Балабақшадағы сәбилік шағынан тәрбиеленіп келе жатқан балада музыканы тыңдау, оны түсіну, ән салу қабілеттері бірте-бірте қалыптасады.
Менің алдыға қойған мақсатым, мектеп жасына дейінгі балалардың бойына ән салу дағдыларын қалыптастырып, оның ішінде өнерге деген қабілеті бар баланың ынтасын ары қарай дамытуға жол ашу.
Қабілет дегеніміз - бала бойындағы болашақта алатын білімі мен іскерлігіне тікелей берілетін мүмкіндік. Балаларға арналған түрлі конкурстар мен фестивальдар осындай мүмкіндіктерге жол ашады. Топпен ән айту кезінде ән айту мәнерімен, өзін-өзі сахнада емін-еркін ұстауымен ерекше көзге түсіп жүрген, «№4 Ветерок балабақшасындағы», «Тұлпар» тобының тәрбиеленушісі Ақжігітова Ханшайымның болашағынан зор үміт күтуге болады.
Ханшайым Алматы қаласында жыл сайын өтетін Республикалық «Күншуақ» фестиваль-конкурсына қатысып, өнерін көрсетіп, 2015 жылы өткен «Рауан» фестивалінен 3 орын алса, биылғы жылы 12 наурызда өткен «Первые шаги» фестивалінен «Анам-әжем» әнін нақышына келтіре орындап, 1 жүлделі орынға ие болып, лауреат атағын алып келді.
Тұла бойында қандай да бір өнер қонған баланың жан дүниесі аса сезімтал, өмірге құштар, мінезі көркем болып өсетіні анық. Бұл ретте «Өнерлінің өрісі - кең» деген халық даналығы тауып айтылған. Музыканы түсініп, әсемдік пен әдемілікті сезіне өскен бала қоғамға тек пайдасын тигізетін, саналы да білімді, тәрбиелі, адал азамат болып өсері сөзсіз!
Ханшайымның осындай жетістіктерге жетуіне бірден бір көмегін тигізіп, қолдау көрсетіп жүрген Анасына алғысымды білдіремін!
Панфилов ауылы
«№4 Ветерок балабақшасының»
ән-әуен жетекшісі: Байғабыл Лайла Жұмашқызы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі