0 сынып бес жастағы балалардың жүз пайыз бірінші сыныпқа дайындалуына жағдай жасайды. Бұл туралы бүгін ҚР Парламенті Сенатында өтіп жатқан «Орта білім беру жүйесінің жай-күйі, проблемалары және заңнамалық реттеу перспективалар» тақырыбына арналған парламенттік тыңдау барысында ҚР Білім және ғылым министрі Ерлан Сағадиев айтты.
«2019 оқу жылынан 0 сыныпты енгізу. Ол 0+11, яғни он екі жылдық білім беру жүйесіне көшуге арналған. 0 сынып бес жастағы балалардың жүз пайыз бірінші сыныпқа дайындалуына жағдай жасайды. Әліппеге келсек, 0 сыныпқа арналған базалық оқулық жалпы дайын. Сынақтан өтіп отыр. Келесі жылы мұғалімдерді дайындау жұмысы басталады», - деді министр.
Сонымен қатар ол былтырғы жылы басталып кеткен жаңарған білім беру мазмұнына кезең-кезеңімен көшу жүргізілетіндігін айтты. Осы жылы қосымша 2, 5, 7 сыныптар көшеді. Келесі екі жылда жаңарған мазмұнға барлық сынып толықтай көшіп болады.
Министр жаңарған мазмұнның мәні тек білу емес, сонымен қатар білімді өмірде қолдана білу екендігін атап өтті.
«Бес күндік оқу аптасы нормалары бекітілген. Бірақ мектеп жағдайына және типіне қарай барлығына бірдей енгізу қиын болып тұр. Бүгінгі күні барлық мектептердің 85 пайызы толығымен, 1-11 сыныпқа дейін көшті. Бізде 300-ге жуық лицейлер мен гимназиялар бар, онда бір аптада қосымша сегіз сабаққа дейін беріледі. Олардың жоғары сыныптары бес күнде барлығын қамти алмайды. Алайда гимназия мектебіне беру ата-аналардың өзінің қалауы. Сабақтардың ұзақтығы 45-тен 40 минутқа қысқарғанына қарамастан үш ауысымда оқитын мектептерге де өте қиын болып тұр. Бұл мәселе тек үш ауысымды мектептердің қысқаруымен ғана шешіледі», - деді Е.Сағадиев.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
Шынар
Енді сол мектепке барып босанасалайық
Аман
Сағадиев бастан кеткен-ау шамасы
Ескендір З. А
Адамдар, біз жалпы дұрыс бағыттамыз ба? оқу жылын созып не керек? Көп пәннің пайдасы да мағынасы да жоқ. Оқығанның көбі есте де қалмайды. Өмірде де көбін бәріміз жаппай қолданбаймыз да. Сонда неліктен өміріміздің құнды уақыттарының көбін пайдасыз оқуға жүмсап жатырмыз? Әр адамға қажетін ғана оқыту керек болды. 4-5 жылда жалпы пәндерді, салалаларды, мамандықтарды... жақсылап түсіндіріп беру керек. Одан кейін адамның өзі ұнағанын таңдап оқу керек. болды. Біреуі гуманитарлық білімге жақын... Біреуі ғылыми білімдерге... Біреуі... дегендей.
Бала жанашыры
Министр мырза балалар 8 сабақты қалай оқиды. Біреудің жағдайы келер баласының қалтасына ақша салып беретін ал,біреуінікі келмейді емес па? Асқазан ауруы мен қан аздыққа жол ашылды кеңінен. Мұғалімдерді əуреге, қағаз бастылыққа,балаларды сарылтып қойды ғой. Енді ата-ана баласын сарыла күтіп түнде үйіне қайтады. Содан аш бала тамақ ішеді ол қортылмай жатып қалады. Бала шаршайды. Мұндай жағдайға жол беріп отырған ДЕНСАУЛЫҚ САҚТАҒЫШ МИНИСТРЛЕР қайда қарап отыр.
Серік
Бұған дейінгі 0 класы не сонда, кімнің ермегі?
Айнұр
Сенбі күні мектеп де мұғалімдерге жұмыс күні ма əлде демалыс ба ?
Уридза
Бес күндік оқуға өзім ата ана ретінде қарсымын . 6-7 сабақтан шыққан бала өте шаршайды жəнеде денсаулығына зиян. 3 ші сыныпта оқитын немерем 6 шы сабақта ұйықтап қалыпты сонда əр бала солай болса не болады . Қыста сағат 8 де мектептен қайту əр бала үшін өте ауыр миы шаршайды баланың сіз қалай ойлайсыз
Уридза
Неге сенбі күні оқушылар оқымайды . Одан біз не ұтамыз менімше оқығаны дұрыс. Бұрынғыдай5-6 сабақ болса сол дұрыс
Жангали
Онда күшті ғой 5күн оқу
Ерқожа
Лицей мен гимназияға да керек!!!!!
Меруерт
Бес күндікке мүлдем карсымын.Балаларымыз 7 -8 сабак окып келеді.Шаршап. Сабакка мүлдем карағысы да келмейд шаршағаннан.Бес күндік деген аты ғана бізде.алтыншы күніге барып жатыр факультатив тəрбие сағаты деп.Кандай вйырмашылык ешкандай айырма коріп тұрған жокпын.Мұғалімнің акшасы азайып кетеді деп осылай істеп отыр.Бес күн окып демалса мейлі гой бізде ол да жок.Шымкент обл.Туркестан каласы.
Бота
5 күн керек, бірақ қажетсіз сабақтарды алып тастау қажет
Күнайым
Министр мырза, сіз баланың бір күндік сабағы салынған сөмкесін көтеріп көрдіңіз бе? Жо-жоқ көтере көрмеңіз. Әйтпесе беліңізден шойылып, жұмысқа бара алмассыз. Анау 5-ші сынып оқулықтарын бір халық жауы дайындаған болар. Өзіңіз сол оқулықтарды көрдіңіз ба? Тіпті ашуымды жеткізетін сөз жоқ.
Жазира
Бунын барин кимге айтасын олар баланын жагдайын ойлап жургенжок оз калтасын ойлаган адамдар 12 жылга ренжип жургенде 5кундик деп шыгарды ертен альфавитти бузса озиннин ким екенинди умытасын ренжиме бауырым
Дастан
Баланың миын ашытты ғой