Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жолдауында айтқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанда дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім». Ендеше өсіп келе жатқан өскелең ұрпағымыздың жан –жақты, терең білімді болып шығуы үшін әр педагогқа жүктелер жүк аз еместігі айқын байқалынады. Білімді болудың басты шарты – ол баланың оқу іс – әрекетінде аса зейінді болуы десек болады.
Адамның кез–келген іс–әрекеті зейін арқылы іске асып отырады. Барлық іс – әрекеттің негізгі шарты зейін болып табылады. Зейін дегеніміз адам санасының қоршаған ортадағы белгілі заттар мен құбылыстарға белсенді бағытталуын айтамыз. Зейін – адамды қоршаған көптеген басқалардың ішінен заттар мен құбылыстарды бөліп көрсету. Зейін қабылдау, түйсіктер, ес, қиял, ойлау сияқты ерекше психикалық үрдістерде байқалады. Мәселен, біз бір нәрсені қабылдау үшін оған зейін қоямыз, еске сақтау үшін зейін саламыз, зейін салып ойлаймыз, әңгімелесеміз.
Сондықтанда зейін кез – келген іс – әрекетті орындаудың шарты болып табылады. Мәселен, қарапайым жұмыс, ағаш жару, жер қазу және компьютерде ең күрделі есептеу техникалармен жұмыс, ғылыми зерттеу жұмысы зейінсіз іске асуы мүмкін емес. Зейін оқу жұмысының негізгі шарты болып табылады. Оқу материалын берік меңгеру ең алдымен зейінге тікелей байланысты. Орыстың ұлы классик педагогі К.Д. Ушинский зейін туралы былай деп жазды: «Зейін есік тәріздес, ол арқылы бәрі өтеді, сыртқы дүниеден адамның жан–дүниесіне жетіп отырады.
Баланың зейіні өте ерте байқала бастайды, өмірінің алғашқы айларында – ақ аңғарылады. Алғашқы кезде еріксіз зейін байқалады. Жас ерекшелігіне байланысты балалардың ойын әрекетінде, тәрбиенің ықпалымен еріксіз зейін дами бастайды, оның дамуы сезімдерінің, қажеттіліктердің және қызығуларының дамуымен байланысты. Еріксіз зейін адам іс – әрекетінің барлық түрлерінде ерекше орын алады. Оның ішінде, еріксіз зейіннің оқу үрдісінде мәні зор. Еріксіз зейін арқылы оқу материалын меңгеру жеңілдейді, ол балалардың болдырмау арқылы іске асады.
Ерікті зейінді қолдауға көрнекілік, оқытудың әсерлігі, оқылатын материалдың мазмұнына қызығуды ұйымдастыру, жаңа хабарлайтын материалдың шәкірттердің бар білімдерімен байланысты. Бірақ бүкіл оқу үрдісін тек қана еріксіз зейінге құруға болмайды. Оқу жұмысы және жалпы адамзат әрекетінің барлық түрлері негізінен ерікті зейін арқылы іске асады.
Зейіннің дамуы жекелеген шаралардың нәтижесінде жекелеген шаралардың нәтижесінде жекелеген тәсілдерді қолдану жолымен емес, мектептің бүкіл оқу - тәрбие жүйесінде іске асады. Зейінді тиімді тәрбиелеу төмендегі негізгі шарттарға байланысты:
1. Бала әруақытта кез – келген іс – әрекетте, кез – келген жұмысты орындауда зейінді болуға тиісті, әр – уақытта да тек қана зейін қойып жұмыс істеу қажет.
2. Балаларды кез – келген жағдайда жұмыс істеуге үйрету, зейінді жаттықтыру.
3. Баланы ұйымдастырылатын оқу-қызметте зейін қоюға үйрету.
4. Зейінді болу әдетіне тәрбиелеу, зейінділік мінез –құлықтың үйреншікті түрі болуы тиіс.
Педагог әрбір баланың зейінінің дара ерекшеліктерін білуі керек. Әрбір баланың немесе бүкіл топ кемшіліктерін жою туралы белгілі міндеттер қоюға болады. Зейіннің кемшіліктерін тудырған себептерді білу қажет және тек қана сол уақытта кемшіліктерді жойып, зейінді тәрбиелеуге болады. Педагог әр уақытта да зейінді болуы қажет және өз үлгісінде балаларды үйрету керек. Педагогтің зейінді тәрбиелеу туралы бір жүйелі жұмысы әр уақытта да жағымды нәтиже береді; балалармен кез – келген жұмысы зейін салып орындау әдетін дамытады.
Академик А.А. Ухтомский (1875-1942) ғылым тұрғысынан зейінге тереңірек түсінік берді. Бізді қоршап тұрған дүниеден сезім мүшелері арқылы миға әр түрлі тітіркендіргіш әсер етеді, осының нәтижесінде миға топ жұлдыздарға ұқсас қозу алаптары пайда болады. Бұл қозулардың арасында өзара «талас» басталады, соның нәтижесінде жеңіп шыққан қозу алабы жеңілгендерге үстемдік жасайды. Ол жеңілгендердің күшін өзіне тартып алады да, қуаттана түседі. Осындай басым дәрежеге жетіп, үстемдік алған қозу алабын ғалым А.А. Ухтомский доминант деп атады.
Доминант – латын сөзі, «dominans – үстемдік» деген мағынаны береді. Доминант орталығы өзін тек кішігірім импульстердің есебінен қуаттандырып қоймайды, ол сонымен қатар өзіне кедергі жасап тұрған өзге ми орталықтарын тежеп тастайды. Оқу – тәрбие ісі неғұрлым еңбекпен байланысып отырса, балаларда соғұрлым сабаққа зейіндірек болады, ал баланың іс-әрекет үлгеріміне зейіннің әсері орасан зор екеніне күмән жоқ.
Зейінге бірнеше қасиеттер тән, олардың ішіндегі негізгілеріне: ауыспалылығы, орналасуы, көлемі, күші мен тұрақтылығы, шоғырлануы жатады. Зейін тұрақты және тұрақсыз болуы мүмкін. Тұрақты зейін дегеніміз ұзақ уақыт бойына белгілі бір нысанда зейінін шоғырландыра білуді айтады. Егер белгілі бір іс – әрекет үрдісінде зейін қысқа мерзімнің ішінде басқа қажет емес заттарға бөлінсе, тез арада әлсірейді және сөніп қалады, осындай зейінді тұрақсыз зейін деп атайды.
Зейiннiң алаңдаушылығы - бұл зейiннiң бiр нысаннан екiншiсiне ырықсыз ауысуы. Мұндай ауысу қандай дәріспен шұғылданып отырған адамға тыс тiтiркендiргiш әсерлердiң ықпал етуiнен туындайды. Алаңдау сыртқы және iшкi болып бөлiнедi. Сыртқы алаңдаушылық- субъектiге тысқы, қоршаған орта жағдайларының әсер етiп, ырықты зейiннiң ырықсыз зейiнге ауысуынан болады. Әсiресе адамды алаңдататын жағдайлар-заттар мен құбылыстардың кенеттен пайда болып, күштi өзгермелi әрi жедел әсер етуiне байланысты.
Зейiннiң iшкi алаңдауы көңiл-күй, толғаныс нәтижесiнде туындайды, орындалатын iске қызықпаудан, жауапкершiлiктi сезiнбеуден келiп шығады. Бала өзiнiң іс-әрекет жұмысымен байыпты әрi тиiмдi шұғылдануы үшiн оның болмысындағы алаңдататын көңiл күйзелiстерiн (ашу, ыза, қорқу т.б.) басып отыру керек. Зейiннiң шашыраңқылығы деп адамның ұзақ уақыт аралығында өз зейiнi мен назарын нақты затқа бағыттай алмауын айтамыз.
Шашыраңқылықтың екi түрi белгiлi: жалған және шын. Жалған шашыраңқылық- адамның бiрiске өте берiлiп, өзiн тiкелей қоршаған заттар мен құбылыстар әсерiне елеңдемеуi. Мұндай шашыраңқылық әсiресе шығармашылық жұмыстармен шұғылданатын адамдарда көп кездеседi. Адамның iшкi жан-кҥйi бағытталуынан болатын шашыраңқылықтың қызметке онша зияны жоқ, солайда болса, оның қоршаған ортада бағдар алып жүруiнде бiраз кедергi жасайды. Адамға көп нұқсан келтiретiн зейiннiң түрi - шын шашыраңқылық. Мұндай құбылысқа кезiккен адамның өзi ырықты зейiнiн қандай да бiр затқа не әрекетке бағыттап, тоқтата алуы қиындайды, оның көп ерiк күшiн жұмсауына тура келедi. Зейiн шашыраңқы адамның ырықты зейiнi тұрақсыз, алаңдауға берiлгiш келедi. Шын шашыраңқылықтың физиологиялық себебi - iшкi тежелу күшiнiң кемдiгiнен.
Сөз сигналдарының әсерiнен туындайтын қозулар жеңiл тарап кетiп, шоғырлануға келмейдi. Осының салдарынан зейiнi шашыраңқы адамның ми қабығында қажет болған қозулардың тұрақсыз көздерi орнығады. Шын шашыраңқы зейiннiң себептерi әртүрлi. Бұларды бiлiп қою әр педагог үшiн мiндеттi талап.
Бұлар:
1) жүйке жүйесiнiң жалпы зақымдануы;
2) қан аздылық;
3) мұрын, тамақ сырқаттарынан миға оттегiнiң жеткiлiктi келiп түспеуi;
4) дене мен ой шаршауынан;
5) көңiл-күй күйзелiстерi.
Шын шашыраңқылықтың және бiр себебi - мидың күштi әсерлерге көп душар болуынан. Осыдан оқу жылы барысында баланы көп кино көруден, шектен тыс думанды жиылыстардан сақтандыру қажет. Шын шашыраңқылық тұрақты қызығулардың кемдiгiнен де болады. Шын шашыраңқылық отбасында дұрыс тәрбиенiң болмауынан да туындайды: күнделікті режимiнiң бұзылуы, ойын мен демалыстың реттелмеуi, еңбектiк мiндеттерден ажырауы, тiлегiнiң бәрiн орындай беруден. Зейіннің тұрақтылығын өлшеу үшін психологиялық әр түрлі жаттығулар мен тәсілдер бар. Оларды оқу – тәрбие іс – әрекетінде қолдана отырып, балалардың зейінін дамытып, зейінділікке тәрбиелеуге қол жеткізуге болады.
Әдебиеттер:
1. Қазақстан республикасының «Білім туралы» Заңы // Алматы, 2010 ж.
2. Ухтомский А.А. Принцип доминанты. Собр.соч.. в 4 m., m-1., Л, 1950
3. Сангилбаев О.С. Зейінді зерттеу мәселелері. Оқу құралы. А. 2003 ж.
4. Сейталиев Қ. Жалпы психология: Оқу құралы. - Алматы: ―Білім‖, 2007 ж.
Темірбекова Жанат Ақшекенқызы
Қарағанды облысы, Сәтбаев қаласы,
№33 «Күншуақ» бөбекжай балабақшасы КМҚК басшысы
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі