Баяндама: «Ағылшын тілі сабағында ойын технологиясын пайдалану.»
Ағылшын тілі сабағында ойын технологиясын пайдалану. Шет тілдерін үйрену, әсіресе ағылшын тілі қазіргі – заманның қажеттілігі.
Н.Ә. Назарбаев.
Ағылшын тілі пәнінің мұғалімі: Еламанова Гульхан Усербаевна.
Ақтөбе қаласы, №51 гимназия
Шетел тілі біздің мемлекетіміздің халықаралық байланыстарын дамытуға мүмкіндік беретін тұлғааралық және мәдениаралық қарым-қатынастардың аса маңызды құралы болып табылады. Мемлекеттің халықаралық байланыстарының сапалық өзгерістері адамның практикалық және зияткерлік іс-әрекетінде шетел тілдерінің сұранысқа ие болу қажеттілігін туғызып отыр.
Ағылшын тілі – XXI ғасырдың тілі.Бұл тіл қазақты дүниеге танытатын, әлемдік деңгейге шығаратын тіл.Оған біз алдағы өтіп кеткен ЕҚҰБ(ОБСЕ) Саммитіне төрағалық еткен кезіміз осының бір дәлелі бола алады. Еліміздің шет елдермен қарым-қатынасымыз күшейіп отырған қазіргі кезде оқушылардың шет тіліне қызығуын, білімге құштарлығын ояту, танымдық белсенділігін арттыру әрбір шетел тілі мұғалімінің міндеті.
Еліміздің тәуелсіздік алып, дербес мемлекет болып, нарықтық қатынастар заңымен өмір сүруге бет бұрып, шет елдік мемлекеттермен терезесі теңесіп тұрған кезеңінде, білім беру жүйесі де өз алдына бөлек дамып, күрделене түсуде. Бұл өз кезегінде қазіргі таңдағы педагогика саласындағы оқу үрдісінің басты мақсаттары мен міндеттерінің жоғары деңгейде қойылуына өз әсерін тигізуде.
Білім беру жүйесінде білім алушылардың білім сапасын арттыру мәселесінде ғылым мен тәжірибенің бір-бірімен өзара байланысқан, көптен қалыптасып келе жатқан қарама- қайшылықтарын шешу басты мәселелердің бірі болып табылады. Сол мәселелердің ішіндегі ең бастысы оқыту үрдісіндегі оқытудың әдістері мен формаларының мазмұнының сәйкес келмеуі. Осы орайда, әлі де жаңа инновацияның бірі болып табылатын, өте қызықты және алдынан үміт күттіретін оқыту әдісінің бір түрі-ойын арқылы оқыту әдісі. Күнделікті бір сарынды, дәстүрлі сабақпен оқушыларды қызықтыра алмайсың, керісінше жалықтырып аламыз. Ағылшын тілі сабағында білім сапасын арттыру үшін ойын технолдогиясын қолдану керек.
Ойын ойнау арқылы оқушылар өздерін көрсете алады, өзара қарым – қатынасқа түседі, жеңіске деген ұмтылыс пайда болады. Күнде дәстүрлі сабақ өткізу арқылы, қалаған нәтижеге жетуге болмайды. Ойын арқылы ағылшын тілін үйрету барысында кездесетін қызықсыз тақырыптарды жеңіл, оңай меңгертуге болады. Ағылшын тілі сабағында ойын технологиясын пайдалану арқылы оқушы құзыреттілігі дамиды. Құзыреттілік – оқу нәтижесінде өзгермелі жағдайда меңгерген білім, дағдыны тәжірибеде қолдана білу, проблеманы шешу, дайындық сапасының құрылымдық сипатын анықтайтын жаңа сапа. Жаңа білім жүйесіндегі басты назар аударылатын мәселелердің бірі әр оқушының құзыреттіліктер жиынтығы білім нәтижелері ретінде игеруіне бағдарланған. Тиімді қолданылған кез келген технология білім сапасын арттыратыны ақиқат.
ХVII-XX ғасырларда ойын әрекетін түсіндіруде жаңа көзқарастар, пайымдаулар орнығып, төмендегідей ғалымдар ойын әрекетінің философиялық негіздерін ғылыми тұрғыдан қарастырды,олар: Г. Гегель, В. Вундт, Ф. Шиллер, К. Бюлер, В. Фриге, К.Гросс, Г. Спенсер, И. Хейзинга, И. Кант, Г.М. Мейес, В.М. Демин, М.А. Каган, т.б. ғалымдар ойын теориясының қалыптасуы мен дамуын, ойын іс-әрекетінің әлеуметтік жақтарын анықтап, оның баланың қиялы мен ойлау қабілетіне оң әсер ететінін анықтаған.
Ойын – күрделі биологиялық, психологиялық, педагогикалық ұғым. Психология тұрғысынан ойынды зерттеуге Л.С.Выготский, С.Л.Рубинштейн, Д.Б.Эльконин, Б.Г.Ананьев, А.Н.Леонтьев секілді ғалымдар ат салысты. С.Л.Рубинштейннің психологиялық көзқарасы бойынша «ойын негізінде адамның барлықпсихикалық қабілеттері қалыптасады, баланы ересек өмірге дайындайды. Ойын арқылы баланың қоршаған ортамен қарым-қатынас жасауына мүмкіндік туады . Ойын - адам іс-әрекетінің негізгі түрінің бірі. Ол адам іс-әрекет жүйесінің негізгі құрамдық бөлігіне кіреді. Ойын іс-әрекетінсіз адамдардың, қоғамның, жеке адамның дамуы мүмкін емес.
Қоғамдағы ойын іс-әрекетінің обьективті маңыздылығын білімді, шеберлікті, дағдыны қалыптастыру бағытынан көрінеді. Бұл туралы орыс педагогы А. Макаренконың айтылған сөздері орынды: «Оқушы өмірінде ойының маңызы зор, ересек адам үшін еңбектің, жұмыстың, қызметтің қандай маңызы болса, нақ сондай маңызы бар. Жеке адам ойында қандай болса, өскесін жұмыста да көп жағынан сондай болады. Сондықтан келешек қайраткерді тәрбиелеу алдымен ойында басталады.
Ойын оқушылар үшін - айналадағыны танып-білу тәсілі» - деп тұжырымдайды . Бастапқы және кейінгі этаптарда ағылшын тілін оқытудағы бір негізгі аспект ол ойын элементтерін тиімді пайдалану болып табылады. Ойын арқылы бала қоғамдық тәжірибені меңгереді, сондықтан әр сабақ үрдісінде қандай ойын қолдануға болатынын сабақтың мақсатына, жас ерекшелігіне сәйкес таңдау керек.
Ойындар бес негізгі түрге бөлінеді:
1) үстел үсті ойындары
2) дидактикалық ойындар
3) қозғалыс ойындары
4) іскерлік ойындар
5) интеллектуалдық ойындар
І. Үстел үсті ойындары. Оқушылардың зейінділігін дамытатын, ой-өрісін кеңейтетін құрал. Сыныпта үстел үсті ойындарын топтық және дара жұмыста қолдануымызға болады. Бұған ребус, кроссвордтар жатады, оларды тақтада, ватман қағазында, қима қағаздарда немесе компьютерде орындауға болады. Бұл ойындарды қорытынды, білімді тиянақтайтын сабақтарда қолданған тиімді.
ІІ. Дидактикалық ойындар. Оқушылардың таным белсендігін жандандыратын, өздігінен ойлауын дамытатын тәсілдердің бірі. Олар кез-келген оқу материалын қызықты да тартымды қылып, оқушылардың көңілді күйін көтеруге, өздерінің жұмыстарына қанағаттануға және білім үрдісін жеңіл меңгеруге көмектеседі.
ІІІ. Қозғалыс ойындары . Бұл ойындар оқушылардың іс-әрекеттерін бір түрінен басқа түріне тез ауысуға көмектеседі және ешқандай арнайы дайындықты талап етпейді. Бұларды жабық бөлмеде немесе ашық аланда да өткізе аламыз.
IV. Іскерлік ойындар . Оқушылардың оқу мазмұнын терең меңгеруге және пысықтауға ықпал етеді. Олар саяхат сабақтарда белсене қатысуымен, ауызша мәлімдеуімен, күйзелуімен білімдерін жандырады. Іскерлік ойындар оқушылардың қиялын дамытады, салыстыруға және дәлелдеуге үйретеді.
V.Интеллектуалдық ойындар. Бұл ойындар оқушылардың зор белсендігін оятады. Бұл категорияға «ұғымталдыққа, жүйріктікке, зеректікке» бейімделген тапсырмалар – шарадалар, жұмбақтар, бас қатырғыштар жатады.Кез келген ойынды қолданғанда келесі мәселелерді естен шығармау керек: -мектепте әр-түрлі ойындарды ойнаған бала шығармашылыққа дайын; -ойын, оның түрі, мазмұны оқушылардың жас ерекшеліктеріне сай болуы; -жарқын көрнекілік ойынды талапқа сай өткізуге ықпал етеді; -ойынның қызықты материалы тақырыппен тығыз байланыста болуы;
Менің сабақ барысында пайдаланатын кейбір ойындардың үлгілері: Interviewing an interesting person. Бір оқушы танымал атақты адамның (саясат қайраткері, әнші, актер, спортшы, т.б) ролін ойнайды. Сыныптастары әртүрлі сұрақтар қоя отырып, оның кім екендігін табуы тиіс. Сұрақтар былай болуы мүмкін: What's your hobby? What kind of meal/ sport/clothes/ do you like? Are you a man or a woman? Are you married or a single? т.б.
Just the facts.
Мұғалім тақтаға 3 сұрақ жазады, мыс: What kind of music do you like? Where do you usually listen to music? Who is your favourite singer? Әрбір оқушы 3 үлестірмелі қағаздан алып, оның әрқайсысына, әр сұраққа жауап жазады. Мұғалім барлық қағаздарды жинап алып, араластырады да, әр оқушыға 3-3тен таратады. Балалар сынып ішінде сұрақ қоя жүріп, қолындағы карточканың иесін іздейді. Барлық карточкалар өз иесін тапқанда ойын аяқталады. Бұл ойынды Мектеп баспасынан шыққан, авторлары: Т.Д. Кузнецова, П.Г. Козлов. 8 - сынып оқулығындағы «Music in our life» тақырыбын өткенде немесе музыкаға қатысты сабақтарда пайдалануға болады.
What’s in the bag?
Мұғалім алдымен балаларға бір сумка алып келеді. Балалардан сұрайды. Балалар сумкада не бар? Балалар ішінде дәптер, қалам, кітап бар деп айта бастайды. Мұғалім бұл ойынды сабақ соңында қолданса болады. Әсіресе жаңа сөздерді еске түсіру үшін қолдануға болады. Мұғалім сумканың ішіндегі заттармен таныстырады.Сумкада не бар? Мұғалім оқушылардан What’s this? Сұрағы арқылы затты көрсету арқылы сұрайды. Мысалы: Pen, copybook, pencil, ruller, rubber деп көрсетеді. Сосын оқушыларға жеке-жеке қайталатады.Сөздерді ұмытпау керек. Сосын оқушыларға сумка ішіндегі заттарды таратып беріп,оқушылардан осы заттарды мына сұрақ арқылы сұрауға да болады.Мысалы: Who has a pencil? Who has a ruller? Жауап бергенде оқушылар кімде екенін табу керек.Оқушылар тапса Janar has a pencil деп табу керек. Бұл ойын оқушының абаққа деген қызығушылығы артып, сөздік қорлары молайып, есте сақтау қабілеті артады
"Is it true or not?"
Ойынды доппен өткізуге болады. Допты кез келген ойыншыға лақтыруға болады және бір сөз тіркесін айтып:"Is it true or not?" деген сұрақ қояды,.Ойыншы допты қағып алып "Yes, it’s true", немесе "No, it’s not true" деп жауап береді. Сосын сол адам допты басқа ойыншыға лақтырады.
“Find the sixth.”
Ойыншылар дөңгелектеніп отырады. Ойынды бастаушы өткен лексика бойынша сөздерді атай бастайды.Мысалы,5 спорттың түрі,5 мамандық,5 мектеп құралдары,5жануар т.с.с.Жалғастыруға ұсынған адам 6-шысын атайды.Егер тез айтса, сол адам жүргізуші болады.Біраз ойланып айтса,бұрынғы адам бола береді. Мысалы:a rubber, a desk, a ruler, a chair, a board…(a pen)[2]Қорыта келгенде сабақта үнемі ойын түрлерін пайдалану тиімді де, жақсы нәтижеге жеткізетінін байқадым.
Ойын – балалар үшін оқу да еңбек те. Қандай ойын болмасын баланы бір нәрсеге үйретеді. Ойын балалардың достық сезімін оятып, бір-біріне қамқорлығы, ұжымдық бірлігі нығаяды. Ойын арқылы баланы жақсылыққа, қайырымдылыққа. ,ізгілікке ,әдептілікке тәрбиелеуге болады.
Ойынның негізгі мақсаты – баланы қызықтыра отырып білімді меңгерту болса, мұғалімнің міндеті – сол ойын түрлерін пайдалана отырып, оқушыларды өздігімен жұмыс істей білуге, ой белсенділігі мен тіл байлығын арттыра түсуге түрлі дағды мен шеберлікті меңгертуге қол жеткізу. Тиімді қолдана білген кез келген технология білім сапасын арттыратыны хақ. Дамыған елу мемлекеттің қатарына кіру үшін білімді ұрпақ тәрбиелейік.Себебі, Қазақстанның болашағы білімді ұрпақтың қолында. Қазіргі жастар - ертеңгі Қазақстанның болашағы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Асылбек
Қолданылған әдебиеттер дегенді де қосып кою керек екен былайша оте тамаша