Астанадағы білім беруді дамытуға арналған бағдарламаның жобасы даярланды. Аталған құжатты алдымен сарапшылардың талқылауынан өткізу жоспарланған. Негізгі мақсат - балабақша, мектеп пен колледждердің білім беру сапасын көтеру.
"Бүгін біз бағдарламаның жобасын алғаш рет талқыға салып отырмыз. Соның аясында қаладағы барлық білім беру мекемелерінде аудит өткізіп, білім беру сапасын көтерудің өзекті мәселелерін анықтауды көздейміз. Балабақша мен мектеп орындарының тапшылығы былай тұрсын, ұстаздардың кәсіби біліктілігі, оқыту әдістемелері және тағы басқа проблемалар зерделенеді. Сөйтіп, әрбір мекеменің проблемаларын анықтау қажет. Осы орайда үздік балабақшалар, мектептер мен колледждердің тәжірибесі кеңінен қолданылады. Осылайша, білім беру мекемелерінің өзара тәжірибе алмасуларын күшейтіп, қаланың білім беру сапасын көтеру керек. Біздің негізгі мақсатымыз - білім беру мекемелерінің тәжірибелік алшақтығын барынша азайту, білімнің сапасын біркелкі ету. Қаланың шеткі аудандары жалпы білім беру сапасынан қалмауы тиіс", - дейді Астана қалалық білім беру басқармасы басшысының міндетін атқарушы Әнуар Жанғозин.
Оның айтуынша, жаңа бағдарламаны талқылаудан өткізгеннен кейін арнайы сарапшылар тобы құрылуы мүмкін. Аталған топ Астанадағы білім беру мекемелерінің оқыту сапасын тексеретін болады. Ол жұмысты жаңа жылдан бастау жоспарланып отыр.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі