега 3 қанықпаған май қышқылдары тобынан негізгі май қышқылы. Май қышқылдары ағзаға қажетті мөлшерде алынбаған жағдайда біршама ауруларға себеп болуы мүмкін. Балықтар омега 3 майлары тұрғысынан өте қанық келеді. Сондай-ақ омега 3 асқабақ дәнінде және жаңғақтарда да болады.
Омега 6 да қатты қанықпаған май қышқылдары тобынан. Омега 9 болса иммунитетті қуаттандырып катерлі ісіктерден қорғайды. Ең көп орман жаңғағы, зәйтун, авакадо, миндаль, жер жаңғақ, кунжут, жаңғақта болады.
Балық – қабылдау, үйрену кемістігі бар, гиперактивті балаларға дәрі секілді пайда береді. Балалар мен жас жеткіншектер де күніне 800 мг омега 3 май қышқылдарын тұтынулары қажет.
Дүние жүзілік Денсаулық сақтау ұйымы жүкті әйелдердің алғашқы үш айда 50 мг омега 3 май қышқылын тұтынулары, ал кейінгі айларда 160 мг артық май қышқылын тұтынулары керектігін кеңес беруде. Аптада 3 рет балық етін тұтынатын ауруларда кенеттен келетін жүрек талмалары қауіпі 50 пайызға азаяды. Иммунитетті күшейтетін омега 3-тің алдын алатын аурулар түрін былай тізбектеуге болады: Жүрек талмасы, тамыр қатаюы, депрессия, мигрень, ревматизм, қант диабеті, холлестерин, қан қысымы, аллергия, жүйке аурулары, көз аурулары, простатит, астма, қатерлі ісіктер т.б.
Жарылқасын
Балықты ұнатамын, бірақ мұншалықты пайдалы екенін білмепін... Айына 4-5 рет жеп тұру керек, бұрын коммунизм кезде аптасына 1рет балық күні болушы еді ғой
акбота
Омега пайдасы барма
Ақерке
Омеганың пайдасы зор!