Өлең, жыр, ақындар

Ұшақта сағыз шайнаңыз

Әуе сапарларының тіршілігімізге қосатын болымды әсерлерімен қатар кейде болымсыз әсерлері де кездесіп жатады. Солардың бірі құлақ мазасыздығы. Әсіресе ұшақтың қонуы кезінде құлақ ішіндегі қысым өзгерісіне байланысты пайда болатын мазасыздықтар балалардың үштен екісінде, ал ересектердің жартысында кездеседі екен. Құлақ бітелуі, жеңіл ауырсыну, құлақ іші толып қалғандай сезім, құлақ шыңылдауы және бас айналуы секілді жағдайлар орын алуы мүмкін. Мұндай келеңсіздікті болдырмаудың жолы – евстахий түтігі (орта құлақты мұрын-тамақ жолымен ұштастыратын түтік) арқылы орта құлақтағы қысымды ретке келтіру және тыныс алу жолдарының әсерін көбейту.

Осы жағадайға байланысты кеңестер:

- Тыныс жолдары инфекциялары кезінде әуе сапарларын мүмкін болса, кейінге қалдырған жөн.

- Сағыз шайнау арқылы евстахий түтігін ашық қалуын қамтамасыз етуге болады.

- Мұрын ашық болғаны жөн. Бітелген жағдайда дәрігер кеңес берген мұрын спрейін қолдануға болады.

- Ұшақ қонатын кезде ұйқтамауға мән беріңіз.

- Ата-аналар құлағында қысымды сезіне бастағанда, балаларына су беріп, ал сәбилерін емізіп көмектесе алады.

- Ұшақ қонатын кезде құлаққап (наушник), құлақ тығынын қолданбаңыз.

- Есінеу арқылы құлақ ішіндегі қысымды ретке келтіруге тырысыңыз. 


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз