Астана қаласы әкімдігінің №78 мектеп–гимназия КММ
2 «Г» сынып оқушысы Нұртаза Әбілмансұр
Ғылыми жетекші: Исагалиева Алтын Канатовна
Менің өлкемнің тарихы (халықтың материалдық және рухани мәдениетін зерттеу)
Мазмұны
1. Кіріспе
1.1. Қазақстандағы туризмнің даму бағыттары
1.2 Қазақстандық туризмнің даму тарихы
2. Негізгі бөлім
2.1. Қазақстандағы туристік ресурстар
2.2. Туризм және оның түрлері
2.3. Астаналық туризм келбеті
3. Қорытынды
3.1. Еліміздің дамуындағы туризмнің перспективалық бағыттары
Зерттеу тақырыбы «Қазақстандық экотуризм - ауыл келбеті»
Мақсаты: туризм және оның қалыптасу тарихымен танысу, Қазақстанның туристік ресурстарын анықтау, ұлттық туризмнің салыстырмалы сипатын беру және еліміз үшін бәсекеге қабілетті ұлттық туризм индустриясын құру, қазіргі экономикалық дағдарыстағы туризм индустриясының келбеті мен Астаналық туризм туралы мәліметтер жинақтау.
Міндеттері:
- туризм туралы материалдармен танысу;
- Қазақстанның туристік ресурстарын анықтау;
- бәсекеге қабілетті туристік индустрия құру бағдарламаларымен танысу ;
- еліміздің дамуындағы туризмнің перспективалық бағытын анықтау;
Нәтижесінде: Қазақстанның туризмін дамыту арқылы – ұлттық туристік өнімнің тартымдылығын арттыруға, Қазақстанның әлемдік туристік нарық жүйесіне кіруіне жәрдем етіп, мемлекет экономикасының шикізаттық емес секторы ішіндегі кірісті саласына айналуға мүмкіндігі бар, дамыған бәсекеге қабілетті туристік индустрия құрылатын болады. Бұл ретте республикада Қазақстанның Орталық Азия өңірінің орталығына айналуына нақты жағдайлар мен мүмкіндіктер жасалады. Туристік қызметтерде қазақстандық және шетелдік азаматтардың сұраныстарын қанағаттандыру үшін кең мүмкіндікті қамтамасыз ететін заманауи, тиімділігі жоғары және бәсекеге қабілетті туристік кешен құру, тартымды туристік нысан ретінде Қазақстанның беделін қалыптастыруға, ұлттық туристік жоба әзірлеуге және оның сапасын әлемдік стандарттарға сәйкес қамтамасыз етуге бағытталған сырттан келушілер туризмі және ішкі туризм көлемін арттыру есебінен мемлекет пен халық кірісінің тұрақты өсуін, халықты жұмыспен қамтуды қамтамасыз ету үшін бәсекеге қабілетті туристік индустрия құрылады.
Зерттеу кезеңдері
1 - кезең 2007-2008 жж.
Туризм туралы материалдармен танысу, жинау
2 - кезең 2008-2009 жж.
Туризм индустриясының даму бағыттарын анықтау
3 - кезең 2009-2010 жж.
Туризмнің еліміз экономикасының дамуындағы рөлін анықтап, қазіргі экономикалық дағдарыстағы туризм индустриясының келбетін
зерттеп, ұлттық туризм жобасын ұсыну.
Зерттеудің көкейкестілігі
Өсіп келе жатқан жас ұрпаққа терең біліммен бірге өзінің атақонысының табиғатын, өзен, көлін, тауы мен сахарасын танып білуде туризмнің атқарар рөлі ерекше. Табиғат – ананы жақсы білген баланың бойында еліне, жеріне деген сүйіспеншілік молынан қалыптасып, отаншылдық рухы жоғары болады. Мен осыны басшылыққа ала отырып тағылым алар бастама негізі - ұлттық туризм екенін дәлелдегім келеді.
Қазақстан - Еуразия кіндігінде орналасқан, шығыс пен батыс дәстүрлерін байланыстырушы дәнекер жол. Елдің көне мәдениеті мен көркі әркімді де өзіне тартып тұрады. Бүгінде Қазақстан туризмнің барлық түрі бойынша, нақтырақ айтсақ танымдық, сауықтыру, этникалық, экологиялық, шипа-жай-сауықтыру, жасөспірімдер мен балалар, аңшылық т.б. түрлері бойынша қызмет ете алатын дәрежеде. Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан Қазақстан көне замандардан бүкіл түркі әлеміне танылған тарихи мекен. Сол себептен бірегей табиғаты ғажайып қорықтар, емдік су көздері, археологиялық және тарихи ескерткіштер, қалалар әу бастан саяхат пен туризм көздері саналған. Соңғы кездері әлем бойынша елімізге туристік бағыт алатын туристер саны қарқынды өсіп келеді. Бұл еліміздің жат жұрттарға таныла бастағанының белгісі. Шетелдік сарапшылар Қазақстандағы ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісім туристік саланың дамуына оң әсерін тигізіп отыр деп баға беруде. Статистикалық көрсеткішке көз жіберсек, 2002 жылы, республикада 430 туристік фирмалар әлемнің 80-нен астам елімен серіктестік қызмет істейді, сондай-ақ тілге тиек ететін жайт - Қазақстан бүгінде әлемнің жетекші туристік елдерімен әуе қатынасын орнатты. Алматыдан 25 фирма мен облыс орталықтарынан 5 фирма Ундістан,Түркия, Біріккен Араб Әмірліктері, Пәкістан, Оңтүстік Корея, Грекия мен Польша т.б. елдерге баратын чартерлік рейстерді жүзеге асыруда. Қазақстан – Біріккен Ұлттар Ұйымы жүзеге асыра бастаған Жібек Жолын дамыту жөніндегі бағдарламаға қатысушы мемлекет екені анық. Ғылыми ізденіс жұмысында тек туризм саласын дамытуды ғана емес, сондай-ақ Жібек Жолы бойында көршілес жатқан елдердің қарым-қатынастарын да жетілдірілуін көздедім. Қазақстанға әзірге туризм саласындағы жетекші елдермен бәсекелесу мүмкін болмай отыр. Қазақстан иммиджі елдегі туристік кластер мен инфрақұрылымды дамыту, туристік кадрларды даярлап, серпінді жобаларды іске асыру және еліміздің туристік иммиджін қалыптастыру болашағынан зор үміт күттіретін мақсаттар. Туризмнің дамуына саяси иммидждің де зор ықпалы бар. Қазақстанда туризмнің кез-келген түрінің дамуына толықтай мүмкіндік бар. Шұрайлы жеріміздің төсінде аспанмен түйіскен таулар альпинистік және қысқы туризмнің дамуына себеп болса, тұнық та мөлдір су қоймалары мен өзен-көлдер,теңіз туризмінің дамуына негіз – жазғы туризм десек те, қысқы туризм десек те, әйтеуір қазақ даласы отандық және шетелдік туристердің ерекше ықыласын туғызып, ең бастысы дүниежүзіне ұмытпастай етіп қазақты таныстырамыз ғой.
Әлемдік туризм ұйымының Бас ассамблеясы Колумбияда өткен жиында келесі бас қосу Астанада өтетін болып шешім қабылдады Оны жоғары деңгейде өткізу де - елге сын. Эйфель мұнарасын көру үшін ғана жұрт Парижге ағылса, жылына отыз миллион халық Түркияда демалады екен. Нөпірді елге тарту үшін осындай Ассамблея жиынының қажеттілігі бұрыннан мәлім еді. Нәтижесінде екі жүз мемлекеттің туризм жөніндегі мамандары мен басшылары енді Қазақ елін бетке алады. Қазір Қазақстан беделді ұйымның атқару комитетіне мүше болып қабылданды. Көкшенің табиғатына түйсініп, Алатау аршасына сүйсінетіндер енді көбейе беретін болады, сырттан келу екі есеге ұлғаяды, ал Қазақ елі Орталық Азиядағы іргелі мемлекетке айналып, әлемдік туризмдегі мамандардың назарын өзіне аударады, тұтас экономикалық кеңістік пен Еуразиядағы экономикалық қоғаммен бірлесіп, туризмнің жаңа келбетін қалыптастыруға мүмкіндік туады. Шетелдік сарапшылардың Қазақстандағы ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісім туристік саланың дамуына оң әсерін тигізіп отыр деп баға беруі осының дәлелі іспеттес.
Кіріспе
Қазақстан - Еуразияның кіндігінде орналасқан шығыс пен батыс дәстүрлерін байланыстырушы дәнекер жол. Елдің көне тарихы мен көрікті табиғаты әркімді де өзіне тартып тұрады. Бүгінде Қазақстан туризмнің барлық түрі бойынша, нақтырақ айтсақ, танымдық, сауықтық, этникалық, экологиялық, шипажай-сауықтыру, орнитологиялық, балалар, аңшылық тағы басқа да түрлері бойынша қызмет ете алатындай дәрежеде. Ұлы Жібек жолы бойында орналасқан Қазақстан көне замандардан бүкіл түркі әлеміне танылған тарихи мекен. Сол себептен бірегей табиғаты ғажайып қорықтар, емдік су көздері, археологиялық және тарихи ескерткіштер, ежелгі көне қалалар саяхат пен туризм көздері. Қазақстандағы алғашқы туристік ұйымдар ХХ ғасырдың 20 – 30 жылдары пайда болды. Тарихқа қарап елімізде туризм саласы тамырының тым тереңде жатқанын байқаймыз. Соңғы кездері әлем бойынша елімізге туристік бағыт алатын туристер саны қарқынды өсіп келеді. Бұл еліміздің жат жұрттарға таныла бастағанының белгісі. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың халыққа Жолдауында экономикасы мықты дамыған 50 елдің қатарына қосылу үшін туризмді дамытуды баса айтқаны белгілі. Осыған байланысты туризмнің иммиджін қалыптастыру, білікті туристік мамандарды әзірлеу жас ұрпаққа терең біліммен бірге, өз атақонысының табиғатын, өзен, көлін, тауы мен сахарасын танып білуде туризмнің атқаратын ролі ерекше. [1.,28]
Табиғат – Ананы жақсы білген баланың бойында еліне, жеріне деген сүйіспеншілік молынан қалыптасып, отаншылдық рухы жоғары болады. Біз осыны басшылыққа ала отырып, қазақ жерін мекен етіп отырған жұрттың ұл – қызын аяулы табиғатымен жиі табыстыруды мақсат етіп отырмыз. Олар табиғаттың әсемдігіне көз жеткізе отырып, оны аялауды үйренеді, экологияны бүлдірмеуге тырысады.
Статистикалық көрсеткішке көз жіберсе, Қазастанның табиғи, тарихи, геосаяси орны, туристік нысандарын ұтымды пайдалануға мүмкіншілік береді, сонымен қатар экономиканың басты тармақтарының бірі ретінде дамытуды қажет етеді. 2002 жылы Республикада 430 туристік ұйымдар, фирмалар мен әр түрлі бюролар жұмыс істеді. Оларда 6 мың адам, оның ішінде 1500 кәсіптік экскурсия жүргізушілер (гидтер) қызмет көрсетті. Қазақстанның туристік фирмалары 80-нен астам елмен серіктестік қызмет істейді, сондай-ақ тілге тиек ететін жайт - Қазақстан бүгінде әлемнің жетекші туристік елдерімен әуе қатынасын орнатты. Алматының 25 фирмасы мен 5 облыс орталығы Үндістанға,Түркияға, Біріккен Араб Әмірліктеріне, Пәкістанға, Оңтүстік Кореяға, Грекияға мен Польшаға т.б. елдерге баратын чартерлік әуе рейстерін жолға қойған. Қазақстанда туризмнің барлық түрлері (танымдық, ойын - сауық, этнологиялық, экологиялық, денсаулық сауықтыру, балалар, спорттық, аң аулау, балық аулау, атпен серуендеу), т.б. бойынша жүргізіледі.
Нәтижесінде экономиканың шикізаттық емес секторы ішіндегі біршама кірісті саласына айналуға мүмкіндігі бар, дамыған бәсекеге қабілетті туристік индустрия құрылатын болады, әрі республикада Қазақстанның Орталық Азия өңірінің туризм орталығына айналуына нақты жағдайлары мен мүмкіндіктері жасалады. Бүгінде дүниежүзі бойынша туризмнен түсетін табыс мұнайдан түсетін табыстан кейін екінші орын алады. Қазақстанның табиғи, тарихи, геосаяси орны туристiк нысандарды ұтымды пайдалануға мүмкiншiлiк бередi, сонымен қатар экономиканың басты тармақтарының бiрi ретiнде дамытуды қажет етедi.[6.,21]
Қазақстандық туризмнің даму бағыттары
Шетелдік сарапшылар Қазақстандағы ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісім туристік саланың дамуына оң әсерін тигізіп отыр деп баға беруде. Туризмді дамытудың 2007-2011 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы жасалды. Елбасы бекіткен бұл бағдарламаның негізгі мақсаты - түрлі туристік қызметтерде қазақстандық және шетелдік азаматтардың сұраныстарын қанағаттандыру үшін заманауи тиімділігі жоғары және бәсекеге қабілетті туристік кешен құру, сондай-ақ тартымды туристік нысан ретінде Қазақстанның беделін қалыптастыруға, ұлттық туристік жоба әзірлеуге және оның сапасын әлемдік стандарттарға сәйкес қамтамасыз етуге бағытталған. Айтулы мемлекеттік бағдарлама 2 кезең бойынша іске асырылады.
