Өлең, жыр, ақындар

Тым балажандық

Ата-ананың ең үлкен уайымы, ең негізгі мақсаты баласын ең жақсы түрде жетілдіру болып табылады. Бірақ кейде жақсылық жасайын деп отырып зиян тигізуі де мүмкін. Бұған мысал ретінде «Кезінде біз көрмедік осылар көрсін, біз қиналдық осылар қиналмасын» деген көзқарастағы тым қорғаушыл, тым балажан, баланың сұрағанын дереу орындап, шектеу, қағида қоймай, баланы еркін жіберетін ата-аналарды атауға болады.

Шектен тыс әлпештеніп, айтқаны екі етілмеген балалар ата-анасын басынып, айтқандары болмаған жағдайда жылап, басқа да қылықтар шығара бастайды. Өзімшіл болады. Сын айтылуына ашық болмағандықтан өздерін жетілдіре алмайды. Ондай балалардың бойында әлеуметтік қарым-қатынастарда, дамуда кешігулер орын алуы мүмкін. Бала шектеу мен қағидаларға дағдыланбағандықтан мектепке және балалар арасына сіңісе алуда қиындық көруі мүмкін. Әр қалағаны орындала бергендіктен біршама уақыттан кейін тойымсыз бола бастайды.

Тым балажан отбасыларда баласы бір жерде көлемді бұзықшылық етсе де аса елемейтіндер, келеңсіздіктердің ақшамен шешілетінін алға тартатындар бар. Жақсы тәрбие беру, қоғамға пайдалы тұлға жетілдіру үшін ақша мен байлық болуы шарт емес. Тіпті байлық, люкс өмір баланың жаман тұрғыда жетілуіне себеп болуы мүмкін. Байлық пен шектеусіз мүмкіндіктер баланы жаман жолдарға түсіруі мүмкін.

Жоқшылық және қиыншылықта өскеніне қарамастан жақсы тәрбие алған қаншама жастар қиыншылықтарды жеңіп, биіктерден көрініп, қоғамға пайдалы болуда. Бірақ бұл отбасыда баланың жақсы жетілуі үшін кедей болу керек деген мағынаға да келмейді. Отбасы бақуат болса да, баланы отбасының байлығына арқа сүйеметіндей түрде жетілдіру керек.

Сондай-ақ тым балажан отбасылар бала аурып қалмасын, жыламасын, шаршамасын, қиналмасын деген сияқты шамадан артық алаңдап, қорғаушыл әдіс ұстанады. «Сен мұны істей алмайсың, сенің қолыңнан келмейді» деген сияқты алаңдаудан туатын шектеулер кейінгі кезеңдерде баланың өз-өзіне сенімсіздігін, батылсыздықты қалыптастырады. Балаға өзіміз үлгі-өнеге болумен қатар, жасына сай тірліктерді істеп көруіне мүмкіндік беру керек. Баланың жасайтын қателерін ол үшін жетілу мүмкіндігі деп қарап, дамуына қолдау көрсету керек. Бала тәбиесінде өте үлкен пайда тигізетін біршама кеңестер мыналар:

- Үйде шектеулер, қағидалар болсын және бұлар тек бір тарапты болмауы тиіс, яғни бұл қағидаларды сіздер де орындауларыңыз керек.

- Жұбайыңызбен бір шешімді болыңыз. Біріңіздің рұқсат бермеген нәрсеге, екіншіңіз де рұқсат бермеңіз.

- Балаға отбасы ішіндегі біріңіз ұрысып жатса, екіншіңіз оны жақтамаңыз.

- Іс-әрекеттеріңізбен үлгі болыңыз.

- Баланың әр қалаған нәрсесін берудің орнына, мұның қажеттілігіне қарай шешім қабылдаңыз.

- Балаға керек кездерде «жоқ», «болмайды» деп айтуды біліңіз.

- Балаға кейде (ойын сияқты қалаулардан) бастарта алу керектігін, тоқтай алу керектігін үйретіңіз.  

- Балаға жауапкершілік сезімін қалыптастыру үшін оның жасына сай кішігірім жауапкершілікті тірлік тапсырыңыз және нәтижесінде бұған қуанғаныңызды, алғысыңызды білдіріп марапаттаңыз.

- Жасына сай істерді тәжірибе етуіне мүмкіндік беріңіз.

- Баланың жасайтын қателеріне үйрену, жетілу мүмкіндігі ретінде қараңыз.

Оқуға кеңес береміз:

Бала тәрбиесі бесіктен

Бала тәрбиесіндегі негізгі факторлар

Баланың табысқа жетуіне кедергі келтіретін ата-ана тәрбиесіндегі 7 қателік

Теледидар және балалар

Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің

Ертегі айту


Пікірлер (6)

Арман Ағай

Керемет мақала, балам көп телефон шұкылайды, құлақсыз, қолданам осы айтылғандарды

Адилхан Агай

Ия қазір ондай ата-аналар өте көп. Осы мақаладан өнеге алса дейміз.

Дастан

Осылай өскендердің талайын көрдік, үлкен қылмыс жасаса да аса елемей жүре береді

қайын ене

мақалада айтылмаған тағы бір нәрсе әсіресе қыз баланың тәрбиесіне байланысты . Тым еркелетіп , бала кезінен үй жұмысына араластырмай , тым ерке өскен қыз бала ертең барған жерінде соны істеп , не өінің , не барған жерінің абыройын ойламай , отбасының шырқын бұзып кетіп қалады. Бұл қазіргі заманның символына айналды десек те болады.

Гүлданай

Күшті , жарайсыз

Гүлданай

Кәзіргілері балалар дажы қарсы шығады

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз