Биыл Қазақстан Республикасы мен Орталық Азия мемлекеттерінің БҰҰ-ға мүше болғанына 25 жыл. Осыған орай, бүгін Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде БҰҰ «Академиялық ықпалдастық» бағдарламасының Жаһандық хабы ретінде Орталық және Оңтүстік Азия аумағындағы «БҰҰ Жаңа Жібек жолы моделі» (MUN-NSW 2016) атты ірі халықаралық студенттік конференцияның ашылу салтанатты өтті. Конференцияға Үндістан, Пәкістан, Ауғанстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Өзбекстан елдерінің делегаттары, сондай-ақ АҚШ, Италия, Франция және т.б елдердің студенттері қатысуда.

«БҰҰ моделі» - бұл ой талқылау және студенттік конференция режимінде өтілетін танымал әлемдік бағдарлама. Бұл жаңа идеялар, пікірлер, әсер тудыратын, өзін-өзі дамыту мен өз ойын білдіруге бірегей мүмкіндіктер беретін, интеллектуалдық және шығармашылық қабілеттерін, ой-сана мен жаңашыл ойлануды танытып әрі дамытатын үздік мектеп саналады. Халықаралық деңгейде өткізіліп отырған конференцияның негізгі мақсаты – студенттердің бойына көшбасшылық және дипломатиялық қарым-қатынас қасиеттерін сіңіру.
Салтанатты пленарлық отырысқа БҰҰ өкілдері, шетел елшіліктерінің дипломаттары, Алматы қаласының әкімдігі қатысты.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ БҰҰ «Академиялық ықпал» жаһандық Хабына және Орталық Азиядағы тұрақты даму бойынша ЮНЕСКО өңірлік Хабына жетекшілік жасайды. Осы орайда университет ректоры Ғалым Мұтанов мұндай әлемдік деңгейдегі жауапты іс-шараның әл-Фараби атындағы ҚазҰУ базасында өткізілуінің маңыздылығын атап өтті.
Ал, конференцияға қатысушы шетелдік студент-жастар ұйымдастырушыларға өз алғыстарын жеткізді.
Конференцияға алғаш рет қатысып отырған «Қырғыз-Түрік Манас» университетінің студенті Толгоной Маматова: «Қырғыз жастары мен қазақстандық жастардың ұқсастығы көп. Екі ұлттың да жастары жалынды, пейілдері кең, қонақжай болғандықтан, Қазақстанды еш жатырқамай, жақын тартып кеттім» дей келе, өзге ұлт өкілдерімен танысып, тәжірибе алмасып жатқандығын қуана жеткізді.
Алдағы 2 күнде «UN Security Council – “ Drug Trafficking as a Threat to Security in Central Asia»; «General Assembly – “Global Migration as the reflection of employment challenges as well as other trends ( SDG-4, SDG – 8)»; «Human Rights Council – “Modern Slavery and the Issue of Forced Labor (SDG – 10)»; «Environmental Assembly – Pollution in Central Asia (SDG – 13, SDG -14, SDG – 15)»; «International Court of Justice – “Legal Regulation of Cyberspace (SDG – 16)»; «ЮНЕСКО – “Свобода Слова и Влияние СМИ на Самосознание Людей (SDG – 16)» бағыттары бойынша әлемдік кәсіби тренерлер конференцияға қатысушыларға ағылшын және орыс тілдерінде семинар-тренинг өткізеді. Қонақтарды Алматының көрікті жерлерімен таныстырып, экскурсия ұйымдастыру жоспарланып отыр. Аталмыш конференция 30 мамырға дейін жалғасын табады.
Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ
Студенттік баспасөз орталығы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі