МдОжТ – 31 тобының студенттері Сапарова Адия, Ермекова Айсулу
Жетекшісі: филология ғ.к., доцент Сарыбаева Баян Жумашқызы
Бұл мақалада Б.Майлин, С.Сейфуллин шығармаларының балаларға берер тәрбиелік мәні жайында жазылған. Б.Майлин,С.Сейфуллин шығармаларында балалардың рухани мәдениетін байытып, туған елі мен жерін сүюге, ата-анасын сыйлау, үлкенге құрмет көрсету, имандылыққа тәрбиелеу жайында айтылған. Жасөспірімді дұрыс бағытқа сілтеп, сол үшін ат салысқан. Балалар әдебиеті - жас буынның сана-сезімін оятып, ақыл дамытатын, оларды адамгершілікке тәрбиелейтін өмір оқулығы. Оның мақсаты - мектеп жасына дейінгі үш жасар баладан бастап, он алты жасқа дейінгі оқушыларға көркем әдеби тілде жазылған жоғарғы идеялық қызықты шығармаларды беру. Осының барлығы жас буынды саналы өмір сүруге талпынтады. Оның келешегіне жол ашады, бағыт сілтейді. Өмірге жанасымды, икемді, төзімді күрескер етеді.
В этой статье описывается образовательная сущность детей в произведениях Б.Майлина и С.Сейфуллина. В произведениях Б.Майлина и С.Сейфуллина говорится о том что нужно обогатить духовную культуру детей, научить их любить свою страну и землю, уважать своих родителей, уважать старшего, учить моралью. Детская литература - это учебник на всю жизнь, который раскрывает мышление молодого поколения, развивает ум и воспитывает их в человечестве. Его цель - предоставить высококачественные интересные произведения, написанные на художественном литературном языке для учащихся дошкольного возраста от трех до шестнадцати лет. Все это требует, чтобы молодое поколение сознательно жило. Это открывает путь к будущему, направление, которое оно направляет. Это живой, гибкий, долговечный боец.
This article describes the educational essence of children in the works of B.Maylin and S.Seifullin. In the works of B.Maylin and S.Seifullin it is said that it is necessary to enrich the spiritual culture of children, to teach them to love their country and land, to respect their parents, to respect the elder, to teach morality. Children's literature is a textbook for life that reveals the thinking of the younger generation, develops the mind and educates them in humanity. Its goal is to provide high-quality interesting works written in literary language for preschool children from three to sixteen years old. All this requires that the younger generation consciously live. This opens the way to the future, the direction that it directs. This is a lively, flexible, durable fighter.
Балалар әдебиеті - әдебиетіміздің өскелең бір саласы. Оның өзіндік өсу, өркендеу жолдары бар. Басында жалпы әдебиетпен бірге дамып, толысып келген балалар әдебиеті ХІХ ғасырда өз ерекшеліктерімен дербес күйге жетті. Балалар әдебиеті тәлім-тәрбие, білім беретін өмір оқулығына айналды. Балалар әдебиетінде оптимизм басым. Сары уайым, қайғы шер атымен кездеспейді. Бала біздің болашағымыз, өміріміздің жалғасы болғандықтан, олар егеменді ел құрылысына қажырлы күш жұмсайды. Балалар әдебиетіндегі басты қасиеттердің бірі оларды ер жүрек, өз отанының патриоты болуға жетелейтін, өнеге беретін батыр, адал адамдардың образын жасау.Қазақ балалар әдебиеті – қазақ қоғамымен бірге туып, біте қайнасып келе жатқан рухани іргелі сала. Жас балалар өздерінің алғашқы кішкентай ойындарынан бастап-ақ үлкен кісілердің істеріне еліктейді. Жас баланың ой-арманы асқақ келеді. Олар да ұшқыш болып аспанда шарықтасам, суда жүзсем, түрлі машиналар ойлап шығаратын ірі конструктор болсам, мұғалім, ғалым болсам, космонавтар қатарына қосылып, солардай жер жүзін таң-тамаша етсем деп қиялданады. Қалай да тез өсіп үлкендер қатарына қосылуды, даңқты адамдардың қатарында болуды аңсайды.
20-30-жылдардағы қазақ балалар әдебиетінің даму ерекшеліктері жөнінде. С.Сейфуллин, Б.Майлиннің жаңа заманды суреттейтін, жаңа қоғамды құрушы жастарды, төңкеріс ерлерін бейнелейтін шығармалары бұл күндері 20-30 жылдардағы қазақ кеңес балалар әдебиетінің даму өзгешелігін, саяси-әлеуметтік нысанасы мен идеялық-көркемдік деңгейін танытатын кезеңдік шығармалар болып қалғанымен, ауыз әдебиеті дәстүрі мен үлгісінде жазылған бір бөлегінің бүгінгі балалар әдебиеті талабына жауап беретін сипаттары да бар.
Төңкеріс кезіндегі және кеңес өкіметі енді орнаған тұстағы оқиғаларды «Маузер», «Бандыны қуған Хамит» шығармалары арқылы суреттеді.«Маузер» өлеңі Сәкеннің революциялық көзқарасын танытатын шығарма болғандықтан уақытында өз бағасын алды. Балалар тәрбиесіне де оң әсерін тигізді. Өлеңде Отаны, елі, өз халқының азаттығы үшін қан майданда ауыр жараланған азамат өзінің ақтық сөзін анасына, жас жарына, баласына, майдандас достарына арнайды. Оның Отанға деген сүйіспеншілігі, қайсарлығы, жауға қаталдығы суреттеледі. Жас ұрпақтың алдына үлкен мақсат қояды, оларға сенім мен жауапкершілік арта сөйлейді.Жаңа құрылыстың алғашқы даму кезеңдерін әңгіме ететін «Бандыны қуған Хамит» әңгімесі өкіметке қарсы іріткі салу саясатын жүргізген бандылардың саясатын әшкерелеуге арналған. Композициялық құрылысында ерекшелік бар. Оқиға желісі бірден басталып кетпейді. Автор алдымен айналамен, оқиға болатын жермен, шығармада суреттелетін кісілермен таныстырады. Банды бастығы мен оның ізіне түскен Хамиттің жүріс-тұріс, мінез, сырт тұлға ерекшеліктері салыстырыла суреттелгендей әсер береді. Хамит портретін суреттеу арқылы еңбекте, істе төселген азаматтың кейпі балаларға үлгі боларлық қалыпта суреттеледі. Әңгімеде күз айларының сұлулығына ерекше көңіл бөлінеді. Табиғаттың әсем көріністері әңгіменің арқауы болып отырған оқиғаларға байланысты алынған. Пейзаждық көріністер негізгі кейіпкерлердің мінезі мен типтік бейнесін әр жақты аша түсуге қызмет еткен. Әңгіме композициясының шебер құрылуы осы жағынан көрінеді. Оқиға өзінің шарықтау шегіне жеткенге дейін кейіпкердің сырт тұлға, мінез өзгешеліктерімен де, пейзаждық көрінісімен де оқушысын әр алуан ойға түсіреді, қызықтырып, еліктіреді. Сәкен түрлі бейнелі сөздерді, эпитеттерді, теңеулерді, метафораларды кеңінен пайдаланады. Аталған шығарма осы аталған ерекшеліктерімен де және тарихи жағдайлар, яғни өмірде болған оқиғалар жайында хабардар ету қасиетімен де бүгінгі уақыт кезеңінде құндылығын жоймақ емес. [1]
Сәкеннің балаларға арналған өз кезіндегі өлеңдері баланың көз алдына болашақтың жарқын бейнесін, еркін өмір сәулесін елестті. «Балалар», «Келіншектің бесік жыры», «Ананың хаты», «Анаға жауап», «Пионерлер», «Біз комсомол», «Совпарттағы қарындасыма» өлеңдері осы тұрғыда жазылған. Алға қойған ізгі мақсаттар мен арманға жетуді көздеу керектігін жас жеткіншектердің есіне салып отырды. Жас ұрпаққа өнер-білімнің пайдалы жақтарын айтты. Аталған өлеңдері «болашақ тұтқасы – жас ұрпақ» деген ойды білдірді.
Б.Майлиннің балаларға бағышталған шығармалары баршылық. Сондықтан да оны балалар қаламгері деп таныған да орынды. «Өтірікке бәйге», «Кемпірдің ертегісі» секілді поэмаларын айтпағанда, Б.Майлиннің 1915 жылы жазған «Жазғы қалып», «Жазғы кеш», «Бұлтты күн» секілді өлеңдерінің өзі балаларға лайық. Рас, бұл кездерде Бейімбет саналы түрде балаларға арнап жазған жоқ. Алайда ақын жүректің тілегі мен балалар мұқтажы сәйкес келіп, өз-өзінен балалар өлеңдері туған еді. Бірақ 1921 жылдан кейін Бейімбет асыл мұрат, азаматтық кәмелеттік танытып, балаларға арнайы өлең жаза бастапты. Мұның бірі көрінісі – «Жаз келді» атты өлең. «Күн жылынып, қар да еріпдірілдеп, Сай-сайлардан сулар ағып, күрілдеп...».
Осылайша балаларға тікелей өлең арнай бастаған Бейімбет 1922 жылы «Өтірікке бәйге» атты ертегі-дастанын жазды. Бұл енді қазақ балалар әдебиетінің асыл қорына қосылатын шығарма. Дастанды ұстап тұрған арқау – асып-тасқан ханның ерігіп, өтірікке бәйге жариялауы. Сонымен хан «Уәзірлерін жиып алып, жұртқа бұйрық таратқан...». Мұны естіп білген жұрт қарап қала ма, істеп жатқан кәсіптерін жиып қойып, хан ауылына жиналады. Алтын алмақ, оп-оңай байып қалмақ. Содан олар хан алдында өтірік айтып жарысады. Таласқа түседі. Бірінен бірі асады. Бірақ хан «Бәрі рас, нанамын» деп, таудай талаптарын тұжыра береді. Сөйтіп барша өтірікшінің беті қайтып қалады. Сонда халық жеңіліп. Хан жеңіп кетпек пе? Жоқ. Үсті дал-дұл бір таз бала ханның алдына келеді. «Өтірігі өте жойқын, жас бала да нанғысыз. Алтын қимай «Рас» - дейді, Ұяты жоқ хан арсыз». Содан бала тағы бір өтірігін – соңғы өтірігін айтады(55б.). Ерні жалақ, жалаң аяқ, Қисық таяқ қолында. Ақсай басып, асып-сасып, Бұқаның жүр соңында... Тақсыр ханым! Білесіз бе, Сол жаман шал кім еді? «Жоқ, білмеймін, ал айта ғой!» Басқа ешнәрсе демеді». Таз бала «Бұл шал сіздің әкеңіз еді, рас па осыным?» - дейді. Хан шошынып, жеркенгендіктен еріксіз «өтірік» деп салады. Сөйтіп бала ханды жеңіп, бәйгені алады. [2]
Бейімбеттің балаларға арналған екінші бір дастаны «Кемпірдің ертегісі» аталғанмен, ертегі емес. 1916 жылдың азаттық оқиғасынан бір көріністі алға тартады. Бірақ бұл оқиғаны тартымды жеткізу үшін Бейімбет бала Асылбекке әжесінің аузынан ертегі етіп айтқызады. Бала кейіпкер Асылбектің сөздері дастанға енгізер есік, кіріспе тәрізді. Содан әжесі Асылбекке әкесі, өзінің ұлы Қайранбайдың июнь жарлығына байланысты ел наразылығы қау еткен көтеріліс кезінде халықтың жауы, өзін он жыл қанаған болыстың басын алған батырлығын ертегі етіп шертеді. Шынында да Қайранбайлардың ерлігі ертегідей емес пе. Бейімбеттің поэзиядан басқа жанрларда тікелей балаларға, балдырғандарға арналған шығармалары көп емес. Бірақ, қаламгердің осы азғана асыл мұрасының өзінде кейінгі қазақ жазушыларынан үлкен үлгі, тартылған жол бар еді. Алыптар тобының атсалысуымен қаз тұрып, бой тіктеп алған қазақ кеңес әдебиеті содан кейін-ақ кең өріске шыққан болатын».-[3].
Сонымен, көркем сөздің шебері Б.Майлин балалар әдебиетіне мол үлес қосты. Жазушының «Байшұбар» (1923), «Тәй, тәй, қақ, қаз» (1923), «Әлди – ана жыры» (1923), «Қағынғыр – ананың ашуы» (1926), «Қос жетім» (1933), «Кемпірдің ертегісі» (1927), «Өтірікке бәйге» (1922) деген өлеңдері мен әңгімелері балалар әдебиетінен елеулі орын алады. Бейімбет ең алдымен балаларға 1916 жылғы ұлт бостандық қозғалысы жөнінде әңгіме айтуды өзіне міндет етіп қояды. Поэма балалардың ерлік істерге деген құлшынысын оятады, отанға деген сүйіспеншілігін арттырып, патриоттық рухын шыңдай түседі. Балалар үшін саяси тақырыпта жазылған шығармалардың тәрбиелік күші осында.Бейімбеттің «Тәй, тәй, қаз, қаз» (1923), «Әлди – ана жыры» (1923) деген өлеңдерінде ана қамқорлығы мен бала тәрбиесі арасындағы типтік жайттар суреттеледі. Балалардың ой-қиялын шарықтатып, эстетикалық сезімдерін ұштай түсетін шығармалардың бірі – ауыз әдебиеті үлгілері болса, Б.Майлин де сол бай үлгі дәстүрін батыл жалғастырады. Тәй, тәй, тәй!.. Қаз, қаз, қаз!..Қарағым, апыл-тапыл басқанға мәз,Қосылып балалармен ойнауына,Жарқырап көкорайлы келді ғой жаз.дейді және келесі шумағында оның болашағынан үлкен үміт күтеді. Ана тілегі баланы алға қарай талпынтады. Өлеңі арқылы жөргектегі балаға жылы сөздің мейлінше қажет екендігін құптайды, балаларға арналған халық өлеңіндегі ойды дәлелдей түседі.
«Байшұбар» (1923), «Өтірікке бәйге» (1922) шығармаларында адамның ақыл-парасаты, тапқырлығы, ерлік мәселелері әңгіме болады. Байшұбар» өлеңінде ат екен деп жолбарыс үстіне мінген ұры өзінің амал-айласымен жолбарыстан да, маймылдан да оп-оңай құтылып кетеді. Балалар ықыласын өзіне баурап алатын өлең сюжетіндегі осындай драмалық тартыстар жасөспірімдерді үлкен ойға қалдырады, өздерінің көзқарасын, пікірін білдіруге және белгілі бір қорытындыға келуге үйретеді. Оқиға желісі шапшаң өріс алады. Тыңдаушысын бірден еліктіріп әкетеді. Өлең мазмұны әрі күлкілі. Екі қарақшы бірінен-бірі шошынады. Құдай-ау, атсыз жаяу өтсем дағы, Өмірге қайыр сұрап кетсем дағы, Не қылажолбарысқа кездестірдің, Мал бер деп аз-кем тілек етсем дағы.деп зар илейді ұры. Адал еңбекпен күн көрмеудің арты неге соқтырғанын түсінеді. Жолбарыс та ұрыдан қалай құтыларын білмей арпалысады. Мал үшін керуенге бардым қайдан, Шықпастан жатсам еді терең сайдан. Түспейді туласам да, талды белім,Тілеп пе ем бұл пәлені мен құдайдан? деп жолбарыс жанұшырады. Жазушы осы оқиғаға шешім шығаруды балалардың үлесіне қалдырады. [4]
Бұл мақалада Б.Майлин мен С.Сейфулиннің қазақ балалар әдебиетіне қосқан үлесінің бүгінгі таңда балаларды тәрбиелеудегі өмірщеңдігін қарастырдық. Қазақ балаларына арнап қазақ әдебиетінің негізін салушы классик жазушыларымыз С.Сейфуллин, Б.Майлин шығармалар жазды,қазақ балаларының алғашқы кезінен бүгінге дейінгі ұрпағына талмай қызмет етті. Бүгінгі қазақ балалар әдебиеті осы бір құнарлы топыраққа дән тастап, содан нәр алып өсті. С.Сейфуллин, Б.Майлин шығармаларының балаларға берер тәрбиелік мәні зор.Олардың шығармаларының қай-қайсысы да жеткіншектерге түсінікті, жасөспірім қауымға өмір шындығын танытады, оларға өмір сабағын, тіршілік тәлімін дарытады, оларды көркем сөз сұлулығымен сусындатады.Балалардың тілін ұстартып, дүниетанымын кеңейтумен қатар оларды жалпы адамгершілік рухта тәрбиелеуде шығармаларының ерекше маңызы бар.
Пайдаланылған әдебиеттер:
1. Ахметов Ш. Қазақ совет балалар әдебиеті. –Алматы: Мектеп, 1985.
2. Ахметов Ш. Қазақ совет балалар әдебиеті тарихының очерктері. –А: 1992
3. Байменшин С. Майлының Бейімбеті. Алматы. Білім. 1994
4. Сарбалаев Б. Бейімбет Майлин. А.Мектеп. 1988ж.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі