Сананың уақытша жоғалуын «естен тану» немесе «талу» деп атайды. Талу миға келетін оттегінің күрт азаюынан. Оған себептер — отырған не тұрған жердің қапырығы, артериялық қысымның төмендеуі т.б. Дені сау адамдарда уайымдау, толқу, қорқу, бастарын соғып алу, жарақаттап алу, сондай-ақ мойынның қысылуы салдарынан пайда болады.
Қысқа мерзімдік талу жүйке және жүрек-қантамыр ауруларына шалдығудың да белгілері болуы мүмкін. Жас әйелдерде қысқа мерзімдік естен тану көбіне етеккір кезінде, бас сақинасы кезінде байқалады. Ал егде адамдарда аяқ астынан болатын естен тану мойын остеохондрозынан болатын атеросклероз кезінде мидың қанмен жабдықталуының бұзылу белгісі болуы мүмкін. Кейде ол қояншық ауруының да белгісі деп есептеледі. Адам есінен танар алдында оның басы айналады, құлақ іші қатты шулайды, бірден жалпы әлсіздік пайда болады, көз алды бұлдырайды, суық тер шығады, бозарады.
Егер есіңізден тана бастасаңыз, тізеңізді бүгіп отырыңыз да, тізеңізді ішіңізге қарай тартыңыз немесе еңкейіп, басыңызды екі тізеңізге жеткізе салбыратыңыз да, терең тыныс алыңыз. Бұл намаз оқыған кездегі қимылға ұқсас. Осылай бірнеше минуттай отырыңыз. Сонда миға қан көбірек ағып келеді.
Мидың қанмен жабдықталуын жақсарту үшін мұрынның түбінен бастап ерінге дейінгі аралықтың үштен бірін тырнағыңызбен басыңыз. Өз-өзіңізге келген кезде қою кофе ішіп, аз ғана уақыт жата тұрыңыз.
Егер қасыңызда біреу бөлменің қапырығынан құлап қалатындай болса, дереу терезенің желдеткішін ашыңыз, түймесін ағытыңыз, беліндегі белбеуін шешіңіз. Басын биіктеу қылып шалқасынан жатқызыңыз, үстін қымтаңыз. Бетіне су шашыңыз, мүсәтір спиртін, сіркесу немесе иіссу иіскетіңіз. Жоғарыда айтылған нүктені қысыңыз.
Естен тану әдетте бірнеше минуттан кейін кетеді. Сонда да әлсіздік, бастың ауыруы шамалы уақыт сақталады. Егер науқас шұғыл жәрдем бергенмен, есі әлі де шала-пұла болса, тезірек медициналық жедел жәрдемді шақырыңыз. Ол келген науқасты төсекке жатқызып, жылытқыш басыңыз, валидол түймедағын беріңіз және суға 20-40 тамшы корвалол немесе валокордин тамызып, ішкізіңіз. Бұл гипотоникалық криз де болуы мүмкін.
Ж. Итеғұлов, дәрігер
Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
- Асқар Сүлейменов
Барлық авторлар
Ілмек бойынша іздеу
Мақал-мәтелдер
Қазақша есімдердің тізімі