Өлең, жыр, ақындар

Қайырымдылық — адам жанының нұры

1 тамыз – 30 қыркүйек аралығын қамтитын республикалық «Мектепке жол» акциясы көпшілік қауымның балаларға деген мейірім-шапағатымен дәстүрге айналып, жарасымды жалғасын тауып келе жатқанына да біраз жылдар болды. Жыл сайын министрлік «Мектепке жол» акциясын әлеуметтік аз қамтылған отбасыларға қайырымды көмек ретінде өткізеді. Бұл акция ата-аналар және әртүрлі салада қызмет атқаратын белсенді, белді жомарт адамдар тарапынан қолдау тауып, бүгінгі күні бірнеше балаға жылулық пен мейірім сыйлап отыр. Күнкөрісі төмен отбасыларда тәрбиеленіп жатқан балаларды қолдауға бағытталған акцияның көздегені — әлеуметтік жағдайлар салдарынан 1 қыркүйекте мектепке баруға мүмкіндігі жоқ балаларға жәрдем беріп, мектепке тарту. Биылғы акция «Менің таңдауым — балаларға көмек беру»  ұранымен өткізіліп жатыр.  

Әлеуметтік жағдайы төмен отбасыларға баланы мектепке дайындау оңай шаруа емес. Осы қайырымдылық көрсету айлығының көптеген отбасыларға септігі тиіп, жақсылық жасап, алғысқа бөленіп жатқаны қуантарлық жағдай. Атаулы акциядан мектебіміздің ұстаздары да шет қалмады.

Біздің 173 мектеп-лицей оқушылары да осындай қайырымдылық айында назардан тыс қалмады. Қол ұшын созып, көмек көрсеткен қайырымды жандар жанымыздан табылып жатты. Амирешова Бағила Солтанаевна, Омарова Аяулым Сериккажиевна сынды азаматшалар  бірнеше балаға мектеп формасы мен оқуға керекті құрал–жабдықтарын сыйға тартты.

Сонымен қатар ойын–сауық орталықтарының директорлары балаларға арналған әртүрлі қойылымдарға тегін билет беріп отырды. Осындай жақсы адамдардың игілікті істерінің арқасында балаларымыз алаңсыз білім алуға асығуда. Жүздерін қуаныш кернеген балалардың алғысы шексіз және өте риза. Мемлекет тарапынан ұйымдастырылып отырған осындай шараларға көпшіліктің атынан тек қана алғысысымызды білдіреміз. «Бір күнде, бір жақсылық» демекші айналамыздағы балаларға жақсылық жасауға асығайық.!

«№173 мектеп-лицей» КММ    
Әлеуметтік педагог: Әліпбаева Данагүл Сәулебекқызы


Әлеуметтік желілерде бөлісіңіз:

Пікірлер (0)

Пікір қалдырыңыз


Қарап көріңіз