бірінші кезең 2007-2009 жылдарды
екінші кезең 2010-2011 жылдарды қамтиды.
Қазақстан – Біріккен Ұлттар Ұйымы жүзеге асыра бастаған «Ұлы Жібек Жолын дамыту» жөніндегі бағдарламаға қатысушы мемлекет. Аталған бағдарлама туризм саласын дамытуды көздейді. Ұлы Жібек Жолының бойындағы Оңтүстік Қазақстан облысы Түркістан мен Отырар аудандары туристер қатарын арттыратын болады. Бұған қоса өңірдегі Қожа Ахмет Яссауи кесенесін де қосыңыз. Ал, Қапшағай су қоймысының жағалауына демалыс орнын салу туралы бас жоспардың жобасы 2005 жылы жасалған. Соған сәйкес, Қапшағай қаласының оң жақ беткейіне жалпы аумағы 11000 гектар жерге «Жаңа Іле» атты туристік орталық салынады. Құрылысы биыл басталған орталық 2012 жылға дейін салынып бітуге тиіс.[2.,99]
Туризм дегеніміз – жұмысқа, тұрғылықты мекен жайды ауыстыруға қатысы жоқ, адамның қолы бос уақытында жасайтын сапарлары мен саяхаттары және туристердің қажеттіліктерін өтеуге арналған қызмет көрсету сферасы.
Халықаралық туризмнің функцияларына бірнеше мәселе кіреді, ең алдымен бұл функциялар әлеуметтік сипатымен ерекшеленеді.
Туризм аспектілері
- туризм дегеніміз демаластың бір түрі. Ол адамдардың куш-қуаты мен еңбек ету қабілетінің қайта қалпына келуіне, ендеше үлкен категориялар тұрғысынан қоғамның психофизиологиялық ресурстарының (байлық көздерінің) орнына келуіне көмектеседі;
- туризм адамдардың бос уақыттарын ұтымды пайдалануына себеп болады;
- туризм еңбекпен қамту мен жергілікті тұрғындардың өмір сүру деңгейін көтеру мәселелерінде үлкен роль атқарады;
- туризм адамдар ойлап тапқан іс-қарекеттердің ішіндегі қоршаған ортаға ең бір залалсызы;
- туризм мемлекеттер мен халықтарды жақындастырады;
- туризм аймақаралық әлеуметтік қатынастарды;
- туризм экономикалық қатынастарды байытып жандандырады.
Қазақстандық туризм тарихынан
Ұлы Жібек жолы бойында орналасқандықтан Қазақстан аумағындағы қалалар мен табиғаты ғажайып қорықты жерлер ежелден саяхат және туризм нысандары болып табылған. 1929 ж. Алматы қаласында тұңғыш туристік жорық ұйымдастырылды, оған Г.И. Белоглазов пен Ф.Л.Савин басқарған 17 мектеп мұғалімдері қатысты. Жорық Алматы төңірегінен басталып Есік көлінде (62 км) аяқталды. 1930 ж. Алматы өлкетану мұражайы жанында планетарлық туризм және экскурсия қоғамының өлкелік бөлімшесі жұмыс істей бастады,оның алғашқы төрағасы болып В.Г.Горбунов сайланды. Осы жылы Алматы телеграф пен пошта қызметкерлерінен (16 адам) құралған топ (Ф. Л. Савин басқарған) Медеу- Көкжайлау-Үлкен Алматы көлі жағалауына дейін барды. Туризмнің бұл түріне В.Зимин, А.Бергрин, Д.Литвинов. Х.Рахимов, Г.Белоглазов т.б. көп үлес қосты. 1931 жылы қаңтарда Алматыдан В.Зиминнің бастауымен алғаш рет шаңғышылар жорығы ұйымдастырылды. «Еңбек және қорғаныс» эстафетасын алған бұл жорыққа қатысқан 8 шаңғышыға ұлттық атты әскер полкінің сегіз шабандозы қосылды. Олар Алматыдан шығып, Ұзынағаштан өтіп, Қордай асуы арқалы эстафетаны Қырғыз елі командасына табыс етті. Сол жылы Алматыдағы Жетісу губерниялық мұражайы жанынан Бүкілодақтық планетарлық туризм мен экскурсия ерікті қоғамының 10 мүшесі бар алғашқы ұясы ұйымдастырылды, ол кейіннен Қазақстан өлкелік кеңесіне айналды. Әуесқой туристердің бастауымен Алатау қойнауындағы (Күйгенсай) шатқалында туристер үшін шағын үй салынды. 1936 ж. бұл жерде республикадағы ең алғашқы 50 кісілік «Горельник» турбазасының шаңырағы көтерілді. 1938 жылы Көкжайлау шатқалында (Алматы маңында) алғаш қазақстандық туристер слеті өтті. Оған 200 дей туристер қатысты. 1943 жылдың басынан «Горельник» турбазасында Кеңес армиясының тау атқыштарын даярлайтын Бүкілодақтық нұсқаушылар мектебі орналасты. Ұлы Отан соғысынан кейін «Горельник» тау шаңғышылары мен альпинистері кадрларын даярлайтын базаға айналды. Адамдардың белсенді демалысы мақсатында 1952 ж. Қазастанда туристік экскурсиялық басқарма құрылды.1961 жылы Алматыда Республиканың жас туристер станциясы ашылды. 1960 жылы кәсподақтардың Қазақ республикасы кеңесі жанынан туризм жөніндегі республикалық басқарма ұйымдастарылды, ал 1962 жылы Туристік экскурсиялық басқарма туризм жөніндегі кеңес болып қайта құрылды.1965 жылы Қазақстанда республикалық және 5 облыста (Алматы, Қарағанды, Шығыс Қазақстан, Орал, Шымкент) туристік кеңес және әр облыста экскурсиялық бюро ашылды.1950-60 жылы Алматы жоғары оқу орындарында тау туризмі, альпинизм (тауға шығу), спорттық туризм дами бастады. Мұның нәтижесінде туристік нұсқаушылар тобы қалыптасты. Осы жылдары С.Кудерин, У.Усенов, Н.Дубицкий, В.Г.Хомулло т.б. мамандар оқушылар мен студенттер арасында туризмді дамытуға үлкен үлес қосты. [10.,716.,21]
1958 жылы В.Зиминге тұңғыш рет туризм бойынша КСРО-ның спорт шебері атағы берілді. 1970 жылы Құрылған туризм және саяхатшылықтың республикалық кеңесі туризмнің одан әрі дамуына әсер етті. 1971-1975 жылдары Қазақстанда туризмнің материалдық базасын нығайтып, саяхаттық туристік ұйымдар көбейді, жаңа туристік базалар мен мейманханалар, 26 саяхат- экскурсия бюролары және шет ел туристеріне қызмет көрсететін 3 бюро, Алматы, Орал, Шымкент қаласында туристік автомобил базалары құрылды, туристік базалар мен мейманханалардағы орын саны 7 мыңға жетті. 1988 жылы туризм құрылымында біршама өзгерістер болды. Жаңадан туристік экскурсия қауымдастықтары құрылды. Осы жылдары Қазақстан туризмнің дамуына Н.И.Самойленко, С.Әбденбаев, Т. Жездібаев, А.Чукреев, С.Р. Ердәулетов, т.б. үлкен үлес қосты. Тәуелсіздік алған Қазақстанда 1991 жылдан туризм саласы дамудың жаңа сатысына көшті. 1993ж. Қазақстан Дүниежүзілік туризм ұйымына мүше болды. Осы жылы туризм индустриясын дамытуға арналған ұлттық бағдарлама қабылданды.
1997 жылы Қазақстан Республикасының Ұлы жібек жолының тарихи орталықтарын қайта өрлету, түркі тілдес мемлекеттердің мәдени мұралар сабақтастығын дамыту тұжырымдамасы мен 2030 жылға дейін жалпы туризм дамуының стратегиясы жасалды. 2001 жылы 13 маусымда «Қазақстан Республикасындағы туристік қызмет туралы» заң қабылданды. Онда республикадағы туристік саланы дамытудың бірінші кезектегі шаралары, туристік қызметті лицензиялау, т.б. мәселер қабылданды. Шетелдік сарапшылар Қазақстандағы ішкі саяси тұрақтылық пен қоғамдық келісім туристік саланың дамуына оң әсерін тигізіп отыр деп баға беруде. Статистикалық көрсеткішке көз жіберсе, Қазастанның табиғи, тарихи, геосаяси орны, туристік нысандарын ұтымды пайдалануға мүмкіншілік береді, сонымен қатар экономиканың басты тармақтарының бірі ретінде дамытуды қажет етеді. 2002 жылы Республикада 430 туристік ұйымдар, фирмалар мен әр түрлі бюролар жұмыс істейді. Оларда 6 мың адам, оның ішінде 1500 кәсіптік экскурсия жүргізушілер (гидтер) қызмет көрсетеді. Қазақстанның туристік фирмалары 80-нен астам елмен серіктестік қызмет істейді, сондай-ақ тілге тиек ететін жайт - Қазақстан бүгінде әлемнің жетекші туристік елдерімен әуе қатынасын орнатты. Алматының 25 фирмасы мен 5 облыс орталығы Үндістанға,Түркияға, Біріккен Араб Әмірліктеріне, Пәкістанға, Оңтүстік Кореяға, Грекияға мен Польшаға т.б. елдерге баратын чартерлік әуе рейстерін жолға қойған. Қазақстанда туризмнің барлық түрлері (танымдық, ойын - сауық, этнологиялық, экологиялық , денсаулық сауықтыру, балалар, спорттық, аң аулау , балық аулау, атпен серуендеу), т.б. бойынша жүргізіледі. Бұл үшін Қазақстан аумағы бойынша 700-ден астам саяхаттық маршруттар белгіленген.[7.,41] Оларға Қазақстанда жиынтық сиымдылығы 33 мың орынды 372 әр түрлі категориялы қонақ үйлер қызмет көрсетеді. Мысалы, Алматы қаласында қонақтарға «Алатау», «Қазақстан», «Достық», «Есік», «Отырар», «Астана», «Анкара», «Hyatt Regency Almaty», «Интурист», т.б қонақ үйлер сервистік қызмет көрсетеді. Астанада 30 туристік фирма және 25 қонақ үй орналасқан.Олардың ірілері «Окан Интерконтиненталь Астана», «Комфорт Отель Астана», «Турист», «Есіл», «Жібек жолы», «Алтын дала», т.б. Туризм мамандары туризм және спорт академиясында, Қазақ халықаралық қатынастар және әлем тілдері университетінде, Алматы мемлекеттік университетінде, «Тұран» университетінде, т.б. жоғары оқу орындарында дайындалады.
Негізгі бөлім
Қазақстандағы туристік ресурстар
Қазақстандағы туристік ресурстарға - туристік қызмет көрсету нысандарын қамтитын табиғи-климаттық, тарихи, әлеуметтік - мәдени, сауықтыру нысандары, сондай-ақ туристердің рухани қажеттерін қанағаттандыра алатын, олардың күш-жігерін қалпына келтіріп, сергітуге жәрдемдесетін нысандар жатады. Олар мәдени-танымдық экологиялық, спорттық, әлеуметтік, діни т.б.туризм түрлеріне бөлінеді. Қазақстандағы туристік нысандар - Солтүстік Қазақстан аймағындағы Көкшетау, Бурабай, Баянауыл, Ерейментау, Шығыс Қазақстан аумағындағы Зайсан, Марқакөл, қазастандық Алтай, Оңтүстік Қазақстан жеріндегі Батыс, Солтүстік Тянь-Шань, Алтынемел таулары, Жетісу алабы, Батыс Қазақстандағы Үстірт, Мұғалжар, Каспий ойысы, Жайық өңірі, Орталық Қазақстандағы Қарқаралы, Қызыларай, Бектауата, Ұлытау, т.б. табиғи нысандар жатады. Сонымен бірге Алматы облысындағы ұлтық саябақтар мен қорықтардың туризмді дамытуда маңызы зор. Оларға Іле-Алатауы ұлттық саябағы, Түрген-Шамалған өзендері аралығандағы шатқалдар, Түрген, Есік, Талғар, Алматы, Қаскелең, Шамалған елді мекендері жатады. Алтынемел, Көкшетау, Бурабай ұлттық саябақтарында туризмді дамыту мемлекет тарапынан қолдау тауып, дамып келеді. Қазақстан аумағындағы 9 мемлекеттік қорықтарында ғылыми экологиялық туризмді дамытудың алғы шарттары қалыптасқан. Тарихи-археологиялық ескерткіштердің туристік-экскурсиялық сапарлардағы орны ерекше. Археологиялық ескерткіштердің кез-келген нысандары туристік- экскурсия жұмыстарында маңызды орын алады. Соның ішінде Жетісудағы Сақ қорғандары, Талхиз қалашығы, Оңтүстік Қазақстандағы Отырар, Сайрам, Батыс Қазақстандағы Сарайшық т.б. көне қалалардың орнына туристердің қызығушылығы мол. Археологиялық - тарихи ескерткіштердің қазірге дейін жеткен нысандарының ішінде қорғандар мен мазарлардың маңызы зор. Қола дәуір ескерткіштеріне жартастағы петроглифтерді атауға болады. Оларға әйгілі бірегей ғибадатханалар: Аңырақай тауының Таңбалы сайындағы, Көксу өзеніндегі Ешкіөлмес ғибадатханасы, сондай-ақ Шолақ, Кіндіктас, Баянжүрек тауларындағы тастағы суреттер жатады. Біздің дәуіріміздегі ІІІ-VІ ғасырлардан қалған сақ қорғандары, Бесшатыр қорымындағы жерлеу камерасы және сақ әскері киімін киген «Алтын адам», 2001-2002 жылдары Шығыс Қазастан облысы Қатонқарағай ауданының Берел қорғанында табылған «Сақ патшайымы» археологиялық туристік нысандарға жатады. Ортағасырлық Түркістан, Отырар, Тұрбай, Құлан, Мерке, Талхиз, Жаркент қалалары т.б. елді мекендер қазіргі туритсік нысандар болып табылады. Түркістан – қазақ хандығынаң алғашқы астанасы. Онда Қожа Ахмет Иассауи кесенесі салынған, кесене іші мен айналасына қазақ мемлекетінің негізін қалаған Тәуке, Жәңгір, Есім, Абылай, Қазыбек би жерленген. Қазастанда Отырар, Сарайшық, Сайрам т.б. ортағасырлық көне қалалар туристер үшін тартымды нысандар. [9.,7]
Тәуеп ету (діни) туризм нысандары республика аумағында көптеп кезедеседі. Оларға түркі әлеміндегі қасиетті Түркістан қаласы, Қожа Ахмет Иассауи кесенесі, Арыстан баб мешіті, Гауһар-ана зираты, Әли-қожа бейіті жатады. Адамдар бұл қасиетті жерлерге тәуеп етіп, Аллаға сиыну үшін келеді. Одан басқа Қоғам ауылы маңында (Отырар ауд.) Арыстан баб кесенесі, Ибраһим-ата бейіті, Қарашаш ана кесенесі, Тұраба- а-нда - Ысмайыл-ата мазары орналасқан. Жамбыл облысында - Айша бибі кесенесі мен Қарахан кесенесі, Қызылорда облысында –Артық, Айтман кесенелері, Балхаш қаласы маңында - Тектау ата, Әуез бақсы т.б. киелі орындар бар. Қазақ халқының азаттық күресі жолындағы батырларға, қолбасшыларға деген құрмет белгісі мемориалдар мен ескерткіштерде көрсетілді, бұларға Райымбек пен Қарасай батыр ескерткіштері (Алматы обл.) Қордайдағы (Жамбыл обл.) Өтеген батыр, Ақтөбедегі Есет батыр, Солтүстік Қазақстандағы Ағынтай мен Қарасай ескерткіштері, Астанадағы қаракерей Қабанбай ескерткіштері т.б. жатады. Ордабасы мен Аңырақай сағасының жазығы, Ұлытаудағы үш жүздің басын қосқан жер, тарихи орындар ретінде Жошы және Алаша хан кесенелері, Алматыдағы Тәуелсіздік монументі, Астанадағы үш би ескерткіштері қастерлі орындар санатында туристік нысандарға қосылады. Қазақ тарихындағы құнды мәдени ескерткіштер қатарына: Қозы көрпеш-Баян сұлу, Еңлік-Кебек кесенелері, Ш. Уәлиханов, Қ. Мұнайтпасұлы мемориалдары, Сұлтан Бейбарыс, Құрманғазы және Д. Нұрпейісова, Абай, Абылайхан, Әлия мен Мәншүк, А.Иманов, І. Жансүгірұлы, С. Сейфуллин, М. Әуезов т.б. көптеген естелік орындар жатады. Республиканың әсем де әдемі жерлерінде бірнеше туристік базалар орналасқан. Оларға Іле Алатауындағы «Шымбұлақ» шаңғы базасы, Павлодар облысындағы Жасыбай көлі жағасындағы «Баянауыл», Қарағанды облысындағы таулы-орманды «Қарқаралы», Шығыс Қазақстан облысындағы Бұқтырма бөгені жағасындағы «Алтай мүйісі», Орал қаласындағы Жайық өзені маңындағы «Орал», Қостанай облысындағы орманды тоғайлы Наурызым алқабы, Оңтүстік Қазақстан облысындағы Бадам жазығындағы «Оңтүстік», Көкшетау таулы аймағындағы «Золотой бор» базалары жатады. Қазақстанда белгілі туристік маңызы бар зоологиялық, ботаникалық, қорықтар да жеткілікті, Оларға Алматы қорығы (кешенді), Іле атырауы (зоолог.) Тарбағатай (зоол.) Жалтыркөл (зоолог), Ұлытау (зоолог.), Бетпақдала (зоолог.), Қарақия-Қаракөл (зоолог.), Зеренді (зоолог.) қорықшалары, Шарын каньоны (ландшафты-палеонтол) және Шарын өзеніндегі «Шетен тоғай» (ботан.), Күміс қалқанды орман (ботаник.), Жаманшық тауы (геморфол.), Айғайқұм, Әншіқұм (геоморфол), Жаңғақ тоғайы (ботаник.), Бүркіттау шоқысы және Тұма бастаулар (гидрол), табиғат кешендері. Солтүстік Қақазстан аумағында республикалық маңыздағы бірегей табиғат кешендерінің қатары орналасқан. “Қасірет белдеуі” бекінісінде қызмет атқарған ХІХ-ғасырдың жергілікті әскери шенеуніктерімен де бірнеше рет аталып өткен. Мысалы, полковник Левинцовтың 1881 жылғы 18- шілдемен көрсетілген анықтамасында “местность эта одарена всеми благами природы: огромными, частично строевыми хвойными лесами, обилием речных и озерных вод с рыбной ловлей, пространными лугами с бесконечными пастбищами для скота, представляет собой одно из самых крупных экономических богатств Петропавловского уезда” деп көрсетілген Солтүстік Қазақстан оболысының Айыртау әкімшілік ауданының аумағында “Көкшетау” мемлекеттік ұлттық табиғат саябағының Шалқар және Имантау өңірлік бөлімшелері орналасқан.
