Өлең, жыр, ақындар

Қаназдық

Дерттің қозу себебі

Қаназдықпен ауырған адамның қаны сұйылып кетеді. Үлкен жарақаттар алғанда, аузы ашылып кеткен асқазан жарасы, іш сүзегі негізіндегі қанның тоқтамауы адамды қаназдық ауруына шалдықтыруы мүмкін. Қанның қызыл түйіршіктерін жойып жіберетін безгек ауруы да бұл дерттің қоздырушысы болып табылады. Күнделікті тағамда темір құрамдас заттардың болмауы да осы ауруды қоздырып, ушықтыра түседі. Әйелдерде қаназдық дертін қоздыруға етеккір келген немесе тамақтанбай босанып әлсіреген кезде тоқтамай аққан қанның да тигізер зиянды салдары бар. Қаназдықтың ауыр түрімен әсіресе құрсағындағы баласына керекті қосымша қан мөлшерін қамтамасыз етуге тиісті жүкті әйелдер ауруы мүмкін. Балаларда қаназдық олардың ішетін тамағында темір құрамдас заттардың жетіспеушілігінен де және оларды алты  айлығынан кейін қосымша тамақтандырмағандықтан да болады. Көбіне жас балаларда қаназдық олардың нематодты (паразит құрттар) жұқтыруы, созылмалы іш өту және іш сүзегімен ауруынан туындайды.

Сырқаттың белгілері

— Тері бозарып, қуарып өңі қашады;

— Қабақ үсті терісінің өңі кетіп, бозарады;

— Тіс қызыл еті қаны қашып ағарады;

— Тырнақ ағарып кетеді;

— Әлсіздену, тез шаршау пайда болады;

Қаназдықтың ауыр түрінде де, аяқ ісініп, жүрек соғысы жиілейді, демігу пайда болуы мүмкін.

— Топырақ, бор жеуге әуес балалар қаназдық зардабын шегеді.

Дертті емдеу және одан сақтану шаралары

— Құрамы темірге бай тағамдармен тамақтаныңыз. Ет, балық және балапан тауық еті құрамында темір мөлшері көп. Көк бұршақ, асбұршақ, жасымық, қанық жасыл жапырақты көкөністерде де темір бар.

— Қаназдықтың қалыпты және ауыр түрімен ауырғанда темір қоспалы дәрі-дәрмек қабылдау қажет (темір сульфаты түймедақтары). Бұны әсіресе қаназдықтан зардап шегетін жүкті әйелдер ішу керек. Сырқаттың барлық түрінде де темір сульфаты түймедақтары бауыр экстракты мен В12 витаминіне қарағанда анағұрлым пайдалырақ. Темір қоспасы темірді әдетте ектіру арқылы емес, түймедақ түрінде қабылдайды, өйткені ине салғызу қанша дегенмен қауіпті және әсер ету күші жағынан да ішетін дәріден артықшылығы жоқ.

— Егер қаназдық іш сүзегі — іштен қан өту салдарынан нематода жұққаннан безгек зардабынан пайда болса, онда адамды қаназдықпен ауруға себеп болған осы аурулардан емдеу керек.

— Қаназдық ауыр түрге ауысып, ем қонбаған жағдайда уақыт оздырмай дәрігерге көрінген жөн. Бұл кеңес әсіресе анағұрлым жүкті әйелдерге қатысты.

А. С. Жақсымбетова


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз