Өлең, жыр, ақындар

Финляндия мектептерінің құпиясы қандай?

Баланы неге дайындаймыз? Өмірге ме, емтиханға ма?

PISA халықаралық ұйымының зерттеулеріне сәйкес, финдік білім жүйесі әлемнің ең үздігі танылған. Финляндия балалары дүниежүзінің «оқымысты балалары» атанып қана қоймай, жаратылыстану пәндерінен 2-орын, математика бойынша 5-орынды иеленген. Алайда педагогтар қауымдастығын таңқалдырған бұл жайт емес, осындай үздік нәтижелерге ие бола тұра, фин балаларының білім алуға мейлінше аз уақыт бөлетіндігі және әлдеқайда аз қаржы жұмсайтыны. Қош, сонымен Финляндия мектептерінің құпиясы қандай? Үздік танылуының сыры неде?

Мұнда мектептер 2 сатыдан тұрады: төменгі (alakoulu) 1-6 сыныптаржәне жоғарғы (yläkoulu) 7-9 сыныптар. Қосымша ретінде 10 сынып бар, онда оқушылар өз білімін жетілдіруге мүмкіндік алады. Одан кейін балалар кәсіби колледжге не оқуды жалғастырғысы келгендері лицейге (lukio) түсіп, 11-12 сыныпты тәмәмдайды.

Фин мектептерін өзгелерден ерекшеленген 7 принципі бар:

1. Теңдік. Мұнда элиталық немесе «әлсіз» мектеп деген атау мүлде жоқ. Барлық оқу орындағы құрал- жабдықтар және қаржылдандыруы бойынша бірдей мүмкіндікке ие. Бір пән өзге пәннің есебінен тереңдетіліп оқытылмайды. Математика пәні еңбек сабағынан немесе ағылшын тілі дене шынықтыру сабағынан артық болып саналмайды. Оқытушыларға баланың ата-анасының жұмыс орны жөнінде сұрақ қоюға тыйым салынған. Ұстаз оқушыларды мүмкіндіктеріне, қабілетіне қарай сыныптарға топтастыруға құқы жоқ. Себебі «жаман» не «жақсы» оқушы деген түсінік жоқ. Дарынды балалар да, ақыл есі төмен немесе мүгедек балалар да бір сыныпта білім ала береді. Ұстаз үшін «ерекше» бала жоқ. Барлық оқушыны қоғамға бірдей қосуы тиіс.

2. Тегін. Білім беруден бөлек оқушылар үшін: түскі ас, экскурсия, мұражайға бару, мектеп автокөлігі, барлық кітаптар, оқу құралдары, қағаз- қалам, калькулятор, ноутбук-планшеттердің барлығы оқушыға тегінберіледі Қандай да бір мақсатта ата-анадан ақша жинауға тыйым салынған.

3. Даралық. Яғни әр балаға жеке дара азамат ретінде қарау. Бір сыныптағы балалар бір мезетте түрлі деңгейдегі тапсырмаларды орындап отырады. Ұстаз оқушының жеке қабілетіне орай тапсырмаларды ұйымдастырады. Егер тапсырманы «үздік» орындаса, жоғары деңгейдегі жұмыс береді. Ал орындай алмай қиналса, қайтадан бұрынғы деңгейдегі тапсырмалар легі беріледі. Ол үшін баланы ешкім жазғырмайды. Егер оқу үлгерімі мүлде нашар болса, ата-ана баласын түрлі курстарға сүйреп, жеке репетитор жалдамайды. Ол ұстаздың міндеті. Сабақ арасында, сабақтан тыс кезде оқытушы сол балаға жеке көңіл бөліп, тапсырмаларды барынша түсіндіруге тырысады. Біздегідей оқымаған баланың күнделігіне тарсылдатып, «2»-ні қоя бермейді.

4. Тиімділік. Мектепте оқушының өміріне қажет дүниелер ғана оқытылады. Логорифм немесе домен пешінің құрылымы балаға қажет деп саналмаса, оқытылмайды. Оның орнына балалар кішкентайынан бастап портфолионың, келісім-шарттың, банк картасының не екенін біліп өседі. Бала күнінен мұраға қалған дүние мен болашақта табатын табысынан салықтық пайызын есептей біледі. Интернеттегі визитка-сайтты жасауды үйреніп, бірнеше рет арзандатылып қойылған тауардың соңғы құнын шығара алады.

5. Сенімділік. Ұстаздарды, мектеп қызметкерлерін тексеру, жұмыстарын қадағалау деген мүлде жоқ. Елде білім беру бағдарламасы бірыңғай жүйеге түскен. Алайда ол ұсыныс күйінде беріледі. Қандай әдіспен оқытуды ұстаз өзі таңдайды.

