Өлең, жыр, ақындар

Өсімдіктердің табиғатпен биологиялық байланысы

Өсімдіктер көп өсірілген жерде сіз оп-оңай тыныс алуға болатынын байқауға болады. Олар өз бойларынан бізге оттегі шығарып қана қоймай, адам айналасындағы қоршаған ортаның биоаумағын тазартады.

Үй ішінде әдемі өсімдіктер көп болса, адамдың көңіл күйіңіз әрқашан жадыраңқы жүреді [1].

Біз кейбір адамдардың гүлдерге су құйған кезде олармен сөйлесетінін естіген болатынмыз. Гүлдер де адамзат сияқты оларды жақсы көргенін сезеді. Адамның көңіл-күйіне байланысты өсіліп, жетіледі. Егер үй-ішінде ұрыс-керіс, жанжал, келеңсіз жағдайлар жиі болып тұрса, олар да өздігінен солып, сарғайып ауруға шалдығуы мүмкін.

Ғылыми қорытындыларға арқа сүйесек, өсімдіктер өмірінде уақыт пен биологиялық жиілікке бағынатын таңғажайып заңдылық бар. Мысалы, таңғы сағат үште «ешкісақал» дейтін гүл бүр жарып ашылады, түн жарымында «түн патшасы» деп аталатын кәдімгі кактус қауызын қайта жабады. Өсімдіктердің осындай қасиеті барын XVIII ғасырда француз астрономы Мэран байқап, зерттеген. Ол жердің өз осінен айналуына бақылау жүргізген кезінде кейбір өсімдіктердің бір тәуліктің ішінде біресе жапырақ пен гүл жарып, біресе қауызын қайта жауып отырғанын, оның уақыттың белгілі бір мерзіміне дәлме-дәл келетінін анықтаған. Ғалымдар бұл күннің сәулесіне қатысты шығар деп ойлап, әлгі өсімдіктерді жарық түспейтін қараңғы бөлмеге қойып, бақылағанында олардың бір мезгілде жапырақ пен гүл жарып, бір мезгілде қауы-зын қайта жабатынының куәсі болған. Содан олар «өсімдіктерде сыртқы ортаға байланыссыз уақытты өлшегіш жүйе бар» деген қорытынды жасаған.

Өсімдіктерде де сезім бар...

Зерттеулер бойынша бөлме өсімдіктері адамға әр түрлі жақтан әсер етеді. Оның ішінде лалагүлі /лилия/, қазтабан гүлі/гусиные лапки/ ауаны ластанудың бірнеше түрінен, соның ішінде формальдегидтен тазартады. Ал, бегония мен фикус гүлдері үйіңізге келген адамдардың жағымсыз пиғылдарын өз бойларына сіңіріп, сіздерге тек оң энергия жібереді. Теледидар, компьютер, толқынды пештердің сәулелерінен сақтануға сіздерге раушан гүлдер, орхидея, өрмелегіш /лиана/ өсімдіктер көмектеседі. Балалар бөлмесіне шегіргүлдерді /фиалка/ орналастырсаңыз, олардың жеткіншектік өсіп-жетілу уақытындағы көңіл-күйін бірқалыптылыққа бейімдейді. Қазтамақ /герань/ гүлінің қасында 15 минуттай отырсаңыз да жеткілікті, сіз өзіңіздің жаңа күш жинап, демалғаныңызды сезесіз. Өйткені, бұл өсімдік эфир майларын бөліп шығарады. Сіздің ағзаңыздағы зат алмасу процесі ұлғая түседі. Ұсақ жапырақты бұрыштар мен хризантемалар жанұядағы, жұмыс орнындағы адамдардың бір-біріне деген жақсы қарым-қатынастың қалыптасуына әсер етеді [2].

Ғылыми басылымдардағы зерттеулер бойынша ой қорытсақ, өсімдік әлеміне қандай көзқараспен қарасаң, ол да саған солай «жауап» береді екен. Егерде саған біреу гүлді құмырасымен сыйға тартса, сен ол адамға әлгі гүл үшін аз болса да ақы төлеуге тиіссің. Себебі, құмырадағы гүл оған «мені бағалады»- деп «риза» болып, одан әрі жайқалып өсетін көрінеді. Ал, үй өсімдіктеріне дұрыс қарамасаң, уақытында тыңайтып, суарып тұрмасаң, ол «ренжіп», адам ағзасына зиянды улы химиялық заттарды бөліп шығарады. Яғни, қызанақ көшетін бөлмеде өсіріп, су құюды ұмытып кетсең, түнімен дөңбекшіп, ұйықтай алмайсың. Мұны жазып отырғандар өсімдік өсіруші ғалымдар, мамандар болған соң сенбей көр.

Сезімтал өсімдіктер туралы аңызға ұқсас мамандардың ғылыми қорытындылары көп. Солардың кейбіріне тоқталсақ: кактустар адам-ның көңіл-күйіне әсерін тигізеді. Кактусқа «туу, түрі қандай сүйкімсіз» десең болғаны, ол құрамында алкогольдік қоспалар бар улы заттарды бөліп шығаратын көрінеді... Ал бұл зат адамды ішімдікке итермелейді. Осындай сөз айтамын деп кактустың улы заттарын ағзасына сіңіріп, адамдардың ішімдікке әуестеніп кететін кездері болатынын ғалымдар тәжірибе жүзінде талай рет анықтапты да. Ғалымдар емес, қарапайым танысың айтса, сенбейтін оқиға.

Өсімдіктерге қатысты қызық көп. Кейбір өсімдіктердің қожайынын басқа бір адамнан қызғанатыны да белгілі болып отыр. Биохимия маманы, доцент Дина Балясова көп жылдар бойы адам мен өсімдіктердің қарым-қатынасын зерттеген ғой. Ағылшын физиологы А. Мей-сонның бөлмесінде көп жылдар бойы фикус өсіп тұрған. Ғалым үйленгеннен кейін оның әйелі күннен-күнге әлсіреп, сырқаттанып қалады. Бойына бала біткенінде итжерік болып, дәрігерлердің сан алуан ем қолданғанына қарамастан түсік тастайды. Осы кезде әлгі ғалымның ойына бөлмесінде өсіп тұрған фикус түсіп, әйелінің ауруға шалдыққанын содан көріп, оны үйдің қасындағы баққа апарып қояды. Сол күннен бастап әйелі құлан-таза айығып, қайтадан бала көтеріп, оны аман-сау өмірге әкеледі.

Сөйтсе, фикус өз қожайының әйелінен қызғанып, химиялық қоспалы заттарды бөле берген, тек ол Мейсонға зиянын тигізбеген. Әрине, өсімдіктердің бәрі зиянды емес. Ғалымдардың пайымдауынша, фиалка (шегіргүл) өз қожайынын жақсы көретіні соншалықты, ол басқа жаққа кетсе, қатты сағынады екен. Қазтамақ (герань) басқа өсімдіктерден өзін бірінші суармаса, «ренжіп қалады». Ол осы ренішін көпке дейін гүл ашпай білдіреді.

Ертеде адамдар зығырды (лен) еккенде жалаңаштанып жұмыс істеп, «көрдің бе, сен өнім бермесең, мен жалаңаш қаламын» деп айтады екен. «Қыдырып» кеткен күйеуін үйге қайтару үшін әйелдер өздерінің жататын бөлмесіне алқызыл түсті гүлді қойған. Сол гүл тұрған бөлмеде үш күн қонған күйеуі одан әрі ешкімге қарамай, әйеліне сезімі арта түскен.

Зерттеушілердің пікірінше, ең жағымды гүлдердің бірі – қазтамақ. Ол тұрған бөлмеде ұрыс-керіс болмайтын көрінеді. Ұрыс-керіс бола қалса, өсімдік адамның жүйкесін тыныштандыратын зат бөле бастайды да, ренжіскендер тез татуласып кетеді.

Гүлді әркімнің өз қолымен егіп, күтіп-баптап өз үйіне өзінің орналастырғаны дұрыс, дейді мамандар. Гүлді сәбиіңді баққандай күтсең, ол өскен соң денсаулығыңа, отбасыңа оң әсерін тигізеді. Ал гүлдердің қасында бір сағаттай отырсаң, көңіл күйің көтеріліп, барлық жаман ойдан арыласың. Бала кезімізде ауылдың бір абыз қариясы: «Ағаш, гүлдің де жаны бар. Оларды тектен-текке сындырып, жұлып, обалына қалмаңдар»,- дейтін еді, мүмкін, шын шығар. Әйтеуір, табиғаттың жамандықты да, жақсылықты да сезіп, біліп, соған сай жауап қайтаратынын көріп те, естіп те жүрміз.

Бөлмеңізге гүл жапырақтарының жалпақ, домалақ тәріздес түрлерін көп өсірген жөн. Олар адамдарға табыс, ақша келуіне әсер етеді. Жапырақтардың тікенек, тік /мысалы, кактус, алоэ/ болғаны адамға жағымсыз қолайсыздық туғызуы мүмкін. Әсіресе, жанұялы отбасыларда ұрыс-керіс шақырады. Дәрілік өсімдік ретінде қажеттілік тудырса, кез келген дәріханадан алоэны сатып алуға болады.

Гүлдеріңіздің ауруға шалдыққанын, сарғайып кеткенін байқасаңыз, олардың орнын басқа жерге ауыстырыңыз. Егер ол жерден оңалып кетсе, онда жақсы. Болмаған жағдайда одан құтылғаныңыз жөн.

Бөлмеңізде өзіңізге ұнамайтын бұрыштар болса оларды бейтараптандыру үшін шашыраңқырап өсетін шырмауық өсіруіңізге болады.

Әдемілік үшін арнаулы құтыға өсірілген гүлдер немесе жаңа кесіп алынған гүлдерді қолданыңыз. Олар да тіршілік иесі тәрізді өздеріне қарауды қажет етеді. Өсімдіктеріңіз әрдайым таза, әдемі болуы керек. Егер сіздің оларға қарауға уақытыңыз жоқ болса, қарауды көп қажет етпейтіндерін таңдауға тырысыңыз немесе мүлдем оларды өсірмеңіз [3].

Гүлдер адам өмірінің алға басуына септігін тигізеді. Адамның белсенділік танытуына қуат береді. Сіздің ұйқыңыздың дұрыс болып, тыныш ұйықтағыңыз келсе олардың демалатын жатын бөлмеде болмағаны жөн. Тек, егер сіздің сүйіктіңіз сізге туған күніңізге немесе мереке күндері гүл сыйлаған жағдайда ғана оларды жатын бөлмеге қоюға болады. Өйткені, ол гүлдер сіздің сүйіктіңіздің сізге деген махаббатына толы. Арнайы құтыға таза су құйып салып қойыңыз. Ал олардың суын ауыстырып тұруды, жағымсыз иістің болмауына көңіл аударыңыз, уақыты келгенде лақтырып тастауды ұмытпаңыз [4].

Бөлмеде солып қалған гүлді ұстамауға тырысыңыз. Кейбір адамдар кептірілген гүлдерден әдемі композициялар жасауды ұнатады. Ал олар –солған, өлген гүлдер деп есептеледі. Олар адам өміріне, күнделікті әрекеттеріне қарсы энергия туғызуы мүмкін. Сол себепті оларды сақтамауға тырысыңыз. Әсіресе, сіз жұмыс істейтін бөлмеде /атап айтқанда ғылыммен айналысу, кітап жазу, зерттеулер жүргізу т.б./. Тіпті сізге қатты ұнайтындары болса, жыл сайын оларды ауыстырып тұру қажет.

Тірі гүлдердің орнына қазіргі кезде көп жағдайларда қалас гүлдер /искусственные/ қолданылады. Оларды сатып алмауға тырысыңыз. Сіз тіршілік иесі болғаннан кейін, үйіңізде де тірі гүлдердің болғаны дұрыс. Қалас гүлдерді үй-ішіңізде аллергиясы бар адамдар болса, бөлмеңізге күн сәулесі нашар түскен жағдайда ғана пайдаланыңыз [5].

Гүл өсіретін арнаулы құтылардың көгілдір, жасыл, ақ, ақ сары түстерін сатып алсаңыз дұрыс.

Гүл өсіруге қызықсаңыз, жоғарыдағы кеңестерді пайдалануға тырысыңыз. Бірақ, ең басты кеңесші сіздің ішкі жандүниеңіз екенін ұмытпаңыз.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1 Калишш Ф. Л., Сарнацкая В. В., Полищук В. Е. Методы культуры тканей в физиологии и биохимии растений. Киев: Наукова думка, 1980. 488 с.

2 Катаева Н. В., Бутенко Р. Г. Клоналное микроразмножение растений. М.: Наука, 1983. 97 с.

3 Культура клеток растений. М.: Наука, 1981. 167 с.

4 Кулыура клеток и биотехнология. М.: Наука, 1986. 285 с.

5 Муромцев   Г.С., Бутенко Р. Г., Тихоненок Т. И., Прокофьев М, М. Основы сельскохозяйственной биотехнологии. М.: ВО Агропромиздат, 1990. 384 с.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Samina

Аллергиясы бар адамдарға бөлме өсімдіктерінің зияны қатты ма?

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер