Мақала білім беруде қандай айырмашылықтардың барын түсінуге көмектеседі.
Еуропа елдері оқытудың жаңа бағдарламаларын, сонымен қатар сыныптар мен аудиториялардың ішін заманауи құрылғылармен, жаңа технологиялармен жарақтандыруды қарқынды түрде қаржыландырып отырады. Бұл өз кезегінде оқушының мектепте өзін жайлы сезінуіне көмектеседі. Яғни білімнің де сапасы жоғарлайды. Мысалы, Финляндияда барлық оқу құралдары және кеңсе құрал-жабдықтары тегін беріледі. Біздің мектептерде бұндай көмек қарастырылмағандықтан, ата-ананың оқуға керекті құрал-жабдықтарын өзі сатып алуына немесе ақша жинап алғызуына тура келеді.
Еуропалық метептердің бастауыш сыныптарында оқитын бүлдіршіндер ойын барысында бағдарлауды, дүкенде жасаған сауданың, одан қалған ақшаның есебін дұрыс жүргізуді, жұмысқа қабылданар кездегі әңгімелесуді сәтті өткізуді үйренеді. Бұл әдістер олардың ұжымға бейімделуіне, білімге деген қызығушылықтарын дамытуға көмектеседі. Бала сабақта міндетті түрде тақтаға шықпай, партада немесе еденде отырып-ақ жауап бере алады. Сонымен қатар тәртібі сәл қатал мектептер де кездеседі. Дегенмен онда да негізгі пәндер ойын түрінде өтеді. Ал оқу бағдарламаларында міндетті түрде қол өнер, музыка, сурет өнері, би үйірмесі сияқты түрлі бағыттар қамтылады.
Қазіргі отандық білім бағдарламалары мүлде басқа әдісті қолданады. Бірінші сыныпқа баратын оқушы алдын-ала кем дегенде бір әліпбиді жаттап, санауды білуі тиіс. Сөмкедегі оқулықтардың салмағы оқушының салмағымен пара-пар. Ал кейбір оқушыға қойылатын талаптар оқушының мектепке баруға зауқын кетіріп қана қоймай, тіпті оқуға деген ниетінен айнытары анық.
Көптеген еуропалық елдерде өскелең ұрпаққа кәсіптік білім беруге айтарлықтай көңіл бөлінеді. Мектеп бағдарламасында оқушылары түрлі мамандықтармен танысып, практикалық сабақтар өтізіледі. Осы арқылы баланың болашақ мамандығын таңдауына көмектеседі.
Білім беру жүйесінде елеулі орынды жекелеген пәндерді тереңдетіп оқытатын сыныптар мен мектептер алады. Әсіресе физика, математика және шет тілдерін тереңетіп оқыту кеңінен таралған. Мысалы, Германияда ұстаздар пратикалық сабақ барысында оқушының қабілетін ескере отырып, болашақта мамандықты таңдауына жәрдемдеседі.
Зерттеулерге сүйенсек, ең үздік деп Финляндияның білім беру жүйесі танылды. Оқуға деген сүйіспеншілігі үшін Фин мектептерінің түлектері бірінші орынды иеленеді, сонымен қатар математика мен жаратылыстану саласында көш бастап тұр.
Ұстаздардың жұмысын ерекше атап өткіміз келеді. Шет елде ұстаз мамандығы сыйлы, әрі еңбегі жоғары бағаланады. Мысалы, финдік ұстаздар айына 3-4 мың доллар жалақы алады.
Білім берудің еуропалық жүйесінде оқушыға тіл тигізуден, абыройына нұқсан келтіруінен қорғау шаралары қарастырылған. Мектептерде арнайы дайындалған әлеуметтік қызметкерлер мен психологтар жұмыс істейді, әрі ұстаздар өздеріне оқушыға дөрекі қарым-қатынас жасауға жол бермейді.
Отандық мектептерде ұстаздардың жалақысы өте төмен, ал ұстаз деген құрметті атты бәрі де ұмыт қалдырған, өкінішке қарай, тіпті кейбір мұғалімдердің өздері де оны ұмытқан.
Көңілге кірбің түсіретін сәттер көп-ақ, алайда мойымаймыз, барлық кемшіліктердің артында орындалмай жатқан мүмкіндіктер, мінсіздікке деген ұмтылыс пен бәрін өзгертуге деген талпыныстың жатқандығы анық.
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
гулфа
жаман таппадым ештене
Зәуре
Өте пайдалы ақпарат