6. Еріктілік. Кім оқығысы келсе, сол оқиды. Мұғалімдер баланың назарын аулауға, сабаққа қызықтыруға тырысады. Егер баланың қызығушылығы мүлде болмаса, онда ыңғайына қарай аса қиын емес мамандыққа бейімдейді. Төмен бағаларды үздіксіз қойып, баланың сағын сындырмайды. Бәрінің бірдей ұшақ құрастыруы міндет емес, бізге автобус жүргізушілері де қажет деп есептейді. Алайда бұл «мектеп біліміне қол сілтеп қарау» дегенді білдірмейді. Бала қатыспаған, келмеген сабақтарын міндетті түрде сабақ арасында өзге сыныптарда өтеді. Бірақ тапсырманы орындамаған балаға жекіп-ұрсып, ата-анасын шақырып, кемсітпейді. Тек келесі сыныпқа өткізбейді.

7. Дербестік. Яғни тұлға ретінде өз-өзіне ерте қалыптастыруы. Финдердің пайымдауынша, мектепте бала ең басты нәрсені үйренуі керек: өзінің жарқын болашағын қалыптастыра алуды. Дербес ойлануға, өзіне, өміріне қажет білімді өз еңбегімен жиюға үйретеді. Тағы бір ескеретіні: 1-3 сыныптарда баланың сабақ үлгеріміне ешқандай баға қойылмайды. Мейлі жақсы оқысын, мейлі жаман оқысын. Сабақ кезінде оқушылар партада отыруға міндетті емес. Жерде (Фин мектептерінде жерге кілемдер төселген), диванда, креслода немесе өзі қалаған орында отыруға құқы бар. Бірыңғай мектеп формасы жоқ. Әркім қалаған киімін киеді. Тек мектептің ішінде сыртқы аяқ киімін ауыстыруы тиіс. Төменгі сыныптың оқушылары көбіне жалаң аяқ жүгіріп жүреді. Күн райы жылы кезде барлық сабақтар таза ауада, табиғат аясында өтеді. Ал сабақ сыныпта өткізілгенде, күн салқын болса да, ұстаздар үзіліс кезінде балаларды сыртқа шығаруға міндетті. Оқушыға үй тапсырмасы берілмейді. Финдердің түсінігінше, балалар демалуы тиіс. Үйде сабақ қарағаннан гөрі, баланың әке-шешісімен бірге мұражайға, бассейнге немесе бірге табиғат аясында серуендеуі – әлдеқайда пайдалы деп санайды. Балалар сабақ айту үшін «тақтаға» шығарылмайды. Ұстаз балаларға ортақ тапсырма беріп, оның орындалуына көмектесіп, сыныпты аралап, қарап жүреді. Ұстаздың көмекшісі де сөйтеді (Фин мектептерінде сыныпта екі мұғалім өткізеді, бірі көмекшісі ретінде).

"Ақмешіт жастары" газеті


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (28)

Ақбөпе

Принциптері дүрыс екен! Әсіресе теңдік, оқытушыларға баланың ата-анасының жұмыс орны жөнінде сұрақ қоюға тыйым салынғандығы, ақша жинамай барлығы тегін болғандығы, даралық... қысқасы бәрі)

Бекнұр

"Ұстаздарды, мектеп қызметкерлерін тексеру, жұмыстарын қадағалау деген мүлде жоқ" - бізде бұл болмайтын шығар)) Бізде бір - бірімізге деген сенім жоқ) Оның да себебін бәріміз білеміз))

Арман

Менде үйге тапсырма берілмегенді жөн санаймын, кейде мұғалімдер демалысқа деп тапсырма беретіндері бар, не керегі бар оның, демалыста демалу керек!

МҰҒАЛІМДЕРГЕ жағдай калай жасалады екен.

Мұғалімдерге жағдай қалай жасалады екен

berik258

Кейбір принциптерін қазақстанға міндетті түрде енгізу керекyes

рекен

Мугалимнин, асиресе жас маманның айлык жалакысын көтермей турып мектептен сапалы билим мен тарбиени талап ету мумкин емес ,уйыктап отырган депутаттардын жалакысынанк кем болмау керек

Гульшат

Жаксы екен келеси сыныпка коширмесе бала сабак окиды мугалимдердин жуйкеси тозбайды

нуржамал

біздің

нуржамал

12 жылдық білім болады деген де мен осылай болады деп қуанған едім сөйтсем оны тек армандау керек екен әлі

Балганым

Қандай тамаша! Оқып отырып кейбір пункттерін әр педагогтің өз тәжірибесінде қолдануына болады екен деп ой түйдім. Бірақ...

Нуря

Биз сабак берудин орнына,битпейтин кагаздарды жазамыз,кимге керек,окушыларга коп конил боле алмай жатамыз кагаз бастылыктан,

Айсулу

Керемет.Бізде де осылай болса жаксы болар еді.

Бобек

кандай тамаша!!!!! окып отырып ляззат аласын!! сол окушылардын орынында болгын-ак келед(i)

Орка

Фин елінің мұғалімдері қандай жалақы алатыны айтылған жоқ.Егер үй тапсырма берілмесе ол бағдарламаны қалай есте сақтайды екен.Біздер де осы система ға түссек "қой үстіне бозторғай жұмыртқалауы" керек шығар.

АРАЙ

... тек ғана қағазбастылық азайса екен, бар тілегім сол!

Женка

Ең бастысы тәрбие десек, біздің ата-аналарымыз сол тәрбиені бере алмай жатыр. Олай дейтінім, біздің оқушылар кім үшін, не үшін оқитынын білмейді.(Әрине көпке топырақ шашуға болмайды.) Ұят-ай теледидарды қоссаң айтатыны оқушыны ұрған мұғалім,ақша жинаған мұғалім.... Ал Фин елінде кімдерді мұғалім етіп қабылдайды? Мүмкін, тексеру сондықтан болмайтын шығар? Бізде қашан жүйе болар екен?

Ыкпал

Биз мектепте балага кажет емес заттарды коп уйрететип сияктымыз "домна пештер"секилди суйтип баланы жалыктырып аламыз.

Аманжол

Білімді реформалау осылай болуы керек, осындайдан бастау керек.Бізде қойылатын талаппен іс жүзіндегі жұмысымыз сәйкес емес. Мұғалім жүктемесін жеңілдетуден бастап, ЖОО ғы педагог студенттерді қабылдаудан бастап талапты күшейту керек, мұғалімге шығармашылық еркіндік беру керек. Бізде функционалдық сауаттылық туралы көп айтады да, мұғалімді бір стандартқа тығып қояды. Оқулықтар функционалдық сауаттылықты дамытуға мүлде келмейді. Қағзбастылықты азайту туралы көп айтады, бірақ қалай азайту керектігінің жолын айтпайды, себебеі жоғарыдағылар білмейді. Бізде бір -екі ұрпақ ауыспай Финляндиядығы т.б. елдердергі білім жүйесі келмейді. Себебеі, бұрынғы КСРО шеңберіндегі елдердің бүкіл саладағы, соның ішінде білім саласында қатаң бақылау, тексеріс, қорқыту, қорқынышпен жұмыс істеу сияқты қалыптасқан.

Булбул

Екінші көмекші мұғалім болғаны жақсы екен
Бізде бəрін бір мұғалімге жүктеп қояды
Таза ауасы жаксы болған екен
Уй тапсырмаға менде қарсымын
Бос уақытында бала қосымша үйірмеге баруы тиіс

Гулзия

Ондай дарежеге жету ушин,бизге мадинеттиликты кобирек уйрену керек сиякты. Еркиндик арине жаксы, соган бала угымын калыптастыра билу керек сиякты.Расында бизды кагаз ьастылык шаршатады, айтылган сайын кобею устинде. Кашан жуйеге келеды екен?

Кызыкты

Уй тапсырмасы берілмейтіндігі дұрыс екен осы ұнады

Gauhar

Negizinde kop paydali narseler bar,bizde kazirgi kunde kagazbazdilik shinina shigip tur,okushilardn ingayina areketine say tapsirma beru ote duris alde osinin barn uyimdastiru ushin mugslimge uakit kerek al biz kazirgi uakitta bagalau juye,elektrondi jurnal,jay jurnal,bitpeytin kagazdardi toltirip jurgende okushiga jeke konil audarmak tugul jalpi sabakka jogari dengeyde dayindaluga muldem uakit jok

Гульназ

Бул жагдайга биз жакын болашакта жетпеймиз. Ойткени бизде коптеген кадрларымыздын денгейи оте томен. Ол ушин ЖОО-да жаксы мамандарды дайындау керек. Ал абден баягы адиске уйренип алган, ози сауатсыз мугалимдерди енди жанашылдыкка уйретип ауре болмаган дурыс.

Аскар Сункар

Арине мажбурлеп емес кажеттиликке карап уйренсе тиимди гой.Мугалим мине тексеру келе жатыр дегенди естимесе ата аналар мугалимнин аузынан шыккан созди андымаса билим шынайы болар еди .Дегенмен 12 жыл билим алу оте киындау болады.Озимиз кезинде 10 окысак та коштен қалмадык

Аскар Сункар

Коп нарселер жазуга болады.Бирак карапайым мугалимнин пикиримен ким санассын.Биздегилер жогарыдагыларга унамай калады деп оз ойларын толык айта алмайды.12 турмак 20 жыл окытсак та дурыс кабылдамайтын баланы озгерту мумкин емес.бирак оны ешкимнин айтуга кукы жок

жаннат

Түрме салмау үшін, мектептер салу керек !!! Отто фон Бисмарк.

Шынар

Жаңадан велосипед ойлап таппай ақ, дүниедегі ең мықты системаны көшіресалу керек болды!

Бибка

Мұғалім жалақысы біздің ақшамен 2000000(екі миллион)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз