Өлең, жыр, ақындар

"Абай жолы" эпопеясындағы Құнанбай бейнесі

„Абай жолы” эпопеясы — Мұхтар Омарханұлын проза шыңына шығарған туынды. Ол шығармасы арқылы жазушы әлемнің үздіктерінің қатарынан көрінді. Мұхтарды әлемге танытқан „Абай жолы” болса, ақын Абайдың әдеби тұлғасын ел есінде қалдырған жазушы Мұхтар еді. Эпопеядағы өзгеше бейне — Құнанбай. Бұл туындыны жазуда Әуезов Құнанбай бейнесін мінсіз кейіпкер ретінде көрсетті. Алдымен, Құнанбай кім? Құнанбай қандай әке? Қандай адам?

Құнанбай — бүкіл Тобықты руындағы сөз ұстар тұлға. Ол — шешен. Ол сөйлегенде , болыс, қарапайым халық ұйып тыңдап, Құнанбайдың шешендігіне тамсанған. Құнанбайдың шешендігін ұлы Абайға айтқан үш мінінен, қажылыққа аттанарда айтқан қоштасу сөзінен байқауға болады. 

Саясат — адам баласын қатыгездікке тәрбиелейтін фактор. Саясат — Құнанбай. Құнанбай — саясат. Бұл екеуі — егіз ұғым. Сол өлкенің саясат әлемін Құнанбайсыз елестету қиын. Құнанбайдың ұлы саясаткер екені Алшынбайдың қызы Ділданы Абайға бас пайдасы үшін алып бергенінен, Қодардың артында қалған жерді өзінің жайылымы қылып жібергенінен танылды. 

Құнанбай — дін жолындағы адам. Ол өмірінің соңғы жылдарында қасиетті мекен Меккеге барып, күнәлі істерінен рухани тазарып келді. Ол өзі тұрған мекенде мешіт салдырды. Бес уақыт намазын қаза қылмайтын Құнанбай балаларынан да намаз оқуды талап етті. Құранда көрсетілген бес парызды түгел орындап, өмірден таза болып кетті. 

Эпопеяда мен таныған Құнанбайдың бейнелері — осы. Құнанбайға шешендік қабілеті — елге сыйлы болуына, саясаткерлігі — әрбір істі өз пайдасына шешуіне, діни көзғарасты болғандығы — қазақ жеріне танымал болуына ықпалын тигізді. Менің айтқандарым — Құнанбайдың жағымды бейнесі. Құнанбай — ұлы Абайдың Ұлы болуына себепкер сыншы әке. Құнанбайды білмей — Абайды, Абайды білмей, Мұхтар Әуезовті білу мүмкін емес. Бұл — бір-бірінен ажырамайтын ұлы тұлғалар үштігі.

Ақмарал Берекетова


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (1)

Жазира

керемет... сөз көп аитуга

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз