Қуғын-сүргін құрбандарын еске алды

Басты бет / Мұғалімдерге пайдалы ақпараттар / Қуғын-сүргін құрбандарын еске алды

Қуғын-сүргін құрбандарын еске алды — Мұғалімдерге пайдалы ақпараттар бөліміндегі материал.

Материал — Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу, Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА, іс-шара — осы тақырыптарға байланысты.

 Өткен ғасырда орын алған зұлмат заманда қазақтың бас көтерер зиялы қауымының көпшілігі қуғын-сүргін құрбанына айналды. Қазақ халқының басынан өтпеген зұлмат кемде-кем. Жуырда өнер академиясында саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алып, жазықсыз жапа шеккен қоғам қайраткері Т.Қ.Жүргеновтің ескерткіші алдында гүл шоғын қою (митинг) рәсімі өтті.

Шараға қуғынға ұшыраған азаматтардың ұрпақтары, ардагерлер, еңбек ұжымдары мен қоғамдық және саяси бірлестіктердің өкілдері қатысып, қуғын-сүргін құрбандарын бір минут үнсіздікпен еске алды. Ескерткіш алдында Бірқатар зиялы қауым өкілдері, «Темірбек Қараұлы Жүргенов» қоғамдық қорының өкілдері, академия  ұстаздар қауымы мен студенттері жазықсыз жапа шеккендердің рухына тағзым етті. 

Елбасы өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты мақаласында «Туған жер» бағдарламасын қолға алу туралы сөз қозғаған болатын. Онда «Әрбір өлкенің халқына суықта пана, ыстықта сая болған, есімдері ел есінде сақталған біртуар перзенттері бар. Осының бәрін жас ұрпақ біліп өсуге тиіс» деп, атап көрсетті. Елбасының бұл сөзі бір ғана жылдың еншісіндегі мәселе емес. Бұл үнемі атқарыла беретін ізгі борышымыз. Осы шара аясында мәдениет пен әдебиет саласының өркендеуіне өлшеусіз үлес қосқан көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері Темірбек Қараұлы Жүргеновтың туғанына 120 жыл толуына байланысты ақындар арасында республика көлемінде жазба ақындар мүшәйрасын және прозаиктер арасында әдеби байқау Мемлекеттік тілдің қолданылу аясын кеңейту, тіл мәдениетін көтеру, көркем әдебиетті насихаттау, мақсатында өткізілді. 

Темірбек Жүргеновтың саяси көзқарастарын, оқу-ағарту және мәдениет саласындағы жұмыстарын, әдеби, публицистикалық мұрасын әдеби туынды мен өлең арқылы ұрпаққа насихаттау болды. Киелі поэзия және проза әлемінде өзіндік үн, өзіндік сыр, өзіндік бояу, ажары бар, сезім мен сырға толы өлеңдерімен оқырман қауымын елең еткізіп, жырмен тербеп жүрген һәм есімі республикаға танымал дарынды ақын жазушыларымыз  Темірбек Жүргеновтің жазбаларында кездесетін рухани ұлттық мұрамыз бен елдік-ерлік құндылықтарын бір сәт ұлықтады. Оның репрессия құрбаны болғанын өлеңге қосу арқылы, қазақ халқының басына нәубет боп төнген жылдарды ұрпақ санасына жаңғыртты.

«Темірбек Қараұлы Жүргенов» қоғамдық қоры, Темірбек Жүргенов атындағы Қазақ ұлттық өнер академиясымен бірлесе отырып ұйымдастырылған Республикалық прозаиктер әдеби байқауының Бас жүлдесін Кемелбаева Айгүл Жолдасбайқызы «Темірше» әңгімесімен иеленді.



WhatsApp Telegram

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз

Жиі қойылатын сұрақтар

Қуғын-сүргін құрбандарын еске алды деген не?

Бұл бетте Қуғын-сүргін құрбандарын еске алды тақырыбы бойынша негізгі материал берілген.

Бұл мақала қай бөлімге жатады?

Бұл материал Мұғалімдерге пайдалы ақпараттар бөліміне жатады.

Осы тақырыпқа ұқсас материалдарды қайдан табуға болады?

Ұқсас материалдарды осы беттегі тегтер, бөлім сілтемелері және төмендегі қатысты материалдар арқылы көруге болады.

Осы тақырыпқа қатысты басқа материалдар

Қуғын-сүргін құрбандарын еске алды материалы Мұғалімдерге пайдалы ақпараттар бөліміне жатады. Осы тақырыпқа жақын жазбаларды бөлім, тег және автор сілтемелері арқылы табуға болады.

Мұғалімдерге пайдалы ақпараттар бөліміндегі басқа материалдар Саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу тақырыбындағы материалдар Т.Жүргенов атындағы ҚазҰӨА тақырыбындағы материалдар іс-шара тақырыбындағы материалдар AraiZh жариялаған басқа материалдар