Өлең, жыр, ақындар

Қыс қызығы

Атырау қаласы
№9 Ш.Уәлиханов атындағы орта мектеп
2 «Б»сынып оқушысы Мирманов Дамир
Сынып жетекшісі: Орыспаева Кенжегүл Қамидоллақызы

Міне, үш ай жазғы демалыстан шығып, жаңа оқу жылына зейін қоямыз деп жүргенде, күздің суық та қоңыр күндерінің қалай өткендігін де байқамай қалыппыз.

Менің де, менің достарымның да ең сүйікті мезгілі – қыста келіп  жетті.

Жапалақтап жауған қар,сықырлаған аяз,ақ жамылған жердің беті мені қатты сағындырды. Әсіресе,демалыс күндері достарыммен шығып аққала жасау, қар лақтырысып ойнау,шанамен сырғанау – менің сүйікті ермегім. Ал кей кездері анаммен өзіміздің Жайық өзенінің жағалауындағы мұз айдынына барып коньки тебетініміз бар.

Қызықты да қуанышты күндерімнің көбі осы мезгілмен байланысты болғандықтан, қыс мезгілін жақсы көремін.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз