Білім беру саласында терең жан-жақты ойластырылмаған сынақтарды өткізуге жол беруге болмайды. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Сенатында өтіп жатқан «Орта білім беру жүйесінің жай-күйі, проблемалары және заңнамалық реттеу перспективалар» тақырыбына арналған парламенттік тыңдау барысында Сенат төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев айтты.
«Елімізде орта білім беру саласы жиі реформалар жүргізілетін салалардың қатарына жатады. Соңғы жылдары мектептеріміз үнемі реформалар жүргізу режимінде жұмыс істеуде. Соған қарамастан бұл сала заман талабына сай жаңғыртылды деп айта алмаймыз. Жүргізілген реформалардың тиімділігі көрінетін нәтижелерге әлі де қол жеткізген жоқпыз. Мектептегі білім беру жүйесінде жасалған жаңалықтар көп жағдайда қоғамды айтарлықтай толғандырады», - деді Сенат төрағасы.
Осы ретте ол аталған жайттың басты себебі ретінде түсіндіру шараларының жеткіліксіз деңгейде жүргізілуіне, білім беру жүйесіндегі жаңалықтардың тиісті деңгейде жүзеге аспауына және педагог мамандардың сапасына тікелей байланысты болып отырғанын баса айтты.
«Мүмкін бұл маңызды саладағы реформалардың үздіксіз жүргізілуін тоқтата тұру қажет шығар. Қандай жетістікке жеттік, қайда келдік, неге қол жеткіздік? Алдымен осыларға баға беріп алу керек. Білім беру саласында терең жан-жақты ойластырылмаған сынақтарды өткізуге жол беруге болмайды. Осы орайда қазақтың ұлы ақыны, ағартушы, ұстаз Ахмет Байтұрсыновтың жастардың оқу, тәрбие жұмыс түзелмей жұрт ісі түзелмейді» деген қағидасын қашанда есте ұстағанымыз жөн», - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Райхан
Мен толықтай қолдаймын. бірінші себеб 2016-17 жылдағы 1 сынып оқушыларының сауаты өте аз оған жаңа шыққан жүйе мен сауат ашу кітабынан жəне өзге тілдерді қоса оқытудың салдары. балам не диктант жаза алмады, не орыс тілі мен ағылшынды мүллем түсінген. ең сорақысы əлі əріп білмеген баладан ереже мен жазған диктантты талдауды талап етеді. сонда əріпті білмеген бала ережені қайдан біледі. қазір 2сыныпта жаза алмайтын əріптерді қосып дұрыс оқи алмайтын бала өте көп.міне нəтиже. ал білім саласын ұлт болашағына халықтың баласына білім үйретуге жан тəнімен қалайтын нағыз маман басқару керек. əйтпесе бизнеске айналып құлдырап бара жатыр. Ал Ата Заңдағы орта білім алу тегін деген осы заң толық орындалып жатқан жоқ. қиын түсініксіз кітаптардағы тапсырмаларды орындау үшін мұғалімге ақылы қосымшаға беріп отыр жағдайы барлар. ал кедей жағдайы жоқтар солай ештене түсінбей кластан класқа көше береді. 25 жылды саралайтын комиссия болса жəне ашық талқыланса ауылдық мектептердің жайы да есерілсе