Жақында «Рухани жаңғыру» стратегиялық бағдарлама аясында Т.Қ.Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық академиясы «Кескіндеме, мүсін және дизайн» факультеті "Сәндік қолданбалы өнер" кафедрасының профессоры, Қ.Р. Суретшілер одағының мүшесі, «ҚР Мәдениет қайраткері» Әбілқасым Сәрсенбаевтың "Тамыры терең туған жер" атты жеке шығармашылық көрмесі болып өтті.
Көрмеде Сыр елінде туып-өскен ақындар,жазушылар, қоғам қайраткерлері, аты аңызға айналған батыр бабалардың бейнелері және М.Шоқайдың сан сырлы бейнелерінің топтамасы қойылған. Көрмемен жалғасып жатқан Доқтырхан Тұрлыбектің «Ардағы едің түркінің» атты деректі фильмі көрсетілді. Фильмдегі көріністерде Ә.Сәрсенбаевтың М.Шоқай тақырыбына салынған түрлі көріністегі суреттері фильмнің негізгі арқауы болады. Жасалған еңбектері графика, кестіндеме және түрлі техникада шебер орындалған. Бұл көрмеде жылдар бойы ізденіспен атқарылған шығармашылық жұмыстар көпшілік назарына ұсынылды.
Көрменің ашылу салтанатына Алматы қаласы әкімінің көмекшісі Мамай Ахетов, Алматы ақшамы газетінің редакторы Қали Сарсенбаев, «Айқын» газетінің редокторы Нұртөре Жүсіп, «Үркер» журналының редакторы Қуандық Түленбаев, академик Асқар Жумаділлаев сынды зиялы қауым өкілдері қатысып, еліміздің Алаш қайраткері М.Шоқайдың өмірі жайлы өздерінің ыстық лебіздерін жеткізді.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі