Тілдерді дамыту және қоғамдық-саяси жұмыс комитеті «Балалар әлемі» мемлекеттік порталды ашуға дайындалып жатыр.
«Бүгінде балалар көретін мультфильдерге, олар оқып жүрген әдебиеттерге қатысты біраз мәселелер көтеріліп жатыр. Біздің министрлікке тиісті тапсырма да берілді. Аталған бағыттарда жұмыстар басталып кетті. Мәселен, қазір «Балалар әлемі» атты еліміздегі алғаш мемлекеттік үлкен порталды ашу үшін жұмыстар жасап жатырмыз», - деді Ш. Шаяхметов атындағы тілдерді дамытудың республикалық үйлестіру-әдістемелік орталығының директоры Ербол Тілешов бүгін ҚР Жоғарғы сотта өткен дөңгелек үстел отырысында.
Орталық басшының пікірінше, рухани жаңғыру аясындағы «Қазақ тіліндегі 100 оқулық» жобасының бірнеше еңбегін алдымен әдістемеге арнау қажет. Онсыз оқулық жазу қиынға түседі. Сосын АҚШ пен Еуропаға көп әуестенбей, Шығыстың бай мәдени мұрасын да ұмытпау қажет.
«Біз Батысты да, Шығысты да бірдей ұстауымыз орынды. Ол қос қанатымыз болуы тиіс. Мәселен, Америкадан экономика жағынан біраз нәрсені алсақ, этика мен эстетиканы Шығыс бере алады. Осындай сараптау жұмыстарын жүргізген жөн», - деп атап көрсетті Е. Тілешов.
Айта кетейік, бүгін ҚР Жоғарғы сотында «Рухани жаңғыру - мәңгілік ел болудың кепілі» тақырыбында дөңгелек үстел отырысы өтті. Алқалы жиынға тарихшылар, тіл мамандары, әдебиетшілер мен судьялар қатысып, «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» мақаласына, сондай-ақ «Туған жер», «Қазақ тіліндегі 100 оқулық», «Қазақстанның киелі жерлер географиясы» сияқты жобаларға қатысты өз ойларын ортаға салды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі