Сансыз ауруға ем – сарымсақ

Басты бет / Денсаулық / Сансыз ауруға ем – сарымсақ

Сансыз ауруға ем – сарымсақ — Денсаулық бөліміндегі материал. Бұл беттен тақырыптың мазмұнын оқып, негізгі ойымен таныса аласыз.

Егер сіз Сансыз ауруға ем – сарымсақ бойынша ұқсас материалдар іздесеңіз, төменде берілген байланысты сілтемелерді де қарап шығуға болады.

Сарымсақтың құрамында В және C тобына жататын дәрумендер, хлор, темір, фосфор, йод, марганец, кальций, мыс, магний, көмірсулар және тағы да басқа микроэлементтер көп. Басым бөлігі судан, көмірсулар мен ақуыздардан тұрады. A, B1, C, PP дәрумендері де кездеседі. Аздаған мөлшерде майлар да жоқ емес. Солардың бірі эфир майы. Негізі шикілей жеген пайдалы. Сарымсақтың өткір иісін артынан алманы, жалбыз жапырақтарын, балдыркөкті шайнау арқылы немесе сүт ішумен кетіруге болатындығы айтылады.

Сарымсақтың пайдалары:

• Иммунитетті нығайтады, организмді қоршаған ортаның зиянды әсерінен қорғайды.

• Микропты болдырмайды, жараны тез жазады, ауруды басады, ішекқұрттарды жояды, қақырықты түсіреді.

• Асқазан-ішек жолдарына, жүрек-талма ауруларына ем.

• Қан қысымын төмендетеді. Қанды тазалайды. Ертеде оба ауруына ұшырағандарды емдеуге баратын дәрігерлердің сарымсақ салынған суға батырылған дәкемен жүздерін орап алуы осы себепті деп білінуде.

• Ми ісігінің алдын алады. Ол жүйке жүйесі бұзылғанда, зәр жолдарын емдеуге көмектеседі.

• Теріге сүйел, теміреткі, сыздауық, қышыма, тағы басқа жаралар шыққанда да емге жаратады.

Пайдалы кеңестер:

• Қатты суықтап қалған кезде сарымсақты ұсақтап турап, үстіне ыстық су құйып, сосын соның буымен дем алу керек.

• Тіс ауырған кезде сарымсақты қабығынан аршып алып, сонымен тістің қызыл етін сүртеді.

• Сүйел шыққан жағдайда, ұсақталған сарымсақты азғантай балмен араластырып, әлгі жерге қалыңдап жағып, таңып тастаған жөн.

• Тұмаудың алдын алу немесе шалдыққан жағдайда емдеу үшін де күніне 2-3 рет мұрынға сарымсақтың суын тамызған жақсы. 



WhatsApp Telegram

Пікірлер (2)

Тотв

Сарымсақты ауруларды емдеу үшін қалай пайдалануға болады?

Тоты

Давлениеге қалай қалай пайдалануға болады?

Пікір қалдырыңыз

Ұқсас материалдар

Жиі қойылатын сұрақтар

Сансыз ауруға ем – сарымсақ туралы не білуге болады?

Бұл бетте Сансыз ауруға ем – сарымсақ тақырыбына қатысты негізгі мазмұн берілген.

Бұл материал қай бөлімде жарияланған?

Материал Денсаулық бөлімінде жарияланған.

Осыған ұқсас материалдарды қайдан көруге болады?

Тақырыпқа жақын басқа материалдарды төмендегі қатысты сілтемелер мен бөлім беттері арқылы қарай аласыз.

Осы тақырыпқа қатысты басқа материалдар

Денсаулық бөліміндегі басқа материалдар Сарымсақ тақырыбындағы материалдар Иммунитет тақырыбындағы материалдар денсаулық тақырыбындағы материалдар Сарымсақтың пайдалары тақырыбындағы материалдар