Неліктен Сиам королі сіріңке қорабы үшін ажал құша жаздаған

Басты бет / Қызықты әрі пайдалы деректер / Тарих / Неліктен Сиам королі сіріңке қорабы үшін ажал құша жаздаған

Неліктен Сиам королі сіріңке қорабы үшін ажал құша жаздаған — Тарих бөліміндегі материал.

Материал — Чулалонгкорн, коллекция, филумения, сиамдық король — осы тақырыптарға байланысты.

1868-1910 жылдар аралығында Сиамды басқарған король Чулалонгкорн мемлекет тарихындағы ең ұлы билеушілердің бірі болған. Ол өз корольдігін Англия мен Франция отаршылығынан аман сақтап қалғандықтан, халқы Ұлы Сүйікті Король атап кеткен-ді. Алайда ел қамы үшін жанын аямаған батыл корольдің өмірі кәдімгі сіріңке қорабы үшін үзіле жаздаған.

Чулалонгкорнның бар ынтасымен берілген құмарлығы – сіріңке қорабының заттаңбасын жинау. Мыңдаған сіріңке қорабы корольге дүниенің бар байлығынан да қымбат еді. Тіпті, ол үшін алыс елдерден алдырған сіріңке қорабынан асқан қуаныш болмаған.

Саяхаттарының бірінде сиамдық король Лондонға барған. Бондстритте Сарай адамдарымен бірге жүрген Чулалонгкорн көпір маңындағы жерде жатқан сіріңке қорабын көріп қалған. Дәл мұндай заттаңбалы қорап корольдің коллекциясында болмаған еді. Құдды баға жетпес асылын көргендей ол қорапқа жолбарысша атылады. Оны Англия астанасының көшелеріндегі көліктер легі де тоқтата алмаған еді.

Дәл осы сәтте көпір маңынан өтіп бара жатқан көлік билеушіні қағып кете жаздайды. Король мен көлік арасындағы небары бірнеше сантиметр корольдік билеушісінің өмірін құтқарып қалған-ды. Есі шыққан сарай адамдары шулай жөнеліп, корольге қарай жүгіреді. Ал Чулалонгкорн қауіпті сезбеген, тіпті, секем алмаған да. Қолында қысқан қорабы бар. Жүзіне күлкі үйіріле сарай адамдарына қараған король шаттықтан бал-бұл жайнап тұрған еді.

Айтпақшы, сіріңкеге қатысты заттарды жинау филумения деп аталады. Ол Кеңес Одағында да үлкен танымалдыққа ие болған. Бұл сөздің грек тілінен аудармасы «отты сүю» деген мағынаға саяды. Алайда бір кездері КСРО-да коллекцияның бұл түріне қатысты қызықты жағдай орын алған еді.

60 жылдардың соңына дейін «филуменя» сөзі «филлумения» түрінде жазылып келген. Сонымен қатар мемлекетте коллекция жиюшыларға күдікпен қарап, тіпті, жинауға рұқсат етілетін заттар тізімі де жасалған. Сіріңке қорабы мен заттаңбасын жинауға рұқсат етілген. Алайда мұндай коллекция атауы құжаттарда «филумения» ретінде жазылған. Құжатқа партия идеологы М.А.Суслов қол қойғандықтан, жіберілген ағаттықты түзеуге ешкімнің батылы жетпеген.

Тіпті, бұл жағдайға қатысты қиыннан қиыстырып сылтау да тапқан: «филократия» немесе «филателия» сөздерінде бір ғана «л» әрпі кездеседі, сондықтан «филумения» сөзінде түзейтіндей ештеңе жоқ.

Сіріңке заттаңбасын жинастыру жөнінде сөз қозғағаннан кейін, рекорд жасаған адам жөнінде айта кеткеніміз жөн. Ең көп коллекция жинаған - жапондық Йошизава. Оның коллекциясында әлемнің 130 елінен жиналған 743 512 сіріңке қорабы бар.



WhatsApp Telegram

Пікірлер (1)

Еркін

Бір елдің басшысы бола тұра қағаз жинағаны бір түрлі екен, неше түрлі адам бар

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Неліктен Сиам королі сіріңке қорабы үшін ажал құша жаздаған деген не?

Бұл бетте Неліктен Сиам королі сіріңке қорабы үшін ажал құша жаздаған тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.

Бұл мақала қай бөлімге жатады?

Бұл материал Тарих бөліміне жатады.

Осы тақырыпқа ұқсас материалдарды қайдан табуға болады?

Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты материалдар арқылы көруге болады.

Осы тақырыпқа қатысты басқа материалдар

Неліктен Сиам королі сіріңке қорабы үшін ажал құша жаздаған материалы Тарих бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.

Тарих бөліміндегі басқа материалдар Чулалонгкорн тақырыбындағы материалдар коллекция тақырыбындағы материалдар филумения тақырыбындағы материалдар сиамдық король тақырыбындағы материалдар заттаңба тақырыбындағы материалдар сіріңке тақырыбындағы материалдар