Яп аралының тас ақшалары – әлемдегі ең ауыр валюта.
Яп аралын алып тас ақшалар мекені деп атайды және оны Микронезия мемлекетінің дәстүрлі аймағы деп санайды. Яп 4 аралдан тұрады – Яп, Мэп, Томил-Гагил және Румунг.
Аңызға сүйенсек, ертеде Яп аралының бірнеше тұрғыны Яп аралынан 400 километр қашықтықта орналасқан Палау аралынан түсіп қалады. Олар ол жерден өте әдемі тастар тауып алып, өз аралдарына алып келген кезде тұрғындар бұл тастарды ақша ретінде қолдануға шешім қабылдайды. Олар раи деп аталады.
Осындай «тиындарды» шығару үшін, өте көп күш жұмсалаған. Алдымен тастарды өндіруге жергілікті көсемнен рұқсат алу үшін Палау аралына дейін каноэмен жүзіп бару керек. Қарапайым құралдардың көмегімен олар үңгірлерде тас плиталарды қопарып алып, оларды өңдейді. Бұл плиталарды домалақ етіп жасап, содан кейін оларды сырыққа өткізіп, қайыққа дейін апару үшін тура ортасынан тесік жасау қажет болған.
Құндылығы көлемімен және де ең бастысы, аралға тасты тасымалдау барысында қанша адам қаза тапқандығымен есептелетін, ежелден қолданыста болған бұл ақшаларды ХХІ ғасырда да қолдануды жалғастырып келе жатқандардың бар болғандығы таң қалдырады.
Тастың өлшемдері қатты ерекшеленеді: өте үлкендерінің диаметрі 3,6 метрге, қалыңдығы 0,33 метрге дейін болады, ал салмағы 4 тоннаға дейін тартады. Раидың ең кішісінің диаметрі 7–8 сантиметр. Яп архипелагінде тиындардың ең үлкені көршілес Румунг аралында орналасқан.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Айбек
Теңгелері адамнан үлкен ғой :)