Бейбітшілік - ел тірегі

Басты бет / Оқушылардың өзге жұмыстары / Бейбітшілік - ел тірегі

Бейбітшілік - ел тірегі — Оқушылардың өзге жұмыстары бөліміндегі материал.

Материал — Эссе, Бейбітшілік — осы тақырыптарға байланысты.

Кез келген азамат үшін "бейбітшілік" сөзінің құны жоғары. Сондықтан да біз тыныш та, еркін заманда өмір сүргенді қалаймыз. Бейбітшілік деген – адамзаттың өз елінде еркін өмір сүріп, шуы жоқ ортада өз болашағын құруы. Бейбіт заман барлық елдің басына қонатын бақ құсы емес. Әлемде таңының тыныш атып, күнінің тыныш батқанын армандайтын талай адамзат өмір сүріп жатыр. Сіз де, біз де бейбіт заманда өмір сүруге лайықпыз. Осы бейбіт заманның ғұмырының баянды болғанын тіледік. Әрбір жас азамат өз елінің тарихын, тарихи тұлғаларын, олардың өнегелі істерін оқып біліп, ұлттық дәстүрлеріміз бен әдет-ғұрыптарымызды, мәдениетімізді ұғынып, туған өлкеміздің тау-тасын, өзен-көлін, қазба байлығын өзімдікі деп сезініп, оны қорғай да білетіндей болу керек.

Әрбір азамат туған өлкесін, елін, жерін, салт-дәстүрін, тарихын құрметтейтін, сүйетін, мақтан тұтатын, Ұлтжанды азамат болу керек. Ол үшін өткенін біліп, бағалау керек. өзі туған қасиетті Отанын оттан да ыстық бағалау, сүю керек деп ойлаймын. Ұлтымыздың мақтанышы Қ.И.Сәтбаевтан шетелдіктер: қазақ деген халық сіз сияқты сымбатты да, ірі ме?дегенде, Қ.И.Сәтбаев:»халқым менен де биік, менен де сымбатты»-деген екен ендеше сол ағаларымыздай Ұлтжанды, білімді ұрпақ бола білейік.  «Саусақ бірікпей, ине ілікпейді» дегендей, баршамыз бір шаңы­рақ иесіндей жұдырықша жұмылар болсақ, бейбітшілікті әлемге ­талай паш етеріміз белгілі. Бүгінгі еліміздің бейбітшілігі – біздің ортақ еңбегіміздің нәтижесі.

«Шорнақ» жалпы орта мектебінің
7«Ә» сынып оқушысы: Шитай Айжан
Жетекшісі: Жумагулова Раушан Боранбаевна



WhatsApp Telegram

Пікірлер (1)

Жаннұр

Бибітшілік туралы мақалдар

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Бейбітшілік - ел тірегі деген не?

Бұл бетте Бейбітшілік - ел тірегі тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.

Бұл мақала қай бөлімге жатады?

Бұл материал Оқушылардың өзге жұмыстары бөліміне жатады.

Осы тақырыпқа ұқсас материалдарды қайдан табуға болады?

Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты материалдар арқылы көруге болады.

Осы тақырыпқа қатысты басқа материалдар

Бейбітшілік - ел тірегі материалы Оқушылардың өзге жұмыстары бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.

Оқушылардың өзге жұмыстары бөліміндегі басқа материалдар Эссе тақырыбындағы материалдар Бейбітшілік тақырыбындағы материалдар