Өлеңдер Бөлімі

Адамгершілік және білім

Адамшылық қосылып,
Болған дұрыс білімді.
Өзгелерге әркез ұнап,
Жетелейсің  өзіңді.

Дүние есігін ашқан әрбір пенде қиыншылығы мен қызығы мол өмірде әр түрлі жағдайларға жолығады. Күйбелең өмірді кешу барысында бойындағы асыл қасиеттері мен мінездері тағдырдың сынына қарай толығып немесе азайып отырады. Адамгершілік және білім тұрғысынан кейбір адамдардан «Адамда білімі болмай-ақ қойсын, ең бастысы адамгершілігі болса жетіп артылады» деген сөздерді естіп жатамыз. Сонымен қатар бұл ойға да қарсы шығатын жандарды да кездестіреміз. «Ең бірінші білімді болу керек, әйтпесе болмайды» дейтіндердің ойы да қате емес. Қасиетті Құран Кітапта да бұл екі асыл қасиет туралы тұшымды да нақты дәйектер келтірілген. Қазіргі заманда білімсіздің күні қараң. Жұмысың болмайды. Жұмысың болмаған соң, күнкөріс қамын да шешу қиын. Білімің болмай тек адамгершілік қасиетті берік ұстансаң да, әйтеуір бір нәрсенің жетіспейтіні анық білініп тұрады. Мағыналары терең осы екі қасиетті денеміздегі ми мен жүрек деп алсақ, қалай болар еді? Жүректегі тұнып тұрған адамгершілігің қарайса, мидағы сарқылмас білімің де жүректің ыңғайына қарай таусыла бастайды. Керісінше болуы да мүмкін. Сол себепті әрбір жанның бойында кез келген уақытта адамшылық та, білімділік те табылуы керек. Бойында осы екі қасиеті бір-бірімен ұштасқан пендені «толыққанды» деп айта аламыз деп ойлаймын. Қос мінездің бірінсіз өмір сүріп жатырғандар да жетерлік. Күнделікті жолықтырып та жатырмыз. Олардың өмірлері, әрине жаман емес. Алайда адамгершілік пен білімділікті жанына серік етіп, қатар ұстанған адам ғана алдынан кезіккен қиындыққа еш мойымай төтеп бере алары сөзсіз. Егер кішкентайынан баланың бойына осы екі асылды бірге дарытсақ, келешекте мықты маман, иманды жүрек иесіне куә болатынымыз даусыз.

Суюншкалиева Данагуль Хамзиевна
Батыс Қазақстан облысы
Казталов ауданы
Қараөзен мектеп-лицейі жанындағы
Айгөлек шағын орталығының тəрбиешісі


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Қарап көріңіз

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

×