Халық санының динамикасы. Халықты зерттеу халық саны, туу, өлім және табиғи өсімді талдаудан басталады. Бұл сұрақтар толық және нақты демографиямен зерттеледі, ал халық географиясы оларды кеңістік, аумақтық тұрғыдан зерттейді.
Б.з.д. I мыңжылдық бойы халық саны жиі жүргізілген соғыстар мен эпидемиялардың әсерінен баяу өсті, бұл тенденция XVI ғасырға дейін жалғасқан. XIV ғасырдың ортасында еуропалық елдердің халқы оба ауруынан көп зардап шегеді. Тек Жаңа кезеңде шапшаң өсім байқалып, ол XX ғасырдың ІІ жартысына қарай одан әрі күшейе түсті.
Дүние жүзінің қазіргі кездегі адам саны 6,3 млрд., БҰҰ (Біріккен Ұлттар Ұйымы) сарапшыларының болжамы бойынша 2015 жылға дейін жылдық өсім 80 млн. адамды құрайды. Бұл аз ба, әлде көп пе? Бұл жөніде ғалымдар арасындағы пікірлер әр түрлі.
БҰҰ-ның мәліметтері бойынша, 1 млрд. адам аштықта, 500 млн. адам дұрыс тамақтанбайды, күніне 35 мың адам аштықтан қайтыс болады. Дүние жүзінің 36 елі (500 млн. адам) өз ресурстарын пайдалана отырып, халқын азық-түлікпен толық қамтамасыз ете алмайды
Дүние жүзінің халық санын айта отыра, дүние жүзі халықтың жартысы жеті елде тұратынын айта кету жөн (2002 жыл, млн. адам): Қытай – 1285, Индия – 1025, АҚШ – 286, Индонезия – 215, Бразилия – 173, Пәкістан – 146, Ресей – 145.
Халықтың ұдайы өсіп-өнуі (табиғи қозғалыс) – адам ұрпақтарының жаңаруын және ауысуын қамтамасыз ететін туу, өлім және табиғи өсім процестерінің жиынтығы. Туу, өлім, табиғи өсім негізінде биологиялық процестер болып табылады. Дегенмен осы процестерге әсер ететін факторлардың бірқатары бар:
Әлеуметтік-экономикалық факторлар: халықтың тұрмыстық деңгейі, денсаулық сақтау ісінің дамуы, халықтың білім және мәдени деңгейі, әйел адамдардың қоғамдағы орны, дін, т.б.;
Табиғи-биологиялық факторлар: әйел және ер адамдардың қоршаған орта жағдайына әр түрлі бейімделуі, жылы мен суық климаттық аудандардағы жыныстық дамудың әртүрлі уақыты, өлімге алып келетін аурулар (батпақты жердегі малерия, эпидемия, т.б.);
Демографиялық факторлар: халықтың жас-жыныстық құрылымы, неке қию, айырылысу. Мысалы: қарт адамдар санының өсуі («халықтың қарттануы») туудың жалпы көрсеткішінің төмендеуіне әкеледі.
Бұл фактордың туу мен өлімге әсері күрделі және қарама-қайшылығы көп. Бір фактор қарама-қайшылықты бағытта әсер етуі мүмкін: материалдық жағдайдың жақсаруы, бір жағынан, өлімнің төмендеуіне (әсіресе балалық), екінші жағынан, орташа өмір сүру ұзақтығының жоғарылауына, халықтың «қарттануына», ал бұл болса өлімнің жалпы көрсеткіштерінің көтерілуіне алып келеді.
Халықтың демографиялық санасы көп қатпарлы, ол ұлттық санамыздың бастау алар мәйегі және оны өсіре алатын басты дәнекері. Өткен ғасырларда бытыраңқы халықтың басын құрау, оны бір орталыққа тас түйін етіп топтастыру тайпалармен рулық бірлестіктерді туыстастырып жақындастырудан, олардың шежіре тарихын мадақтап, құрмет тұтудан басталған. Ал бүгінгі күні бұл құбылыста дәстүрлі тарихи-этнографиялық әдет-салттың маңызы төмендеп, саяси демографиялық ой-сананың рөлі артып отыр.
Бүгінгі күнде демографиялық саясат саласында қалыптасып отырған мәселелерді шешу аса маңызды мәселе. Сондықтан оның ауқымы және халықтың қоныстануы жоғары кәсіби деңгейде жан-жақты талданбағаны абзал, әрі оның нәтижелері обьективті тұрғыдан ашылып көрсетілуі тиіс. Туындаған мәселелерді шешу қоғамдағы тұрақтылық пен мәселелерді шешу қоғамдағы тұрақтылық пен Қазақстан Республикасының болашағын қамтамасыз етуге бағытталған демографиялық саясаттың табысты жүруіне тікелей байланысты.
Осы мәліметтің барлығына қарай отырып, өз облысымыздың да демографиялық жағдайыны қысқаша тоқтала кетуді жөн санаймын.
Павлодар облыс орталығы болып табылады, қалалық және ауылдық жерлерінде 328,9 мың адам тұрады, оның аумағы 0,6 мың шаршы метрді құрайды. Жалпы, Павлодар қаласының әлеуметтік-экономикалық дамуының қорытындыларын оң бағалауға болады
Демографиялық жағдай халықтың табиғи өсуімен сипатталады, осы кезең ішінде АХАЖ ұйымдарымен 2506 туу тіркелген, бұл 2008 жылғы осы уақытқа қарағанда 8,2 % артық. Өлім саны 11,1 % төмендеді, халықтың табиғи өсімі 986 адамды құрайды. Неке қию органдарымен 868 неке және 557 ажырасу тіркелді. Павлодар қаласына келгендер саны 45,1 % азайды, ал кеткендер саны 1,3 есеге өсті.
XXI ғасырдың басында өмiр сүрiп жатқан бүгiнгi ұрпақ үшiн қазiр қалыптасып жатқан этно-демографиялық жағдай қалыпты нәрсе сияқты болып көрiнетiн шығар. Бiрақ өткен XX ғасыр барысында осы тұрғыдан алып қарағанда, бiрнеше рет үрдiстi аударып-төңкеретiн күрт өзгерiстер болған. Сондықтан бүгiнгi ұлттық демографиялық жетiстiкке бола көлгiрсiп, тоқмейiлсудiң қажетi жоқ болар. Одан да өткеннен сабақ алып, абай болуды естен шығармауға үйренейiк.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Брук С.И. Население мира. Этнодемографический справочник. – Москва: Наука, 1986 – 298 с
2. М.Тәтімов. Қазақ әлемі. – Алматы: Қазақстан – Атамұра, 1993 – 160
3. Қожахмет М. Қазақстан Республикасының экономикалық және әлеуметтік географиясы. - Қарағанды: Е.А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті», 2006.
Павлодар қаласы
№15 жалпы орта білім беру мектебінің
География пәнінің мұғалімі: Дәуіт Жанар
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Жазбаға пікір жазуға рұқсат жоқ.
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі