Көзімнің қарасы
Бұл бетте «Көзімнің қарасы» атты Абай Құнанбайұлы жазған өлеңнің мәтіні толық жарияланған.
Көзімнің қарасы,
Көңілімнің санасы,
Бітпейді ішімде,
Ғашықтың жарасы.
Қазақтың данасы,
Жасы үлкен ағасы.
Бар демес сендей бір
Адамның баласы.
Жылайын, жырлайын,
Ағызып көз майын.
Айтуға келгенде,
Қалқама сөз дайын.
Жүректен қозғайын,
Әдептен озбайын.
Өзі де білмей ме,
Көп сөйлеп созбайын.
Тереңдеп қарайсың,
Телміріп тұрмайсың.
Бихабар жүргенсіп,
Бек қатты сынайсың.
Сан кісі мұңайсын,
Сабырмен шыдайсың.
Күйемін, жанамын,
Еш рахым қылмайсың.
Ақылсыз би болмас,
Сәулесіз үй болмас.
Жүректе оты жоқ,
Адамда ми болмас.
Шын ғашық сый болмас,
Сый болса, сыр болмас.
Арызымды айтайын,
Құй болар, құй болмас.
Кең маңдай, қолаң шаш,
Я бір кез, я құлаш.
Ақ тамақ, қызыл жүз,
Қарағым, бетіңді аш!
Қара көз, имек қас,
Қараса жан тоймас.
Аузың бал, қызыл гүл,
Ақ тісің кір шалмас.
Қыр мұрын, қыпша бел,
Солқылдар соқса жел.
Ақ етің үлбіреп,
Өзгеше біткен гүл.
Қарағым, бермен кел,
Бізге де көңілің бөл,
Қалқамның нұсқасын,
Көр, көзім, бір кенел.
Қайғың – қыс, жүзің – жаз,
Боламын көрсем мәз.
Күлкіңіз бойды алар,
Бұлбұлдай шықса әуез.
Кісімсіп дүрдараз,
Бұраңдап қылма наз.
Мал түгіл басымды,
Жолыңа берсем де аз.
Иісің – гүл аңқыған,
Нұрың – күн шалқыған.
Көргенде бой еріп,
Сүйегім балқыған.
Қаяусыз қалпынан,
Өзі артық даңқынан.
Қызыл тіл шыға алмас,
Мақтаудың шартынан.
Сенсің – жан ләззәті,
Сенсің – тән шәрбәті.
Артықша жаратқан,
Алланың рахматы.
Көрік – тәңірі дәулеті,
Қылса ұнар құрметі.
Сұлуды сүймектік —
Пайғамбар сүндеті.
Не десем саған еп?
Ғашығың да қайғы жеп.
Өртенген жүрекке,
Бір көрген болар сеп.
Біздердей ғашық көп,
Қайсысы саған дөп?
Жөндеп те айтпадым,
Жүрегім лүпілдеп.
Назыңа кім шыдар?
Бұраңдап жүр шығар.
Қасқая күлгені,
Қылады тым құмар.
Ер емес қымсынар,
Әркім-ақ ұмсынар.
Құдай-ау, бұл көңілім,
Күн бар ма бір тынар?
Абай құнанбаев өте керемет ақын
Абай Құнанбаев ең керемет ақындардың бірі!мен ол кісінің өлеңдерін шығармаларын романдарын жаксы көремін!
АБАЙ ҚҰНАНБАЕВ атамызды өте қатты жақсы көремім Қазақтың атын әлемге танытқан адам
Барлық өлеңдері маған қатты ұнайды.❤
А. Құнанбаев керемет ақын
Өте керемет мағанда ұнаит өлеңдері❤
Абай Құнанбаев ең керемет ақын❤❤❤
Өте күшті
Абай құнанбаев ең керемет дана да дара да тулға ешқандай жан ол кісіге тең келе алмайды. Өйткені мың жылда бір туар тулға
Абай Кунанбаев атамыз озинин поэма,кара создеримен,олендеримен бизге танымал.Биз осы Абай атамыздын жолын жалгыстыруымыз керек.Абай атамыз оте дара киси болган.Биз оны сыйлап,курметтеуимиз керек деп ойлаймын.Иа мен онын оленин катты жаксы корем.Онын арасындагы маган унайтын ани Козимнин карасы
маған ұнады осы көзімнін қарасын бізге қазақ әдебиетінен жазуға берген осылай тек абай атамыз жазалады
Өте жақсы өте жақсы
Маған көзімнің карасы өлеңі өте ұнайды өте керемет сөзі де әні де керемет
Абай Құнанбаевтың өлеңдері өте керемет. Әр бір қара өлең сөздерінде бір ойсалар ақыл сөздер бар.
Маған Абай Құнанбаевтың бар өлеңі қара сөзі ұнайды осы өлеңдерінің ішінде көзімнің қарасы өлеңіммаған өте қатты ұнайды. Абай Құнанбаев бір тума ақын ғой шіркін
өте
Өте керемет
Өте керемет өлең.Маған өте қатты ұнады.
Керемет əн❤❤
Менделеева осы акыннынг оленгдерин унатамын
Көзімнің қарасы маған қатты ұнайды. Беріліп тұрып оқыдым ғой. Әнімен де оқыдым қызық екен.
Абай қазақтың ұлы ақынғо соны енд біліп жатсыңдарма
Маған да өтеген қатты ұнайды.көзімнің қарасыру дегенді жаттапен алдым❤❤
Керемет. Шіркілдек ай.
А.құнанбаев өте керемет ақын өлеңдері өзегіңнен өткізіп жүрегіңе жүрегіңе апарады
Абай Құнанбайұлының Көзімнің қарасы өлеңі супер мықты
Ең сүйікті өлеңім
Көзімнің қарасы ❤❤
Керемет
Абай атамыздың өлеңдері бала кезімізден құлаққа сіңіп қалған.Әдебиет сабағында өлеңдерін мәнерлеп жатқа айтып беретін едім сол әдебиет сабағыннан бес алатынмын. БІЗ неге сол кезде ақын жазушылардың өлең шығармаларын жатқа білеміз.Себебі бізде білім бар еді.Қазір ше ?
Өте әдемі өлен
Керемет ,бірақ ұзақ екен. Не деген ынта!!
Сигма
Абай Жолын 3 кытап окып отырмын. Енды осы оленды окынан кезде. Козымнен жас токтар емес. Абайдын журегынен шыккан шын гашыктык аныгой. Колы жетпей кеттыгой ((((
Абай Құнанбайұлының «Көзімнің қарасы» өлеңі — махаббат пен адам сезімінің нәзік қырларын көркем тілмен жеткізген әсерлі шығарма. Ақын образы мен сөз таңдауы оқырманды терең толғанысқа жетелейді. Бұл өлеңді қазақ поэзиясының ең құнды туындыларының бірі деп санауға болады.
Абай Құнанбайұлының «Көзімнің қарасы» өлеңі — жүрекке жол табатын терең сезім мен шынайы махаббатты жырлайтын нағыз классикалық туынды. Ақынның бұл шығармасы поэзиясының көркемдік бейнесін, нәзік сезім мен адам жан дүниесінің сырлы қырларын нақты әрі әсерлі жеткізеді. Өлеңнің тіл байлығы мен бейнелі ойы қазақ әдебиетінің асыл мұрасы екені сөзсіз. Осындай рухани маңызы бар шығармаларды осы порталда оқуға мүмкіндік бергендерге алғысымды білдіремін!
Абай Құнанбайұлының «Көзімнің қарасы» — махаббат пен адам сезімінің нәзік, терең қырларын керемет поэтикалық тілмен суреттеген классикалық өлең. Ақын жүрек толғанысын, сүйіспеншіліктің сезімтал сәттерін шынайы әрі әсерлі жеткізеді, оқырманды бойдағы жылулық пен әсем сезімге терең бойлатындай. Бұл шығарма — қазақ поэзиясының шынайы көркемдік нәзіктігі мен рухани байлығының айқын көрінісі, сондықтан оны оқу — адамға эстетикалық ләззат қана емес, рухани толғаныс сыйлайтын маңызды тәжірибе.
“Көзімнің қарасы” — жүрекке жылы тиетін, махаббат пен сезім туралы сұлы сөзге толы өлең. Абайдың сөзі маған үлкен әсер қалдырды!
Керемет
Ең керемет өлең❤️