Өлең, жыр, ақындар

Тері үшін пайдалы өсімдіктер

Тері күтімі үшін аздаған шипалы өсімдікпен су жеткілікті. Жылдардан бері келе жатқан шипалы өсімдіктермен емдеу әдісіне деген сұраныс әлі күнге дейін сақталған.

Терісі қалыпты болғандар үшін, жарты кг. жүзім суын бетке жағып 10 минут күткеннен кейін бір шай қасық ас содасы араластырылған сумен жуылады.

Бет терісіндегіқара түйіршіктер (дақтар), саз-балшық, бадам майы мен бал қоспасы арқылы оңай кетіріледі. Қоспа бетке жағылып, жарты сағаттан кейін жуылады да, ылғалдандырғышпен сүртілуі керек.

Бет терісін сергітетін әдіс: Бір литр суға немесе минералды суға бір уыс лаванда гүлін, бір уыс қалақай жапырағын, жарты уыс сүйелшөп (чистотел) шөбі тасталады. Бір түн бұқтырылып бетке жағылады. Аз уақыттан кейін жылы сумен жуылады.

Уақ тесікті тері үшін сазды топырақ және сәбіз шырыны бетке жағылып бір сағаттан кейін жуылады.

Теріні жандандыратын басқа бір әдіс: бірдей мөлшерде авокадо майы, бидай майы, таза зәйтүн майы және екі үлкен қасық бал араластырылып теріге жағылады. Аз уақыт күткеннен кейін жылы сумен жуылады.

Теріге әсемдік беру үшін: бір қасық бал және бір жұмыртқа ақуызы жақсылап араластырылып бетке жағылады. 5 минут күткеннен кейін алақанымен бет терісі бастырылып тартылады. Бұл процесс 4-5 рет қайталанып, салқын сумен жуылады.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Дидар

Тері үшін, жалпы ағза үшін ең пайдалы нәрсе стрестен уайымнан арылу

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер