Өлең, жыр, ақындар

Наполеон Бонапарт - бүкіл Еуропа императоры

Сізбен келіспейтінтерден емес, сізбен келіспей, бірақ айтуға батылы бармайтындардан қорқу керек.

Наполеон Бонапарт

1805 жылдың басында I Наполеонның Еуропаны жаулап алу соғысы нәтижелі болып, Франция континенттегі ірі державалардың біріне айналды. Бағынбаған тек, батыста тұманды Альбион мен шығыста - Ресей.  1812 жылғы шығысқа соғыс француз императоры мен оның әскері үшін қайғылы аяқталды. Оған аман қалу үшін қашуға тура келді. Ол 1814 жылы Лейпцигтегі халықтар шайқасында жеңіліске ұшырап,  әскерлеріне берілуіне тура келді. Бүгінде Еуропадағы француз гегемониясы аяқталған, бірақ Наполеонның аты тарихта қалды. Оны әскери және мемлекеттік кемеңгер деп атайды, оның шайқастары әскери оқулықтарға енген. Наполеон құқығы — «Наполеон кодексі» Батыс демократиясының азаматтық нормаларының негізіне айналды.

Бойы аласа, басы үлкен, өткір көзқарасты, үстіне сұр сюртук киген - император замандастарының есінде осылай қалды. Ол ақылды әрі керемет есте сақтау қабілетіне ие еді. Сирек күлетін, ішімдік ішпеді. Оның жұмысқа деген қабілеттілігі қайран қалдырған: ол таңғы 4-те тұрып, қағаз жұмыстарымен айналысатын. Наполеон адамдарды өзіне тарта алатын. Олар оның айтқандарын беріле тыңдап, оның логикасына таң қалатын. Наполеон айналасына қабілетті адамдарды, ақылды әрі бар ынта-жігерімен жұмыс істейтін қолбасшыларды, оның жеңісіне сеніп, соңына дейін өзімен бірге болатындарды жинады...

Наполеон Корсик аралында жағдайы орташа адвокат отбасында дүниеге келген. 10 жасында Францияға аттанып, әскери училищеде оқиды. Онда ол өзінің қабілетін көрсете білді: математикадан мықты болып, ересектерді есте сақтау қабілетімен таң қалдыратын. Корнел, Расин, Вольтердің өлеңдері мен поэмаларын жатқа оқыды. Бірақ шет тілдерінен оқу үлгерімі нашар болатын. Мектеп бітіргеннен кейін, ол 16 жасында француз әскери академиясына түсіп, француз әскерінің кіші лейтенанты атанды.

Ұлы француз революциясында Бастилияның құлауын, ол жан-дүниесіне жақын қабылдап, жауынгерлік айбынын көрсететін уақыт келгенін сезді. 1793 жылы қазына королінің жақтасының билігіндегі Тулонды қоршауда, Наполеон артиллериялық батареяға жетекшілік етті. Ол өзі де шабуылға қатысып, жараланды. Бірақ қаланы алу қолынан келді. Бұл оның ең алғашқы жеңісі болды. Сол үшін Робеспьердің жақтастары, оны генерал-майорға ұсынды. Парижде Наполеон туралы мақтанышпен әңгімелеп жатты.

Жозефине Богарне (Joséphine de Beauharnais), Фирмин Массо, 1812 жылдар шамасы.

Бонапарт жазаланып өлтірілген Богарне генералының жесірі Жозефине Богарнеге үйленіп, италиялық әскерге қолбасшы болып сайланады да, қайтадан полкке жетекшілік етті.  Бұл жолы оған Солтүстік Италияны Францияға қосып алудың сәті түседі. Оның қаһармандығы бүкіл Францияға тарайды. Сосын Наполеон Египетке яғни ағылшын колонияларына аттанып, олардың сазайларын тартқызу керек деп жоспарлады. Алайда жорық сәтсіз болды. Ол Каир мен Александрияны басып алды. Бірақ теңізден қолдау таппағандықтан, шегінуге мәжбүр болып, Францияға жасырын түрде оралды.

Парижге оралғаннан кейін көп ұзамай елдің билік жүйесінде төңкеріс болды. Директория құлап, Наполеонды республиканың бірінші консулы деп жариялайды. Арада 5 жыл өткеннен кейін ол император болады. Ол конституцияны қайта жасады, дворяндық сословиесін (тең құқықты адамдардың қоғамдық тобы) түзетті, азаматтық кодексті немесе "Наполеон кодексін" іске енгізді. Соған сәйкес ақсүйектердің айрықша құқықтары жойылып, барлық адамдар заң алдында тең болды. Ол француз банкін және француз университетін  құрды. 

1805 жылы Наполеон екі императорға яғни австриялық II Франц және ресейлік I Александр әскерлеріне қарсы соғысады. Тарихқа бұл ұрыс «үш императордың шайқасы» деген атаумен енді. Одақтастар әскерлерінің саны 85 мыңға жетті. Ал француз әскері одан екі есеге артық болды. Наполеон одақтас әскерлеріне қолбасшылық жасайтын Кутузов емес, француздарды жазалауды қалайтын Александр екенін түсінді. Наполеон қарсыластарынан қулығын асырды: шегінген сияқты көрініп, керекті сәтте негізгі әскерді енгізді. Одақтас әскерлер бейберекет шегініп, екі император да қашты. Осы ұрыста Кутузов жараланды. Екі одақтас әскерлер толықтай жеңіліске ұшырады.

Оның келесі сапары 1806 жылы Пруссияда жасалды. Пруссия әскері мен одақтасы орыстың әскерін күйрете жеңіп, Йена, Ауэрштедт, Фридландте жеңісті тойлады. Ал 1809 жылы Австрияны тағы да жеңді. Осы сапарлар мен шайқастар нәтижесінде Наполеон бүкіл Орталық Еуропаның императоры болды.

Наполеон, 1797 жыл

Наполеон билігінің 10 жылында Франция еуропада негізгі державаға айналды. Наполеон барлық шайқастарға қатысып, соғысты ұйымдастырған. Оның өзі ұстануға тырысқан қағидалары, пайымдағанындай жеңіске жеткізді. Ең алдымен ол әлсіздіктің орнын жылдам әрекет жасаумен толтыруға тырысты. Ол жағдайға қарай қажетті уақытта, керекті жерде болғысы келді.

Наполеон билігінің алғашқы жылдарында ішкі саясатта халықтың қолдауы кеңінен пайданылды. Ел экономикасына жан бітіп, қару-жарақ өндірісі жаңа жұмыс орындарын құрды. Франция территориясын кеңейту Наполоенның кемеңгерлігінің айғағы болды. Оны отанның құтқарушысы деп атады. Бірақ соғыс тоқтамады. Әскерге жас әрі сау ерлерді алып, ауыл шаруашылығы жайлы жағымсыз пікір айтылмады. Көп ұзамай көптеген адамдар: неге олар бүкіл Еуропаны бағындыру керек? Бұның мәні нені білдіреді? Францияның қауіпсіздігіне ешкім қауіп төндіріп тұрған жоқ қой. Егер олар ел экономикасына ауыр ауыртпалық болып, оның адами ресурстарын бұзса, неге бірінен соң біріне соғыс ашады? деген сұрақтар қоя бастады.

Бірақ Наполеон өзін жеңілмейтін кісімін деп ойлап, басқа пікірде болды. Ол Францияның қарсыласы Англиямен сауда жасасқан,  өз-өзіне масаттанған Александр I-ді жазалау үшін Ресейді жаулап алғысы келді. Наполеон өзінің данышпандығына сенді. Бірақ оның шамадан тыс кеудемсоқтығы үмітін ақтамады. Франция императоры жаңа күшке қажеттіліктен, Австриямен әскери одақ құрды. Австриялықтар оған Ресейге қарсы 30 000 сарбаз берсе, Пруссия 20 мың жауынгер шығаруға уәде берді. Ресей бұл дайындықтар туралы біліп, тылын қауіпсіздендіруге тырысты: Кутузов Түркиямен жақсы қарым-қатынас орнатты. Ал оңтүстікте австриялық әскерлерге қарсы күзетші бола алатын Чичаковтың Дунай армиясы пайда болды.

1812 жылы мамырда Наполеон одақтас монархтармен кездесуінен кейін, Неманда тұрған әскеріне жол тартты. 24 маусымда Наполеон әскері Ресей шекарасына өтеді. Бірақ қанағаттанарлық жеңіс жолын іске асыра алмады. Француздардан әлдеқайда нашар болған орыс әскері ауқымды шайқастардан аулақ болып, шегініп, қашып жүрді.  

Қыркүйек айында Бородино шайқасынан кейін орыстар өз күштері мен қуаттарын көрсетті. Ал Наполеон Мәскеуге қозғалды. Кутузов оны күрессіз өткізді, бірақ Наполеон өзін жеңімпаз сезінбеді. Күйреп, өртенген Мәскеуде ештеңе істегісі келмеді. Ол қайтуға шешім қабылдады. Кейінгі жағдай жақсы белгілі. Ұлы француз әскерінен 10 пайызы ғана қалды. Одан кейінгі Еуропадағы соғыстарында Наполеон бірінен кейін бірі жеңіліспен аяқталды.

1814 жылы Англия мен Ресейдің одақтас әскері Парижге кірді. Наполеон тақтан түсіп, Эльба аралына жер аударылды. 1815 жылы ол жасырын түрде Парижге оралды. Алайда билікті тек 100 күн ғана қолында ұстай алды. Ватерлоо жанындағы шайқаста француз әскері жеңіліске ұшырады. Ағылшындық күзетші жасақтар Наполеонды Атлантикадағы Елена аралына жеткізді. Онда ол өзінің соңғы алты жылын өткізді. Оның сүйегі 1840 жылдан бері Париждегі мүгедектер үйінде орналасқан.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (3)

Қайрат

Міне нағыз кемеңгер, жабайы европаны өзгерткен адамның бірі! Наполеон кодексінің арқасында европада бүгін ақсүйектер мен қара халық деген ұғым жоқ, барлық адамдар заң алдында тең.

Жандос

Иə, бір адам көп нəрсені өзгеруі мүмкін. Напалеонның тұсында империя болған франция, бүгін европаның қарапайым бір мемлекеті. Кəзіргі басшылары сайқымазақ сияқты. Əсіресе алдыңғы Франсуа Оланд. Напалеон тек Франция емес, бүкіл европаның өзгеруіне ықпал жасады.

Дариға

Наполеон өз дәуірінің ұлы қолбасшысы

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Пікірлер