Өлең, жыр, ақындар

Әлем тарихының басын қатырып келе жатқан 7 тарихи жұмбақ

Тарих бізге көптеген жұмбақ дүниені қалдырып кетті, дегенмен қазіргі заманауи технологиялар мен білім деңгейінің арқасында көбінің жауабы табылып, түсінік берілді. Бірақ жауабы табылмаған артефактар әлі де бар.

Табылған кезінен көптеген сұрақ тудыратын жұмбақ заттар туралы Bilim-all.kz әңгімелейді.

Антарктидадағы пирамида

© sevzirfo

Антарктидадағы жұмбақ пирамида Google Earth-тің арқасында табылды. Жердің оңтүстік полюсіндегі пирамидалар жайлы дерек 1910-1913 жылдар аралығында пайда болған еді. Сол кездері Британ антарктикалық экспедициясының зерттеушілері олардың бірін анықтаған болатын. Содан бері әлемнің ғалымдары пікірталасып келеді, бұл не: түп-түзу нунтаки-таулары ма, әлде ежелгі өркениет ізі ме? Себебі, ғалымдардың айтуынша, осыдан 100 миллион жыл бұрын Антарктида тропикалық орманды жер болған.

 

Фесттік диск

© Aserakov

Криттық Фест қаласының сарайында қазба жұмыстарын жүргізу барысында 1908 жылы жасырын қоймадан диск табылды, және бұл зат әлемнің көптеген елдерінің ғалымдарын қызықтырды. Бұл адамзат тарихындағы тұңғыш басылып жазылған мәтіні бар зат. Дисктің жазбалық ерекшелігі Критте б.з.д. 1600 жылы болған жазбадан толықтай ерекшеленеді, ал жазба дәл осы аралықта жазылған деген болжам бар. Зерттеушілердің пікірталасы әлі де жалғасып келеді: біреулер артефакты аралға біреулер алып келген десе, екіншілері — дәл сонда жасалған дегенді айтады. Үшіншілері бұның шифр екеніне сенімді, төртіншілері мұның жалпы қандай да бір тілді білдіретініне күмәнді. Ғалымдар дисктің құпиясын шешу үшін әлі де еңбектеніп келеді және оны Ежелгі Жерорта теңізінің ең тамаша құпия ескерткіші деп есептейді.

 

Бейл криптограммалары

© Historicair

Бұл криптограммалар жайлы тұңғыш 1865 жылы айтыла бастады. Дәл сол кезде Томас Джефферсон Бейлдің басшылығымен алтын іздеушілердің $ 30 млн (қазіргі бағам бойынша) қойма тыққаны жайлы ақпарат пайда болды. Оның орналасқан жері белгісіз автордың брошюрасының арқасында қолжетімді болған үш хабарламаның ішінде шифрланған болатын. Онда бұл шифрлардың пайда болуы жайлы шынайы бола алатын оқиға жазылған. Бұл ежелгі мистификация ма, әлде шын белдеулер ме — әлі күнге дейін құпия ашылған жоқ. Алайда кілтті танымал мамандар да, қарапайым алтын іздеушілер де әлі таба алған жоқ. Айтпақшы, кез келген адам шифр шешуде өз бағын сынап көре алады — желіде кодттың барлық үш беті ұсынылған. Ал брошюраның түпнұсқасы бұрынғыдай Конгресс кітапханасында сақтаулы.

 

Римдық додекаэдрлер

© itub

Көлемі 4-11 см құрайтын бұл кішігірім заттар шамамен б.з.д. II–III ғасырға тиесілі. Бәрі бір-біріне ұқсас — 12 жалпақ бесжұлдызды қырлары мен диаметрі әртүрлі саңылаулары бар. Шамамен жүздеген осындай қола, темір және тіпті алтын додекаэдрлерді археологтар көптеген елдерден тапты, бірақ көбінесе Рим империясының тарихи территориясынан табылды. Әр табылған сайын мұның не екенін білдіретін жаңа гипотезалар жарық көреді. Түрлі болжамдар бар: ойын сүйектері, бал ашу заттары, әшекейлер, су құбырларын калибрлеу құрылғысы және тіпті саусақтардың әртүрлі пішініне арналған перчаткаларды тоқудың темірі дейтіндер де бар. Бір қызығы, ежелгі римдіктер қолжазбаларында бұл фигуралар жайлы жазбаған.

 

Пири-реис картасы

© wikipedia

1513 жылы жасалған әлем картасында ресми түрде 1820 жылы ғана ашылған Антарктида қайдан жүр? Бұл таңғажайып дерек және сол кезең үшін картаның дәлдігі ғалымдардың басын әлі де қатырып келеді. Артефакты зерттегеннен кейін ғалымдардың бірі мұндай дәл карта жасаудың бір ғана жолы бар — ол аэротүсіру деп болжады. Картаны жасаушы — танымал түрік адмиралы Пири Рейс қандай құпия құрылғыларды пайдаланғаны белгісіз. Қолжазбаларында жалпылай көрсеткенін және көптеген басқа карталардағы, оның ішіндегі ежелгі мәліметтерді көшіргенін айтқан. Бірақ бір анығы, адмиралдың картасынан зерттеушілер Антарктиданың мұз қабатынсыз кескінін көрген. Ол мұндай қалыпта біздің дәуірімізге дейінгі көптеген жыл бұрын болған.

 

Сабу дискі

© Tropican

1936 жылы археологтармен Египетте табылған диск табылғалы бері көптеген болжам тудырып келеді. Шамамен б.з.д. 3000 жылдары пайда болған 70-сантиметрлік тас «тәрелке» не үшін пайдаланылуы мүмкін еді? Ыдыс үшін тым ыңғайсыз. Дөңгелек бір жарым мың жылдан кейін пайда болды. Диск химиялық процесстерге арналған заманауи құрылғыларды еске салады, бірақ олай болса коррозия іздері қайда? Пропеллер немесе электргенераторының бір бөлшегіне ұқсас болғанымен, ол кездегі техникалық даму кезеңіне сай емес. Бір сөзбен айтқанда, әлі күнге дейін дәлелді пікір жоқтың қасы.

 

Наска геоглифтері

© Paul Williams   © CC BY-SA

Перудегі Наска үстіртіндегі алып бейнелер ХХ ғасырдың басында ұшақ бортынан көрінді, алайда инктердің топырақ бетіндегі белгілері бар үлкен жол жайлы XVI ғасырдың дереккөздерінде айтылады. Шамамен 30 жұмбақ сурет жартылай шөлдала климатының арқасында Жер бетінен жақсы көрінеді. Бұларды кім, қашан, не үшін және қалай жасады — жауабы табылмаған сұрақтар. Ғалымдардың келісетін бір тұсы — бұлар шөл далаға инктер келмей тұрып жасалған.

188 метр болатын кесіртке, 50 метрлік колибри және тағы басқа көптеген жұмбақ символдар — әрқайсы бір ғана үздіксіз жолақпен жасалған. Жұмбақ белгілерді құс ұшым биіктіктен немесе Google Earth-тен 14°41’18.0"S 75°07’22.0"W координаталары бойынша мұқият қарау арқылы көруге болады.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Наз

Бейл криптограммаларында сандар бар сонда сол сандар да құпия сөз барма

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз