100%-ға дұрыс тамақтану қайдан болсын, алайда кей кездері азық-түлік сатып аларда оның ағзаға септігін тигізетініне сенімді болғың келеді. Анықталғандай, кейбіріміз бекерге пайдалы санайтын өнімдер бар.
Bilim-all.kz «пайдалы өнім» бетпердесін жамылған сатқындарды басымен ұстап бермекші.
© Michelle Peters-Jones/flickr © Tookapic/pexels
Олардың бар пайдасы тек, бананның құрамымен бірдей: тағамдық талшық, темір, калий және магнийдің болуында. Бірақ өндірушілер бананды қытырлақтарға дәмін арттырғыштар мен қант қосады да, көбіне шыжып тұрған майға қуырады.
Немен алмастыруға болады: тұмшапеште немесе ауада құрғатылып қолдан жасалған қытырлақ банандармен.
© Tabeajaichhalt/pixabay © belchonock/depositphotos
Нанның көптеген түрлері бар. Жиірек құрамында зиянды май кездесетін, қытырлақ нанның кейіпін жамылған снэкилермен соқтығысамыз.
Немен алмастыруға болады: жай ғана құрамын егжей-тегжейлі қараңыз. Онда ашытқы, түрлендірген крахмал, қосынды, бояғыштар, антиоксиданттар болмауы қажет. Жақсы қытырлақ нан бүтін астық дәнінен немесе кесек тартылған дәні бүтін астықтан жасалады.
Глютен – дән құрамындағы ақуыз. Дәл осы глютен ғана ұнды сумен арластыруға мүмкіндік береді. Бірақ ол глютенді көтере алмайтын адамдарға ғана қауіпті, ал ондай адамдар жер бетінде тек 1% құрайды. Қалғандарына глютенсіз азық-түлікті жөнге балап, дәрігердің кеңесінсіз олардан қашудың қажеті жоқ. Бұларда тек зиянды ете түсетін тазартылған қоспалар көп.
Немен алмастыруға болады: әдеттегі нанмен. Оған арқа сүйеп алмаңыз, бірақ қорықпаңыз да.
© yimada/pixabay © Regenwolke0/pixabay
Кептірілген жеміс-жидектер өздігінен пайдалы, бірақ оларды шаңнан қорғап түсін сақтау үшін фунгицидтер мен күкірт диоксидінде өңделеді. Цукатқа (қант қосқан жеміс немесе жемістің қабығы) қатыстысы, оның көп мөлшердегі қант қоспасынан пайдасы азая түседі.
Немен алмастыруға болады: жеміс-жидектерді үйде кептіруге тырысыңыз – бұл тіптен де қиын емес, пайдасы да анағұрлым мол.
© wikimedia © picserver
Балқытылған ірімшіктегі қоспаның молдығымен қатар оның құрамында шектен тыс натрий мөлшері болады. Мәселен, бутербродтағы 3 дана балқытылған ірімшік күндік норманың 2/3 элементін жабады.
Немен алмастыруға болады: түрлі сапалы ірімшік сорты, тұздалған сүзбемен.
© Boarding2Now/depositphotos © yelenayemchuk/depositphotos
Өндірушілер консервіленген көкөністерге барбекю тұздығын, сірке суын және өзге де аса пайдасыз қоспаларды қосады. Мысалы, тамақтану жөніндегі маман Никол Родригес (Nicole Rodriguez) үрме бұршақ құтысының құрамында 3 қасық қант болатындығын айтады.
Немен алмастыруға болады: тұз, қант қосылмаған жаңа піскен көкөністерден жасалған сапалы консервілерді таңдаңыз немесе көкөніс пен жемістерді өзіңіз консервілеңіз.
© lamaip/depositphotos © publicdomainpictures © wikimedia © Pixabay
Өзге көкөністер мен жемістерге қарағанда жүгері, алмұрт, картоп, асқабақ, ямс құрамында тағамдық талшық пен дәрумендер және минералдар аз кездеседі. Ал, тағамдық құнарлылығы жағынан анағұрлым алдыда тұр. Бұл осы көкөністерден бас тарту қажет деген сөз емес, тек сымбат-мүсініне қарағандарға болмаса, оған арқа сүйеуге кеңес берілмейді.
Немен алмастыруға болады: крахмалсыз (барлық қытырлақ, сулы және жасыл) көкөністерге басымдық танытыңыз, әсіресе 18:00 кейін.
© ronstik/depositphotos © Einladung_zum_Essen
Дүкендегі йогурттердің қанты көп және протеині аз болады. Сондай-ақ, оларды шайнаудың қажеті болмағандықтан біз жеңіл тамақтанғандай сезінеміз.
Немен алмастыру қажет: құрамында қанты аз (үлесіне 10 г төмен) және протеині көп (үлесіне 6 г шамалас) йогуртты таңдаңыз. Сонымен қатар сіз ешқандай толықтырғыш қоспаларсыз йогуртты алып, өздігіңізше жеміс-жидектерді араластыруыңызға болады.
© congerdesign
Сұлының пайдасын барлығы дерлік біледі, алайда бар-жоғы 2-3 минут қайнатуды қажет ететін сұлының айтарлықтай пайдасы жоқтығын білетіндер аз. Дәні ұсақ болған сайын, ол көбірек өңделіп, гликемиялық индексі жоғарылай түседі. Демек, ол артық калорияға әкеледі. Сондай-ақ әрине, тез тәттілегіш қоспалары бар тез даярланатын жарманың пайдасы одан да төмен болмақ.
Немен алмастыру қажет: кесек тартылған сұлыны таңдаңыз. Олар ұзақ қайнағанмен сізге нағыз сұлыдан күткен қажеттіліктердің барлығын береді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Ерболат
САлауатты тамақтанайық жас келгенде бургер мкргер лер байқалып қалады)