Туризм және оның түрлері
Қазақстанның туризм саласы мемлекеттік қолдауға зәру. Оның басқа елдердегідей дамымай жатқан себебі де осы. Туризм дегеніміз - жұмысқа, тұрғылықты мекен жайды ауыстыруға қатысы жоқ, адамның қолы бос уақытында жасайтын сапарлары мен саяхаттары және туристердің қажеттіліктерін өтеуге арналған қызмет көрсету сферасы. Халықаралық туризмнің функцияларына бірнеше мәселе кіреді, ең алдымен бұл функциялар әлеуметтік сипатымен ерекшеленеді.
Қазіргі кезде туризмді әр түрлі жіктеуге болады. Ал біз оны туризмге деген сұранысқа орай жіктейміз.
1. Емдік туризм. Бұл туризмнің өзі атына сай емдік мақсатта ұйымдастырылады. Табиғаттың емдік, шипалы қасиеттерін адам бойына сіңіріп, дертіне дауа табады.
2. Рекреациялық туризм. Адамның басты сұранысын, яғни ағзасының физикалық және рухани күш қуат алуан қамтамасыз ету.
3. Спорттық туризм. Адамдардың спорттық ойындардың түрлерімен шұғылдануына, белсенді спортты, салауатты өмір салтын жүзеге асыруға арналған.
4. Іскерлік жұмыстың барысындағы туризм.
5. Конгрессті туризм.
6. Культтік туризм әр түрлі дін өкілдерінің бас қосуы мақсатында ұйымдастырылады.
7. Танымдық туризм. Ғылымның әр түрлі саласын меңгеруге арналған.
8. Транзиттік туризм. Бір ел территориясынан екінші ел территориясына өту арқылы жүзеге асады.
9. Экологиялық туризм. Бұл туризмнің ең жас, әрі жаңа түрі деп есептеледі.
Қазақстанның шипажайларының емдік қасиеттері
Астаналық туризм келбеті
Үстірт ойлаған адамға Арқаның қатал табиғатында қандай туризм жайлы сөз болмағы таңданыс туғызатыны кәміл. Сонда туризм қандай жолмен өрге баспақ? Қонақтарымыз бен жергілікті тұрғындардың мерейін тасытатын нендей қызықтаулар жүзеге асырылмақшы? Жалпы алғанда, елорданың саяси және экономикалық әлеуеті табиғи байлықтары мен төңірегінде орналасқан аймақтармен бірлесіп, әлемнің үздік курорттарымен бәсекелесе алатын туристік өнімді жасауына мүмкіндік береді. Астананың туристік келбеті – бұл оның қайталанбас сәулеттік кескіні, құрылысы, салынып жатқан және жоспарланған ерекше нысандар деп есептеймін. Олар демалыс және ойын-сауықтар ыңғайында қала өміріне жаңа мүмкіндіктер ашады.[5.,14]
Бұның бәрі біріншіден, ішкі туризмнің дамуына жол ашады, өйткені әрбір Қазақстан азаматы, бір жағынан Астананы көруді өз парызы санап, қаладағы болып жатқан толассыз өзгерістерді өз көзімен көргісі келеді. Екіншіден, Астанада болған уақытында іс-шараларға толы жаңалықтардан ләззат алады. Егер де осы күндері отандық туристер үшін негізгі қызықтайтын нысандар: “Бәйтерек”, “Думан” және “Атамекен” этномемориалдық кешені болса, оларға «Астана циркі», «Астана Мега», «Керуен», «Азия паркі» орталықтары қосылды. Қаланың қатал ауа райы біздің Астанамызды қысқы және жазғы кезеңдерде ерекше кейіпті етеді. Керісінше, бұл “кемшіліктерді” оның артықшылығына айналдыру қызықты болмақ. Қыс айларында Ақбұлақ жылғасынан қалалықтар мен елорда қонақтарының сүйікті демалыс орнына айналған мұз айдыны ұйымдастырылды. Жазда Есіл өзенінде туристік кеме қатынасын ұйымдастыру жөнінде жұмыстар басталмақ. Жұртшылық көп кешікпей кемемен өзенде серуендеуге мүмкіндік алады – туризмнің еліктіретін сан қыры бар ғой. Астана қаласы бойынша сырттан келу туризмі құрылымында іскерлік туризмі үлкен орын алады. Осылайша, біздің елордамызға шетелдік туристерді де тартуға мүмкіндіктер ашылады. Ондай туризм бағыттары арасынан шетелдік туристерді қызықтыра алатын емдік, мемориалдық, аңшылық және экологиялық туризмді атап өтуге болады. Емдік туризм Астана қаласында жаңадан қалыптасып келе жатқан медициналық кластерге тікелей байланысты. Емдеудің жоғарғы сапалығы және салыстырмалы түрдегі төменгі бағасы, жергілікті емдеу мекемелерін біздің бұрынғы отандастарымыздың арасында үлкен сұранысқа ие болуына ықпал етуі мүмкін. Мемориалдық туризм кезінде Қазақстанға жер аударылған және қуғын-сүргінге ұшыраған халықтар ұрпақтарының туысқандарының бейіттеріне тағзым етуге келуіне байланысты. Аңшылық және экологиялық туризм жайына тоқталсақ, Астана оларға халықаралық аумақ рөлін атқара алатын қала төңірегіндегі ерекше табиғи кешендерді тамашалауға бағытталған жұмыстарымен ұнамақ. Бұдан әрі Астанада туризмнің дамуы болашағын біз қала әкімшілігі мен туристік компаниялардың туристік инфрақұрылымды дамыту мәселелеріне күш салуларын үйлестіру тиімділігін арттыру үшін мемлекеттік емес ұйымдарды тартумен байланыстырамыз. Туризмді дамыту жұмысын жүйелендіру үшін 2005 жылдың қараша айында «Туристік саланы дамытудың 2006-2008 жылдарға арналған бағдарламасы» қабылданды.[2.,14]
Оны қаржыландыруға 2006 жылы 45 млн. теңгеден астам қаражат бөлінді, бұл өткен жылмен салыстырғанда 4,5 есеге артық. Бағдарламада көрсетілген шаралар кешенін іске асыру туристер ағынын ел азаматтарының да, шетелден келушілердің де есебінен одан әрі көбейтуге жәрдем ететін болады. Қорыта келгенде бұл Астаналық туризмінің тартымдылығын елеулі арттыруға, жаңа жұмыс орындарын құруға әкеледі. Экономиканың шикізаттық емес секторы ішіндегі біршама кірісті саласына айналуға мүмкіндігі бар, дамыған бәсекеге қабілетті туристік индустрия құрылатын болады,әрі республикада Қазақстанның Орталық Азия өңірінің туризм орталығына айналуына нақты жағдайлары мен мүмкіндіктері жасалады. Бүгінде дүниежүзі бойынша туризмнен түсетін табыс мұнайдан түсетін табыстан кейін екінші орын алады. Қазақстанның табиғи, тарихи, геосаяси орны туристiк нысандарды ұтымды пайдалануға мүмкiншiлiк бередi, сонымен қатар экономиканың басты тармақтарының бiрi ретiнде дамытуды қажет етедi.
«Нұр-Астана» мешіті
Монумент түнде керемет жарқырайды. Айналасына келсек, бір жағында Қорғаныс министрлігі ғимараты, ал екінші жағында – Сыртқы істер министрлігі ғимараты орналасқан. Монументтің осы ғимараттар арасында орналасуы қарулы күштің диалогке ауысуын білдіреді. Осы жерден біз өте қызық соғылған биік темірлі сүмбіден жасалған – Зерттеу орталығын, екінші жағынан, архивы бар ұлттық кітапхананы көруге болады
Бейбітшілік және Келісім Сарайы
Барлығы атайтындай, әлемнің сегізінші таңғажайыбы, биіктігі 62 метр және негізіндегі ені де сондай түзу пирамида пошымында салынған. Ғимарат өзі жасанды 15 метрлік үйінді үстінде орналасқан.
«Қазақстан картасы «Атамекен»
2001 жылы 8 қыркүйекте Президент Нұрсұлтан Назарбаевтің туындамасы бойынша «Қазақстан картасы «Атамекен» ҚККП этно-мемориалды кешені ашылды. Мұнда ауданы 1,7 га жерде елімізді қол алақанындай көруге және оның сәулетті-ландшафті тарихымен танысуға болады.
Кеңесары хан ескерткіші
Жағалаумен серуендеп отырып, біз қоладан жасалған, граниттік тас үстіндегі атты сарбазға тап боламыз. Бұл ескерткіш қазақ мемлекетінің атынан Кеңесары хан ескерткіші болып табылады.
С. Сейфуллин ескерткіші
Астананың тыныш ескі орталығында ескерткіш орналасқан. Костюм киген көрікті зиялы адам орындық ұшында отырған, сыртқы киімі арқасында жайылып тұр... Жазалайтын ХІІК машинасы соқпай тұрып, ол замандастары естерінде қалдырған күйінде болды.
«Отан қорғаушылар» монументі
«Отан қорғаушылар» монументі – еліміздегі ең әдемі қатарына жатады. Төртбұрышты көтерілген гранит құймасында қола қалпы орналасқан. Монументтің орталық тұлғасы - әйел бейнесі. Ол қолына алтын кесе ұстаған – ол әлем мен көркемдеудің бейнесі.
Жасыл-сулы бульвары/Дөңгелек алаң
Мұнда біздің алдымызда көптеген фонтандар, гүлдер саяжолдары және керемет ұлттық мүсіндер көрініс табады. Жасыл-сулы бульварының әрбір фонтаны фонтан соғу жолындағы ең жетістіктермен жасалған жеке архитектуралық бейне мен ерекше техникалық шешімдер көрсетеді.
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті
Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президентінің мемлекеттік және қоғамдық жұмыстарға байланысты архивті құжаттары, ғылыми еңбегі, сыйлықтар жиынтығы, марапаттар және басқа да заттар мұражайда сақталуда.
Күләш Байсейітова атындағы опера және балет театры
Астанаға кірген бойда жолаушы, вокзал маңы алаңы жанынан өте бере, батасын алып, өзінің астанамен қызықты танысуын бастайды. Бірінші болып оны негізгі кіру есігінде мерекелік колоннадасы бар және интерьерлері бай жапсырмалы ордерлік жүйедегі классикалық үлгі негізінде салынған үш қабатты кірпіш ғимарат қарсы алады.
Қ.Қуанышбаев атындағы қазақ драма театры
1991 ж. 15 қазанда ашылған Қалыбек Қуанышбаев атындағы қазақ әуенді-драма театры ұлттық патриотизмді жандандырумен қатар, халқымыздың мәдени мұраның қайта туындауы маңызды болып табылды. Қойылым ішіне Ғ. Мүсірепов, М. Әуезов, Ш. Айтматов, Т. Ақтанов...
М. Горький атындағы орыс драма театры
19 ғасырда алдыңғы кезде бұл ғимарат гимназия үстіне соғылды. Ол кезде екіқабатты ғимарат қызыл кірпіштен өтеқызық және өзгеше сәулет өнерімен өрнектелген. (1958, 1976, 1999 жж.) ол бір емес бірнеше қайта өңдеу мен құрылыстан өтті.
Триумф Астана ғимараты
Сәулетті бейне ғимараты жинақы монументалды және ұлы астаналық керемет сәулетін көрсететін 480 бөлмеден тұратын тұрғын үй комплексінен құралған. Бұл ғимарат жаңа ұмытылмас астана нұсқасы иесі болып табылды. Комплекстің жалпы ауданы – 112000 шаршы м, биіктігі – 142,5 м.
«Астана-Бәйтерек» монументі
«Астана-Бәйтерек» монументі – Астананың нағыз символы, оның танымал карточкасы. Қазақша аудармасы «бәйтерек» дегенді білдіреді. Монумент ұзын темірлі құрылымдардан, ең шыңынды шишадан керемет үлкен шардан тұрады. Құрылым биіктігі 105 метрді құрайды.Салмағы 1000 т асып, 500 қалқаға тіреледі.
«Хан шатыр» - елорда символы
Астана күніне арналған мерекелік шаралардың бірі – көптен күткен жаңалық – «Хан Шатыр» сауда ойын-сауық орталығының ашылуы болатын. Бұл елордадағы ең биік, ал Орталық Азиядағы ең үлкен және әлемдегі шатыр іспетті ең биік ғимарат. Бір сөзбен айтқанда, бұл Астанадағы «ең, ең, ең» деген атқа лайықты елорданың жаңа символына айналуға ұмтылған бірегей нысан. Парижде Эйфель мұнарасы, Лондонда Биг Бен, Мәскеуде Кремль, Астанада «Хан Шатыр» - міне, осының бәрі үйлесіп-ақ тұр. Осынай ғимараттың ашылуы салтанатына елбасы Нұрсұлтан Назарбаев пен онға жуық шет мемлекет басшылары қатысты. Әлем жұлдыздары да мерекелік шараның көрігін қыздырды. Осылайша сәулетті Астана асқақтай түсті.
Қортынды бөлім
Еліміздің дамуындағы туризмнің перспективалық бағыттары
- туристік қызметті мемлекеттік реттеуді дамытудан;
- экологиялық туризмнің даму факторынан;
- балалар мен жасөспірімдер туризмі – ішкі туризмді дамытудан;
- туристік мәдениетті қалаушы факторлардан;
- кадрлар дайындау;
- туризм қызметкерлерінің біліктілігін арттыру жүйесінен;
- туризм саласын ғылыми – әдістемелік қамтамасыз етуден;
- туризмді ақпараттық қамтамасыз етуден;
- туристер қауіпсіздігін қамтамасыз етуден ;
- туризм саласындағы халықаралық ынтымақтастықтан ;
- халықаралық маңызы бар туризм саласындағы белсенді жобаларды іске асырумен анықталады.
Статистика агенттігінің көрсеткіші Қазақстанды тамашалауға келетін туристер санының 5,3 млн–ға жеткенін көрсетіп отыр. Ал саяхатшыларға көрсетілетін туристік қызметтің құны бүгінде 53 млрд. теңгеге жуықтайды. Бүгінде дүниежүзі бойынша туризмнен түсетін табыс мұнайдан түсетін табыстан кейін екінші орын алады. Қазақстанның табиғи, тарихи, геосаяси орны туристік нысандарды ұтымды пайдалануға мүмкіншілік береді, сонымен қатар экономиканың басты тармақтарының бірі ретінде дамытуды қажет етеді.[6.,28]Сөзімнің дәлелді болуы үшін мына статистикалық мәліметтер мен кестесін ұсынғым келеді - Қазақстанға туристер ағынының тұрақты өсімі
- ішкі туризм бойынша - 2007 жылғы 3,4 млн. туристен 2011 жылы 4,5 млн. туристке дейін;
- сырттан келушілер туризмі бойынша - 2007 жылғы 4,5 млн. туристен 2011 жылы 9,5 млн. туристке қамтамасыз етілетіні;
- 2007 – 2011 жылдарды қоса есептегенде сырттан келушілер туризмінен бюджетке түсетін түсім 603250 млн. теңгені құрайды екен. Сырттан келушілер туризмі есебінен, сонымен қатар;
- халықтың жұмыспен қамтылуы 2007 жылғы 447,6 мың адамнан 2011 жылы 550,0 мың адамға дейіе қамтамасыз етілетінін көрсетіп отыр.
- туристік қызмет 2007 жылғы 63 млрд. теңгеден 2008 жылы 73 млрд. теңгеге жеткен. Ал болашақта түсетін табыс көзін сызба бойынша көрсеткім келеді.
№ 1 кесте Туристер ағынының өсімі кестесі
жылдар |
сырттан келушілер туризмі (мың адам) |
сыртқа шығушылар туризмі (мың адам) |
ішкі туризм (мың адам) |
туризм саласындағы жұмысшылар саны (мың адам) |
2007 |
10,7 |
9,1 |
196,8 |
1,7 |
2008 |
23,4 |
13,5 |
316,4 |
2,0 |
2009 |
33,4 |
15,5 |
356,4 |
2,2 |
2010 |
43,4 |
17,7 |
398,4 |
2,5 |
2011 |
51,5 |
19,7 |
400,7 |
2,8 |
Шетелге шыққан қазақстандық туристер картасы
Шетелден Қазақстанға келген туристер картасы
Мемлекеттік туризмді дамыту бағдарламасының іске асырылуы ұлттық туристік өнімнің тартымдылығын арттыруға және Қазақстанның әлемдік туристік нарық жүйесіне кіруіне жәрдем ететін болады. Мемлекет экономикасының шикізаттық емес секторы ішіндегі біршама кірісті саласына айналуға мүмкіндігі бар, дамыған бәсекеге қабілетті туристік индустрия құрылатын болады және Қазақстанның Орталық Азия өңірінің туризм орталығына айналуына нақты жағдайлар мен мүмкіндіктер жасалады.
№ 2 кесте Туристік қызметті пайдаланған қазақстандық туристер саны
р\с |
Қазақстанның экономикалық аудандары |
туристердің саны |
1. |
Солтүстік Қазақстан экономик. ауданы Ақмола Қостанай Павлодар Солтүстік Қазқастан Астана қаласы |
61727 14125 1374 4119 2610 39499 |
2. |
Шығыс Қазақстан экономик. ауданы Шығыс Қазақстан |
17597 17597 |
3. |
Орталық Қазақстан экономик. ауданы Қарағанды |
6147 6147 |
4. |
Оңтүстік Қазақстан экономик. ауданы Алматы Жамбыл Қызылорда Оңтүстік Қазақстан Алматы қаласы |
131411 21300 5630 231 4005 100205 |
5. |
Батыс Қазақстан экономик. ауданы Ақтөбе Атырау Батыс Қазақстан Маңғыстау |
12132 2264 1624 367 7877 |
Пайдаланылған әдебиеттер
1. «Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан». Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы, 2010 жыл.
2. «Туристік саланы дамытудың 2010 - 2015 жылдарға арналған бағдарламасы»
3. «География және табиғат» ғылыми - әдістемелік журналы. №2 ,4, 6 2013 жыл. №1, 3, 5 2010 жыл. №1, 2 2016 жыл.
4. Қазақстандағы туризм жәрмеңкесі. Интернет желісі материалдарынан.
5. Бизнес – мансап. Экономика негіздері, Алматы 2012 жыл.
6. Әлемдік экономика. Алматы 2009 жыл.
7. Дүние жүзіне аймақтық шолу географиясы. Ж. Достай, Ә.С. Бейсенова, К. Каймулдинова. Алматы 2007 жыл.
8. Алиева Ж.Н, «Экологиялық туризм», Алматы, «Атамұра», 2015, 101 б
9. Ердаулетов С.Р., «Туризм географиясы: тарихы, теориясы, әдісі, тәжірибесі», Алматы, «Мектеп», 2000, 50-60 б
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі