Өлең, жыр, ақындар

Менің кәсіби ұстанымым

Еліміздің ертеңі-бүгінгі жас ұрпақтың қолында,  ал ұрпақтың тағдыры ұстаздардың қолында.

Н.Ә.Назарбаев

«Тәрбиеші-зор тұлға, ол күннің құдіретті сәулесі іспетті»-деп Абай атамыз айтқандай, адамға күн шұғыласы қандай қажет болса, тәрбие де сондай қажет. Кезкелген адамның толыққанды тұлға болдып қалыптасуына тәрбиешінің берері мен үйретері мол. Егеменді еліміздің әлемдік аренадағы орыны, бәсекеге қабілеттілігі оның білім көрсеткішімен белгіленеді. Ал жас буын ұрпаққа білім беру, білім беріп қана қоймай ұтқыр тәрбиелеу ұстаздар мен тәрбиешілердің басты міндеті. Тәрбиеші ретінде алдымызға келген әрбір баланы жас бұтақтай баулу, оған күн жылуынан асқан жылу мен мейірімділік төгу, судың тазасын бергендей тәрбиенің һәм асылына үйрету, түзу өсіріп, тура жол сілтеу әрбір тәрбиешінің ақ борышы. Осы борышты орындау барысында ең алдымен мен қандай бақташымын, қандай педагогпын деген сұраққа жауап іздеу керек. Жалпы педагогика - мың мінездің басын біріктіріп, бір жиынтық мінез тудыратын ғылым. Ал педагог - мінездің дұрыс қалыптасуын қадағалайтын, білімді де білікті маман, адамдық пен жаңашылдықты ту еткен абзал жан.

Сәби мінез, таза көңіл жас буынды баланы тәрбиелеу барысында, оның ішкі жан-дүниесіне терең үңіле білу, оның бар мінез-қылығын зерттеп түсіну, онымен тіл табысып, дос бола білу ең бірінші қадам. Жылы сөз тәрбиенің кілті де, құлпы да әр тәрбиеленушіге жылы сөйлеу оның жан сарайның есігін ашады, оның әрбір айтқан сөзін таңданыспен тыңдап, оның ойының құндылығын, ерекшелігін жеткізіу баланың зейінін оқуға аударып, құлшынысын, жігер-ынтасын арттырады. Осыдан кейін ғана баланы мына дүниенің тылсым күшін, табиғат заңдылығын, құбылыстар мен жаңашылдықтарды, ұлылар мен даналарды, қарапайым ережелер мен асыл қасиеттерді үйренуге шақыра аласың. Француз ағартушысы, жазушы Жан-Жак Руссо «Бала туғанда ақ қағаздай болып таза туды, оның үстіне шыймайды қалай салсаң, қағаз бетіне солай түседі, бала тәрбиесі сол сияқты, өзің қалай тәрбиелесең ол солай тәрбиеленеді» деген нақыл сөзі осы мектепалды даярлық сыныбының балаларына арналғандай.

Тәрбиешінің әрбір өткізген сабағы баланың ақыл-ой парасатын дамыта білетіндей, баланың жас ерекшелігіне сай құрылса, баланың да қабылдауына оңай әрі жеңіл болады. Өзімнің еңбек жолымда әрдайым балалардың тілін, ой-өрісін, тіл байлығын дамыту мақсатында ертегілерден көріністер ұйымдастырамын. Себебі бала ролде өзі ойнаса сол кейіпкердің бойындағы барлық қасиеттерді бойына сіңіруге тырысады. Адам бойындағы құнды да қастерлі қасиеттерді тек тізіп айтудан гөрі, оны іспен көрсету ұтымды әдіс. Тәрбиелену міндет те борыш та сондықтан ең алдымен әр шәкірт бұның бәрін үйренуді міндет ете білуі қажет.

Міндетті орындай алған бала армандай алады, мақсат қоя біледі. Нағыз тәрбиеші тәрбиеленушінің адами құзіреттілігін арттырып жеке, дара да дана тұлға қалыптастырады емес пе? Ендеше оқушына армандай алуға, қиялына қанат бітірп, ғажайыптар әлеміне саяхаттауға үйрету бұның алғы шарты.

Біздің мақсатымыз - шәкіртті жанды қуыршақ етіп тәрбиелеу емес, ойшыл, епті, ерікті, сезімтал, парасатты, рухы биік, ерік-жігері берік, арманы асқақ етіп, рухани тәрбиелеу. Осы рухани тәрбиені қағида ретінде алып, жаңа технологиялық бағытта және әлемдік деңгейде сапалы да саналы білім беру, тәрбиеленушінің дүниетанымын кеңейту.

Тәрбие барысында ең алдыңғы шепке ұлтжандылық пен патриотықты, Отан сүйгіштік пен еліне адалдықты, елінің тарихын қастерлеу мен жаңашылдыққа, бәсекелестікке қабілетті ету. Бұл міндеттерді орындай алған баланың ұстазы - нағыз ұстаз. Осы орайда Конфуций ғұламаның мына сөзін әрдайым басшылдыққа алып жүремін. «Маған айтып берсең-ұмытып қалармын, көрсетсең – есімде сақтармын, өзіме жасатсаң үйреніп алармын». Алдыңдағы әр шәкірке не нәрсені болсын аса жоғары ынтамен үйретуге, ұғындыруға тырысамын. Менің бүгінгі айтып түсіндіргенім оның ертеңгі өміріне  аса қажет дүние болмасына кім кепіл?

Ақырын жүріп, анық бас,
Еңбегің кетпес далаға.
Ұстаздық еткен жалықпас,
Үйретуден балаға, - дегендей ұстаз ешқашан шәкіртіне үйретуден жалыққан емес, Егеменді Қазақсатанның болашақ ұрпақтарын тәрбиелеу біздің қолымызда. Көгімізде қыран құсымыз еркін қалықтап, жерімізде тұлпарлар дүбірі мен ұлылар өсиеті жаңғырып тұр. 25 жылдық тарихымызда өзге дамыған елдермен тереземіз тең. Оның басты себебі Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың білім мен тәрбие саласындағы ұтымды саясаты деп білемін.

Қортындылай келе мектепалды даярлық тобы тәрбиешісі ең озық педагог, психолог, ғалым және асқан дарын иесі болу керектігіне көз жеткіздім. Бес жастағы бала зейінін дамытып, жеке тұлғаға айналдыру әр тәрбиешінің басты міндеті. Сондықтан бала жүрегіне жылылық ұялатып, қабілетімен дарынын ашу әр тәрбиешінің алдына қойылған ең басты міндеті деп түсіндім

«Нашар ұстаз шындықты қайталайды, жақсы ұстаз сол шындықты іздеп, табуға үйретеді.»  депті Адольф. Жақсы тәрбиеші болып, ізденімпаз да алғыр, ұтқыр шәкірт тәрбиелеу ұстаздықтың ең биік шыңы.

ШҚО, Тарбағатай ауданы, Шорға ауылы
Ыбырай Алтынсарин атындағы орта мектеп
Тәрбие ісінің меңгерушісі
биология және xимия пәнінің мұғалімі
Мухагалиева Алма Сейтсмагуловна


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз