Өлең, жыр, ақындар

Қазақтың ырымдары мен тыйымдары

Оңтүстік Қазақстан облысы Шардара ауданы
№16 колледж МКҚК
Орындаған: Қ-46 топ студенті Жеңіс Әбсаттар Байсерикұлы
Жетекшісі: Парманкулов Канат Жаксымбекович

МАЗМҰНЫ

1. Мақсаты
2. Көрнекілігі
3. Сабақтың барысы
3.1 Мұғалім сөзі
4. Қазақтың тыйым сөздері
4.1 Білім алушылардың пікірі, өлеңдері
5. Қорытынды
6. Пайдаланылған әдебиеттер

1. МАҚСАТЫ

Қазақ халқының қанына сіңген ізгі адамгершілік қасиеттерінің халықтың салт-дәстүрлері мен сабақтастығын түсіндіру, кейбір халық әндерін, мақал-мәтелдерін үйрету Имандылық, инабаттылық, ізеттілік қасиеттерін қалыптастыру.

2. КӨРНЕКІЛІГІ
Қазақстан картасы, глобус, суреттер, бейнетаспа. Қазақ үйінің жасауы, мақал-мәтелдер,даналардан шыққан сөз, қолөнер бұымдары, ою-өрнек түрлері.

3 САБАҚТЫҢ БАРЫСЫ.
3.1 Ұйымдастыру кезеңі

Мұғалім сөзі
Қай заман болсын адамзат алдында басты міндет – адал, білімді, еңбек сүйгіш ұрпақ тәрбиелеп өсіру. Бұл міндетті әр халық салт-дәстүріне орай іске асырады. Яғни әр халық ғасырлар бойы сыннан өтіп, сұрыпталған озық салт-дәстүрлерін жас ұрпақты тәрбиелеуде пайдаланып келген.
Бала тәрбиесі тек колледждің қабырғасында  ғана берілмейтіні анық. Ананың бесік жырынан бастап, ананың жер қойнына бергенге дейінгі  өзі көріп-білген салт–дәстүрлер, әдет–ғұрыптар барлығы да адамның дүниетанымын қалыптастыратын өмір сабақтары.
Салт-дәстүр, әдет-ғүрып атадан балаға қарап отыратын мол мұра.
Салт-дәстүрдің пайда болып, қалыптасу тарихына көз жіберсек, олар халықтың әл-ауқат, тұрмыс-тіршілік болмысынан туып қалыптасатынын көреміз.
Қоғамдық салт–қоғамдық болмыстан туындайды деген сөз. Халықтық педагогикасының тұрмыстық ереже болып, халықтың салтына айналған әдет–ғұрыптардың тәрбиелік мәні ерекше. Халық тәрбиені балаға ана құрсағында жатқаннан бастайды. Оған куә іштегі сәбидің уақытында дүниеге келуі үшін үлкен аналар түрлі ырымдар жасайды.
4 Қазақтың тыйым сөздері
1.Тұрмыстық- шаруашылыққа байланысты ырым тыйымдар:
1. Нан үстіне зат қойма.
2. Нанды бір қолыңмен үзбе.
3. Нанды лақтырма.
4. Сүтті төкпе.
5. Сыпырғышты тік қойма.
6. Отқа түкірме.
7. Тұзды баспа.

2. Мәдени-гигиеналық мағынаны қалыптастыратын ырымдар мен тыйымдар:
1. Шелектегі суға аузыңды салма.
2. Саусағыңды аузыңа салма .
3. Бас киіммен ойнама.
4. Таңдайыңды қақпа.
5. Басыңды шайқама.
6. Екі езуіңді керме.
7. Шашыңды аяқ астына тастама.
8. Жағыңды таянба.

3. Экологиялық тәрбие беретін тыйым сөздердің түрлері:
1. Жалғыз ағашты жұлма
2. Көкті жұлма.
3. Малды теппе.
4. Суға дәрет сындырма.
5. Құстың ұясын бұзба
6. Су шашып ойнама.

4.Әдеп мәдениетіне тәрбиелейтін ырымдар мен тыйым сөздер:
1. Үлкеннің алдын кеспе
2. Адамды айналма
3. Кемтар адамға күлме.
4. Адамға қарап түкірме.
5. Жаман бұзақы сөзге ерме.
6. Кісіге қару кеземе.
7. Үлкеннің эжолын кеспе.
8. Жақсыдан тәбәрік ал, жақсылығы тиеді.
9. Анаға зекіме, азабын тартасың.
10. Барды жоқ деме, барың жоқ болады.

5. Ырымдар мен тыйымдардың баланы қауіптен сақтандыратын түрлері:

1. Отпен ойнама.
2. Оттан аттама.
3. Пышақты шалқасынан қойма.
4. Пышақтың жүзін жалама.
5. Аяқ-қолыңды жіппен байлама.
6. Түнде суға барма
7. Жүгіріп үйге кірме.

Мұғалім: Қазақ халқы осындай ырымдар мен тыйым сөздер арқылы ұл-қыздарын оғаш та осал қылықтарын сынап, тыйым, тәртіпке салып, тәрбиелеп отырған. Ырымдар мен тыйым сөздер - халқымыздың айнала қоршаған орта, табиғат, өзара қарым-қатынас туралы өмірдің өзінен түйіндеген пайымдаулары мен қағидалары, философиялық тұжырымдары, әлеуметтік және мәдени тұрмысының  көрсеткіші.

6. Ырымдар мен тыйымдар және экология.

Ежелгі халықтардың туған топырақ, атамекен, табиғат, жан-жануарлар туралы ұғым-түсініктері, таным-талғамдары ырымдар мен тыйым сөздерден ерекше орын алған. Қазіргі мекен тұрағымыз, жеріміз экологиялық апат аймағына айналып, экологиялық сырқатымыз асқынып, дағдарып отырған кезеңде де ата-бабаларымыздың мың жылдық тәжрибесінен үйренеріміз көп. Қазақ халқының ұрпағына экологиялық білім мен тәрбие беретін ырымдары мен тыйым сөздерінің мән-мағынасына ой жүгіртіп көрейік. Олар негізінен жер мен суды, өсімдіктерді, құстар мен жануарларды, аңдар мен жәндіктерді қорғауға, оларға рақымшылық етуге, обал, сауап дегенді сезінуге тәрбиелейді.

7. Халқымыз «Көкті жұлма» деген, «Көкті жұлсаң көктей соларсың» деп жаман ырымға жорып, жұлғызбаған. «Нанды бір қолыңмен үзбе», «Нанның үгіндісін аяққа баспа» деген сөздерде дәмге, оны дастарханға келтіретін еңбекке деген құрмет сезімінің ізі бар. Сондай-ақ ата- бабамыз «Тал кескенше, қолыңды кес», «Қарағай кессең, қаңғырып қал» деп өсіп тұрған ағашқа тигізбейді. От жағуға тек қарағай мен шыршаның кеуіп кеткенін, малдың қиы мен тезегін пайдалануда күнкөріс қамынан да басқа себеп болса керек.

8. Халқымыздың тобылғылы сайға қой түсіртпей, ши атаулыны қорық қылып, күзет қоюының өзі күнкөріс  қамы ғана емес,  табиғатты қорғау, аялау әрекетінен туындаса керек. Қазіргі кездегі орындалып жүрген халық әндерінің бірі «Тобылғы сай» аталуы тегін емес.

9. Қазақ халқының жер,су  туралы ұғым-түсініктеріне назар аударалық «Обал болады» деп егінді, шалғынды жерді бет алды бастырмаған, «Ағын судың арамы жоқ» деп суға дәрет сындырмаған, «Судың да сұрауы бар» деп ағынды суды бұрғызбаған.

10. Құстар мен аңдарға жасаған рақымшылығын мынадай ұғымдардан білеміз: «Құстың қарғысына ұшырайсың» деп құстардың ұясын бұздырмаған, «Бетіңе шұбар түседі» деп жұмыртқасын жарғызбаған.Халқымыз  қыран құсты атқызбаған, «Аққу құс киелі» деп оған құс салуға, оны атуға тиым салған. Сондай-ақ қарлығашты киелі деп ұққан. Егер қарлығаш киіз үйдің шаңырағының шандуында ұя салса, балапандары ұшып кеткенше көшпей отырған.

11. Ата-бабаларымыз малды тепкізбеген. «Қойдың сүті қорғасын, қойды тепкен оңбайды» деген, «Құты қашады» деп малды басқа ұрғызбаған, балағаттамаған.  «Сиыр мен қойдың желіні ісіп кетеді» деп төгілген сүтті аяққа басқызбаған.

12. Біздің халқымыз аңдарға да рақымшыл болған. Аң аулаудың жөні осы екен деп оларды бейберекет өлтіре бермеген. Қажетіне қарай үнемдеп аулап, қалғандарының өніп- өсуіне жағдай жасаған.

4.1 Студенттердің пікірі, өлеңдері
1-студент
Шілдехана – сәби дүниеге келген соң бір жеті бойы  ана мен баланы күтіп, оның көңілін көтеріп, оның қасына дастархан жаю әдеті. Қазақ елінің  әр түпкірінде бұл рәсім әр қалаи өтеді. Сол күні баланы шілде суына шомылдырып сыңғырлаған тыиындар салады, балаға денсаулықпен бірге байлық та тілейді. Шілдехана өткізілетін күні ана әбден сорпаланып өзінің шілде терін шығуы тиіс.

2-студент
Қырқынан шығарыу - бөбек дүниеге келген соң 40-күннен соң оның алғаш рет шашы мен тырнағы алынып, бесіке салу рәсімі орындалады.
40-куннің өзі ананның бои көтеріп, денсаулығы түзелген кезде болады. Жаплы осы уақыт ішінде ананның да, баланың да денсаулығы өте мықты күтімді қажет етеді. Анаға кіндік шеше көмек беруі тиіс. Бұл дастархан басына тек әйел адамдар келіп қатысады.  

3-студент           
Есімін атау (ат қою) – бұл рәсім ұлағатты кісіге жүктеледі. Қазақ атарының көптігі басқа халықтардан ерекшелігі. Қыз балалардың  есмдері   олардың көркемділіктері. Ат қою «көз тимесін», «тіл тимесін», деген  оймен қойылады.  Ат таңдалғаннан  кейін  баланың  құлағына  үш рет  қайтара айтылады.

4-студент
Бесікке салу - бұл кішігірім той ретінде өтеді. Келушілет тарту таралғыларын, шашуларын шашу, жоралғыларын алып келеді, бесікке салу  немесе бөлеу тәжірбиелі әжеге немесе анаға жүктеледі. Бесікті түбегімен, жабдығымен кіндік шеше алып келеді, сумен бала шыланады, ыдцыстары отырғандарада таратылып беріледі. Баланың «ит көлегі» жүгіртіледі, яғыни тәті дәм толтырылған кішкене дорба иттің мойынына  көилегімен байланады да жүгіртіледі, соңынан қуалап жеткен бала дорбаға ие болады. Бесіктің түбегі орналасқан жерден кішкене бұршақ  тәрізді тоқаштар өткізіліп, оны «тыштыма» деп аталады. Осы жерде жиналған аналар бесік жырын айтады.
Бесік жырының сөздері естияр балалардың ой қиялдарына жыр етіп, ананың мейір-шапағатын арыттырады. Ондай отты жырларды  балаларда жаттап алуы керек.

5-студент
Тұсау кесер - бір жасқа толып еркін жүре бастаған бала бөбектің басқан қадамы құтты болып, одан әрі жаны жамандық көрмей жақсы жүріп кетуіне тілек білдіру салтанаты ретіне өтеді. Бөбектің тұсауын ата-анасының қалауы кеседі. Тұсауы кесілген баланы «Ақ жол болсын» деп  ақ орамалдың үстімен немесе жұмсақ болсын деп кілем үстімен жүргізеді.

Тұсау кесер жырлары айтылады.    
Қаз,қаз балам, қаз балам,
Қадамыңды жаз, балам...
Әнекей, ақ бесік.
Әлдиіме бақ бесік.
Шүмегіңді салайын,
Сылдырмағын тағайын.
Жібек көрпе жабайын,
Бауық барқыт пүліштей.
Балдақтарың күмістей,
Жабдығыңмен сыйласын.
Жатса бөпем жайласын,
Көснм сенен өседі
Жайлы болсын төсегі.

6-студентт
Баланы атқа міңгізу салты - Баланың буыны бекіп, 4-6 жасқа келгенде балыны ат үстінде өзін-өзі ұстап отыра алатын жағдайға жеткенде, атқа міңгізу салтын жасап, ат құлағында ойнайтын денсаулығы зор, мықты, шымыр, жауынгер, еңбкеқор, қиындлыққа төзімді ұрпақ тәрбиелеудің  бір түрі.
Балаға ер-тұрман сыйлап (ашамай, жандарма, тоқым, жүген, ноқта) атқа  міңгізіп той жасайды.
Бұл әрект ер баланың ендігі азмат болуға дайындалғандығының белгісі болып саналады.

6. ҚОРЫТЫНДЫ
«Ата көрген оқ жанар, ана көрген тон пішер» дегендей, ата-бабаларымыз ұл-қыздарын жасынан бастап сан алуан іс-әрекетпен, жауапкершілікті талап ететін еңбекпен тәрбиелеген. Ер баланы бес жаынан тай жалын тартып мінуге жарағаннан бастап, оны қолқанат деп есептеген. «Жігітке жеті өнер де аздықө етеді»  деп халқымыз ер баланы төр түлік малды бағып – күтуге, жер қыртысын, өсімдік түрлерін білуге, қараңғы түндерде жұлдызды аспанға қарап бағыт-бағдарды белгілеп, қоныс – суды дәл табуға үйреткен. 

Әкенің баласына ақыл айтып, жауапкершілікке жүктеп, оны бес-жиырма жасында енші беріп, жастарды өз бетімен шаруа құрып, өмір сүруге дайындаған. Аталарымыз ер жігіттен ауылдың, рудың, елдің мүддесін қорғауға әрқашан дайын болуды талап еткен. Ұлдарға көкпар тарту, бәйгеге шабу, аударыспақ, теңге алу, күрес, сайыс ойындарын үйреткен. Ерлерден садақ тарту, найзагерлік өнерді, сойыл соғуды білуді талап етіп, дайындаған.          

Жеті атасын үйрету есіден қалған аталы сөз, бабалрдың өнегесін, ерлігін, азаматтылығын балаларға ұғындыру - әке міндеті болып есептелген.  
«Қыз өссе - елдің көркі» дегендей, қыз баланың сырт бейнесі, кейіне білуі оның ішкі мәдениетімен, тәрбиелік деңгеймен байланысты. Қыз – болашақ ана, ақ босағаның аруы, шаңырақтьың береке құты. Қыз баланы жасынан төзімділікке, әдептілкке, сыпайлыққа тәрбиелеген. Қазақ халқының салт-дәстүрі болашақтың айқын көрінісіне үлесін тигізеді. Сауатты да, салмақты адамгершілік қасиеті мол жас ұрпақ салт-дәстүр, әдет-ғұрыппен өте тығыз байланысты.         

7. ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР   
1. «Мектептегі сыныптан тыс жұмыстар» Республикалық педагогикалық журнал.
2. «Мектеп» Республикалық ғылыми-әдістемелік журнал.


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (2)

Раяна

Өзі су жайлы тыйым сөздер барма өзі ааа???

сауле

кайтып келген кыз 2- шы рет отбасын курганда неге бетын ашпайды?

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз

Басқа да жазбалар