№16 колледж МКҚК
Сапа менеджменті жүйесі
Орындаған: А-41 топ студенті Оразбеков Мадияр Арсыланбекуғли
Жетекшісі: Қанжигитова Айнур Мырзағалиқызы
Қазақстан ТМД елдерінің арасында бірінші болып тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуды қамтамасыз ету, қолайсыз сыртқы факторларға тәуелділікті азайту үшін Ұлттық қор құруға кірісті.
Алайда мұны сілкіністер мен дағдарыстар жағдайында ғана сақтандыру әдісі ретінде қабылдамау керек. Оның мәні бұдан тереңірек. Ол болашақ ұрпақтар алдындағы біздің жауапкершілігіміздің көрінісі ретінде пайда болып, артық пайдаларды бір сәттік проблемалардың шешіміне жұмсауға елігуден тыс болуымызға мүмкіндік берді. Қазіргі танда Ұлттық қорда 4,7 млрд. доллар немесе 631,8 млрд. теңге жинақталған, олар республикаға тұрақты табыстар әкелетін жоғары өтімді қаржы құралдарына салынған.
Банк жүйесіне сенімді арттыру үшін шаралар қабылданды. Кеңестен кейінгі кеңістікте алғаш рет жеке тұлғалардың салымдарын кепілдендірудің ұжымдық жүйесі құрылды. Мұның өзі азаматтардың козғалыссыз жатқан қаржыларын нақты секторды қаржыландыруға тарту мүмкіндігін туғызды.
Елорданы Астанаға көшіру елдің дамуына елеулі серпін берді. Мемлекетті бұрынғыдан тиімді басқару және өңірлік дамудың сәйкессіздігін реттеу үшін елдің географиялық байтағында экономикалық-саяси тартылыс орталығын құру қажет болды.
Геосаяси артықшылықтармен қатар елорданы көшіру ел экономикасы үшін орасан зор мультипликативтік тиімділік берді. Құрылыс өркендеуінің ұласпалы әрекеті барлық облыс орталықтарын қамтыды, олар бүгінде өзгеріп сала берді. Мұның өзі мыңдаған жаңа жұмыс орындарының ашылуына, салалас өндірістердің дамуына жеткізді. Қысқа мерзімде қала айтарлықтай өзгеріп, мемлекеттің шынайы саяси орталығына айналды.
Он жылда нарықтық қатынастарға барлық салалар тартылды. Ауыл да бұдан тыс қалған жоқ, бірақ ондағы реформалар кешігіп жүріп жатты.
Барлық мемлекеттік ауылшаруашылық кәсіпорындарын ұжымдык, меншікке берілді, содан кейін жекешелендіру жүргізілді. Қиын, бірақ стратегиялық тұрғыда дұрыс жол таңдап алынды, ол ауылда нарықтық қатынастар жүйесін жасауға бастады.
Рынокқа берік бағдарланған фермерлер табы пайда болды. “Астық үшін айқас” кезеңдері ұмытылды. Соңғы үш жылда жұмыс ырғағындағы Қазақстан дәнді дақылдардың миллиард пұттарын өндіріп отыр. Бұл ретте егін жинау- себу науқандарына кеңестік уақытқа қарағанда жанар- жағар май материалдары 10 есе дерлік аз жұмсалады.
Алайда тұтастай алғанда жер мәселесі шешілмей калып келді.
Аграрлық сектор мен ауыл адамдарының проблемаларын кешенді шешу үшін 2003-2005 жылдар Ауыл жылдары болып жарияланды. 2003-2005 жылдарға арналған Мемлекеттік аграрлық азық- түлік бағдарламасының қабылдануымен аграрлық сектордың тиімді қызмет етуінің негізін қалыптастыратын институттық тетіктерді іске косылды.
Жер кодексі айтарлықтай ауыр қабылданды. Бұл кездейсоқ емес еді. Жер мемлекеттің негізі болып табылады. Бүгінде ауылда қазақстандықтардың 43% тұрады. Олардың әрқайсысының жерге деген өз қатынасы бар. Бұл мәселедегі пікірлердің қарама-қайшылығы да осыдан.
Бірақ та нарық мұндай текетірестерге төзбейді. Аграрлық сектор — бұл химия көсіпорындары, мәшине жасау, мұнай өнеркәсібі өнімдерін және қызмет саласын аса ірі тұтынушы екені көп ретте ұмытыла береді. Бұл салалардың бәрі дерлік тұтастай нарықка киліктірілген. Бірақ та дәл осыны аграрлық сектор туралы айтуға әлі болмайды, өйткені ауылшаруашылық мақсатындағы жерлер нарықтық қатынастарға әлі киліктірілмеген.
Жерге деген ұқыпты қатынас жоқ кезде жеке меншікке деген кұрмет туралы айтылынбайды. Бұл проблеманы жерді жеке меншік иелеріне берген жағдайда ғана шешуге болады. Және де сөз жүзінде емес, іс жүзінде.
Біз жердің тозуы, жер қорының азуы дегеннің не екенін білеміз. Жер табиғи байлықтармен және жылжымайтын мүлікпен қатар экономиканы көтеріп тұрған киттердің бірі болып табылады. Егер олар айналымнан шығарылса, өндірістік шығындар мен бағалардың, активтердің нарықтық құнын негіздей отырып анықтау, тұрлаулы ақша айналымы, шетелдік инвестицияларды кеңінен тарту, ипотекалык кредиттің дамуы мүмкін емес.
Осыны сезініп, түсіну бізге агроөнеркәсіптік кешен үшін, сондай-ақ бүкіл ел үшін аса маңызды Жер кодексін қабылдауға мүмкіндік берді.
Жерге деген жеке меншік және осы негізде еңбеккерлердің жаңа табын тәрбиелеу — аграрлық сектордағы өркенді өсудің негізі.
Енді ауыл шаруашылығына инвестициялар, жаңа технологиялар мен тиімді менеджмент келуі керек. Жердің сезімтал да қамқоршыл қожасы пайда болуы керек. Ал жеке меншік иелері мен инвесторлар ауылды нақтылы өзгерте алады.
Экономикалық, өндірістік қатынастар жүйесін түбегейлі өзгерту жөніндегі реформаның ең маңызды кезеңінің басты міндеттері шешілді. Қазақстандық экономиканы ырықтандыру процесі кері жүрмейді. Ендігі жерде сөз осы жылдары талдап жасалып, байқап көрілген заңнамалық, нормативтік-құқықтық базаны нақты мазмұнмен толықтыру және түзету, оның елеуетін одан әрі дамыту туралы болып отыр.
Нарыққа көшу кезінде мемлекеттің экономикаға араласуы кілт шектелді. Белгілі бір уақыт өткеннен кейін кай жерде дербес еркін өсу жүріп жатқаны, ал қай жерде мемлекеттің елеулі қолдауынсыз, тікелей араласуынсыз болмайтыны айқын көрінді.
Нарықтық экономиканың жетекші бір факторы мемлекеттік емес сектор үлесін серпінді үлғайту болып табылады. Мәселен, статистика мәліметтері бойынша, 2004 жылдың I жартыжылдығына тіркелген 194,8 мың занды тұлғаның 192,7 мындайы жеке меншік секторға келеді. Бұл жалпы санның 98%, өндеу саласында бұл үлес — 98%- ды; ауыл шаруашылығы мен орман шаруашылығында 97,5% құрайды.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Джон Максвелл
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі