16 жастағы Мұхаммед Әлидің айтуынша, болашақта оның жобасының құны қымбаттай түседі.
Йоркшир графтығының тұрғыны Әли үйде отырып нарықтағы ұсыныстарды салыстырып, тиімді баға бойынша тауар табуға мүмкіндік беретін сайт жасады. Жобаны әзірлеуде оған 60 жастағы бизнес-серіктесі Крис Торп көмектескен, деп хабарлайды tjournal.ru.
Оқушының айтуынша, ол әзірге өз бастамасын егжей-тегжейлі айтуды қаламайды, бірақ бұл жобаның әлемде баламасы жоқ екеніне сенімді.
«Лондондық инвесторлар менімен 2016 жылы желтоқсан айында кездесті. Олар деректерді басқарумен айналысады, сондықтан сайтты өзім құрғаныма сенбеді», - деді weneed1 жобасының авторы Мұхаммед Әли.
Әли олардың ұсынысынан бас тартқан. Ол қазір 5 миллион фунтқа (шамамен 6 миллион доллар) бағаланған жобасының болашақта одан да қымбат боларына сенімді.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі