Өлең, жыр, ақындар

Қызыл бұрыш және оның пайдасы

Қызыл бұрыштың көкөніс ретінде қолданылуымен қоса, адам денсаулығына қаншалықты әсерлі екендігі күн өткен сайын жақсы аңғарылуда. Бұл ғажайып көкөніс холестериннен бастап асқазан ауруына, жөтел және тамақ қабынуларына, ревматизм, тіпті рак ауруы секілді көптеген аурулар үшін шипа көзі болып саналады.

Ауруды және қабынуды тоқтататын әсерімен қоса рак клеткаларының да жойылуына көмегі өте зор. Сонымен қатар холестерин түсіруші, асқазан қышқылдарын реттеуші және микроп өлтіруші әсерлері бар. Ас қорыту жүйесінің досы. Асқазан жалқаулығын жояды. Тәбет ашады, құсудың алдын алады. Іш өтуін тоқтатады. Асқазан жолдарында газ жиналуының алдын алады. Сонымен қоса несеп айдағыш әсері бар. Антибактериалдық әсерімен аурулардың алдын алуға және грип, суық тию сияқты сырқаттардың еміне көмекші болады.

100 гр кепкен қызыл бұрыш денеге 318 калори береді. Оған қоса құрамында 148 мл кальций, 76 мл С витамині (жас бұрышта 340 мл), 2014 мл калий, 41 610 МЕ  А витамині, 12 гр протеин, 293 мл фосфор, 15 мл В3 витамині, 17,3 гр май, 152 мл магний, 2 мл В2 витамині, 56,6 гр көмірсутек, 30 мл натрий, 1 мл В1 витамині, 24,9 гр өсімдік талшығы, 8 мл ферум бар.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (4)

Аружан

Жаксы

Арайлым Алтынбекова

Бұл қызыл бұрыш өте керемет керемет жақсы

Мақсат

Барлық азық пайдалы ғой, дұрыс жесең, ал көп жесең барлық нәрсе у

Ырысай

Бұрыш ті суға араластыыырп ашкарынга ішсе не болад

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз