Өлең, жыр, ақындар

Отбасыммен біргемін

Тәрбие сағаты тақырыбы: « Отбасыммен біргемін».

Білімділік: Отбасы туралы түсініктерін молайту.

 «Отан отбасынан басталады», «Отбасы –ошақ қасы» мақалдарының мағынасын ашу. Отбасы  мүшелерінің арасындағы сыйластыққа, ізеттілікке, қайырымдылыққа, бауырмалдыққа тәрбиелеу. Оқушыларды ата-ананы сыйлауға, құрметтеуге тәрбиелеу.

 Дамытушылық: Есте сақтау қабілетін, ой өрісін, тіл байлығын, сөздік қорын дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларға    имандылық, инабаттылық  қасиеттерін бойына сіңіре өсіру. Адамгершілік қасиет дарытып, танымын кеңейту.

 

Кіріспе: Балалар, бүгінгі сабағымыз отбасы құндылықтары туралы болмақ. Әр адам өмірге келгенде ең алдымен ең мейірімді, жылы жүзді анасын көреді. Қанаттыға қақтырмай, тұмсықтыға шоқтырмай бауырына басып, шыр-пыр болатын –Ана. Ана тәрбиесі-қызға үлгі, әке тәрбиесі-ұлға үлгі. Ана-ақылшың,әкең-қамқоршың, Отбасың-қорғаның, бауырларың-тірегің болады.  Жүсіп  Баласұғын отбасы тәрбиесі туралы былай деген екен:

«Қатты тәртіп көрсе бала күнінде,

Өнерімен қуантады түбінде.

Бала нені білсе жастан ұядан-

Өле -өлгенше соны таныр қиядан.

Өнер-білім берем десең басынан,

Бер оқуға балаларды жасынан.

 Ата-анадан өсіп ұрпақ тараған,

Жақсы, жаман болса, бала –солардан».

Отбасы-адам тәрбиесіндегі ең жақын әлеуметтік орта. Отбасы баланың азамат болып өсуінің негізі болып табылады.Отбасының басты қызметі-бала тәрбиелеу. Отбасы белгілі дәстүрлердің,салт-дәстүрлердің сақтаушысы. Отбасында бала алғаш рет өмірмен, қоршаған ортамен танысып, мінез-құлық нормаларын игереді. «Өнеге отбасынан» демекші , халықтық тәлім-тәрбиенің бастауы отбасының өмірінде жатыр.

 І бөлім. Кезекті мақал-мәтелге берейік. 

«Әке-асқар тау, ана-қайнар бұлақ,  бала-.......»,

«Алты аға бірігіп әке  болмас, жеті жеңге бірігіп ......»,

«Ата-бәйтерек,бала-.......»,

«Ананың көңілі балада, баланың............»,

«Ағайын алтау, ана -........»,

« Әкесін сыйламаған кісіні баласы .......»,

«Әкеге қарап ұл өседі, шешеге қарап ..........  .

Кезекті  әнге  берейік.

«Әке-Ана» әні. Ділназ Сырымжанқызы

2-бөлім.

Ендігі кезекті балаларымыз дайындап келген өлең жолдарына береміз.

1-оқушы

Ата-баба ардақтаған,

Жамандыққа бармаған.

Ардақ тұтып үлкенді,

Ата жолын жалғаған.

2-оқушы

Сізсіз әке-ең ақылды, ең шыншыл,

Сізсіз әке-ең жақыным,ең сыршыл.

Шуақ шаш   ан қашанда асыл жүрегің,

Жанымдасың, қамқорымсың білемін.

3-оқушы

Кім сендерді,балалар, тербететін,

Еркелетіп ойнайтын, сергітетін?

Жалқау болсаң, балалар, жаман болсаң,

Қамқор анаң көз жасын көлдететін.

4-оқушы

Ортақ болып ісіміз,

Еңбек десе тынбаймыз.

Үлкен сыйлап кішіні,

Аға ақылын тыңдаймыз.

5-оқушы

Өзім жақсы баламын,

Ана тілін аламын.

Су әкеле ғой десе,

 Су әкеле саламын.

Өзім жақсы баламын,

Ана тілін аламын.

Мейлі қайда жұмсаса,

Бәріне де барамын.

 

3-бөлім   Отбасы мүшелерінің қайсысына қатысты екендігін белгілеу.

А Т А                       Тіл алғыш.

Әже                           Ата ананың қолғанаты.

Б А Л А                    Ақыл айтушы.

А Н А                        Бар баланы сүйетін.

 Ә К Е                        Немереге ертегі айтатын.

Н Е М Е Р Е              Әрқашан саған қамқор болатын.

 

4-бөлім     Ырым –тиымдарды қаншалықты көп білеміз екен? Кезекті ырым-тиымға берейік. Отбасымызда жиі қолданыста жүрген .

1. Құдықтағы суға түкірме.

2. Итке ожаумен ас құйма.

3.Аққуды атпа.

4. Босағаға керілме, табалдырықты баспа.

5. Беліңді таянба, табаныңды тартпа.

6. Отқа су құйма, түкірме.

 

 Отбасында әуелі сенім мен сезім, сүйіспеншілік пен сыйластық болса, қандай жағдайда болмасын өмірдің ащысы мен тұщысын, суығы мен ыстығын, қайғысы мен қуанышын бірге бөлісіп бақытқа жете алады деп бүгінгі тәрбие сағатымызды аяқтаймыз.   

Облыстық туберкулез-санаториясы мектеп-интернатының тәрбиешісі Манаргүл  Шекеқызы Елшебаева


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз